Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
15.8K subscribers
845 photos
63 videos
16 files
153 links
Download Telegram
Йоу, саған осындай қазақша жарайды. Көрсең көр - көрмесең қой, нақ.
32🤯26💔4🤪4😢3😁2
ДанУды.

Эх.... Қазақша білетін адамды жұмысқа алуға ақшасын қимайтындардың тірлігі осындай болады.
45😢31😁12🤯8
Маркетиңде әріп қатенің құны тым қымбат 🤣
🙈31😁143
БокОВАЯ болғанымен, “бүйірлік” емес ол.

Бүйірдегі
72👍25
Дүниенің бәрі арқылы болып кеткені сондай, біз қазір бірдеңені оқып түсінбейміз, оқу арқылы түсінетін болғанбыз…
😢4717🤷‍♀5👍2😁2🤯2
Ертең "Тәуелсіздік күнімен" деген хабарламалар қаптайды да, Назгүл ес кірмейтін ескі әніне қайта басады.
Бір-ақ нәрсе айта салайыншы.
Біреуге "мерекеңмен!" дегенде, ол жақтан келетін жауап та сондай - орысша мәнерде - "сені де мерекеңмен!" не "сізді де мерекеңізбен!" / "Сіздерді де мерекелеріңізбен!" (И вас с праздником!) болады.
Баяғыда бір сыпайы жігіт "сіздің де шешеңізді" депті деген әңгіме бар еді, сол сияқты ғой.
"Сізді де тәуелсіздік күнімен" дегенді естімейін десеңіз, адамша, қазақша "Тәуелсіздік күні құтты болсын!" деңіз, сонда қазақша "Бірге болсын!", "Айтсын!" деген жауап естисіз.
106👍32🫡83😁2
Десем, ешкім сенбейді. Ал мен...

"Ораманы майонезбен жағыңыз" дегенді көрген соң айтам ғой...
45😁28🙈14😱2
ағылшын тіліндегі кітаптарды іздеп жүрсіз бе?

ағылшынша кітап іздеп жүрсіз бе?
176👍13🆒84👏2
Ағаш атпен жүгірем деп жүріп

Ағаш атқа шабам деп жүріп

Қазақ тілінде етістіктердің көөөөөөөбі көмектес септік жалғаулы есім сөзді меңгермейді ше.
🔥27👍168😱2
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Nursultan Marat)
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ тілінің басты жетістіктері

1. Мемлекеттік тіл мәртебесі нақты бекітілді

1991 жылдан кейін қазақ тілі мемлекеттік басқаруда, білім беруде, құжат айналымында қарқынды түрде қолданыла бастады. Бұрын формальды болған талаптар нақты механизмдерге ие болды.

2. Қазақша дубляж жаңа деңгейге шықты

"Болашақ" қоры 2011-2021 жылдары аралығында 38 фильмнің қазақша дубляжына қаржы бөлген. 2024 жылдан бері Дисней студиясы өз фильмдерінің қазақша дубляжын өзі қаржыландырып келеді.

3. Қазақша Уикипедия пайда болды

Қазақ Уикипедиясы 2002 жылы пайда болды. 2011 жылы WikiBilim қоғамдық қорының бастамасымен қазақша мазмұн көлемі күрт ұлғайып, мақала саны 200 мыңнан асты. Қазір мақала саны 241 мыңға жуық. Мақала саны бойынша қазақ Уикипедиясы 49-орында тұр (357 тілдің ішінде).

ЖАЛҒАСЫ
58🔥10👍9👌2
Forwarded from Qazaq Grammar | Қазақ тілі (Maqsache Arzaman)
КАСПИДІҢ АУДАРМАСЫ НЕГЕ ҚАТЕ?

Kaspi bank қолданбасы аудармасының мәселесі аударманың өзінен емес, алғашқы үйрену тілінен туындайды. Kaspi app'ты игергенде алғаш қолданған тіліңіз орыс тілі (мектеп, ауылда қай тілде оқығаныңыз бұнда маңызды емес). Сіздің миыңыз үшін Kaspi’дің норма тілі орыс тілі боп бекітіліп қалады.

Сосын қазақшаға ауысайын десеңіз, үйреніп қалған орысша нормаңыз қорғаныс реакциясын білдіре бастайды. Ол реакцияның салдары - қазақша аударма қате сияқты көріне бастайды.

Басқаша айтсақ: бірдеңе үйрену барысында әуелі дағды қалыптасады (мұнда көз дағдысы), содан кейін ғана мағыналар байланысы бекітіледі.
Яғни Kaspi аудармасында туындаған қиындық - қазақ тілінің я аударманың емес, нейрондық дағдының мәселесі.

❗️Оны қалай өзгертесіз? Kaspi’дегі қазақ тіліне миыңызды қайта дағдыландыруыңыз қажет. Әдетте нейрондық дағдыны қалыптастыруға 2-3 апта жеткілікті. Кейбіреуі 21 күн дейді.

Бірақ қазақтың көбі соған да шыдай алмай жүр.
👍7331🔥7🤷‍♂3🫡2
менің сіз үшін бірнәрсе ойнағанымды қалайсыз ба

Хотите, чтобы я сыграл что-нибудь для вас?

Сізге бірдеңе тартып берейін бе?
69🔥23😁13🤪5💘2
тыныштықта тамақтанайық

поедим в тишине

тыныш отырып тамақ ішейік
157👍24👏7🆒2
арқамен бұрылу

повернуться спиной

екі контексте айтылады, тиісінше қазақшада да екі түрлі нұсқасы бар

"ты повернулся ко мне спиной в трудную минуту" дегендей болса - "сырт айналдың", "теріс қарадың", "ту сыртыңды бердің"

"повернуться спиной к человеку с оружием" дегендей болса - "арқаңды тосу"
15413🔥8🤝5👍4
мынаны армандаймыз, ананы емес

ананы емес, мынаны …

Енді қызық айтайын. Армандау - салт етістік.
👍4621🤯7👏1
дүниежүзілік / әлемдік тарих

дүниежүзі тарихы
1👍6021🔥13
бір жаққа сапар

бір жаққа барған / баратын / барып-келген / барып-келетін сапар
509🤷‍♀1
біреуМЕН, бірдеңеМЕН тамсану

біреуге, бірдеңеге тамсану
5610🔥6👏4
Есімің қалай?
Как тебя звать?

Болды. Мен бәрін көрдім.
30😁22😢9💔7🤯6🥰2