UKIMET
15.7K subscribers
8.24K photos
1.42K videos
6.9K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
ҚР Премьер-Министрі: «Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауында үлкен саяси өзгерістер туралы жариялады. Себебі елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін болмайтын еді. Азаматтық қоғамды дамыту…
Үкімет басшысы:

«Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын бекіте отырып Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары іске асырылуда.
Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно- және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға жеткізетін боламыз.

Аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылды.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында өлім жазасы біржола жойылды».



Глава Правительства:

«Реализуется План территориального развития РК до 2025 года с закреплением принципа «люди к инфраструктуре». Согласно данному принципу, мы доводим уровень инфраструктуры в селах, моно- и малых городах до базовых стандартов.

Осуществлен переход к смешанной избирательной системе.

В области защиты прав человека в Казахстане окончательно отменена смертная казнь».
 

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет басшысы: «Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын бекіте отырып Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары іске асырылуда. Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно- және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға…
ҚР Премьер-Министрі:

«Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді.

Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде.

Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді.

Мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқартылды.

Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ҚР Премьер-Министрі: «Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін…
Премьер-Министр РК:

«Образованы области Абай, Ұлытау и Жетісу, что даёт серьезный импульс развитию не только этих новых регионов, но и страны в целом.

В целях развития агломераций в т.г. принят Закон, направленный на расширение соответствующих полномочий местных органов власти.

Ведется работа по новой административной реформе путем децентрализации полномочий между уровнями госуправления.

Порядка 500 функций Правительства переданы в центральные госорганы и расширены полномочия местных исполнительных органов.

При этом оптимизирована численность госслужащих на 15%.

Данная работа является очередным шагом в формировании эффективной системы госуправления, которая позволит повысить ответственность министров и акимов за развитие отраслей».
UKIMET
Премьер-Министр РК: «Образованы области Абай, Ұлытау и Жетісу, что даёт серьезный импульс развитию не только этих новых регионов, но и страны в целом. В целях развития агломераций в т.г. принят Закон, направленный на расширение соответствующих полномочий…
Әлихан Смайылов:

«Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды.

Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді.
Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді.

Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.
Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады.

1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді.

Осылайша, мемлекет осы санаттағы балалардың мектепке дейінгі білім беру шығыстарын өз мойнына алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты.
2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді.

Бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасы бойынша шығыстар 3 трлн. теңгеден асады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілді.
Осыған байланысты зейнетақыға арналған шығыстар 800 млрд. теңгеден астам қосымша соманы құрайды.

Ағымдағы жылы азаматтарға өз зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілді.
Салымшылар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-ін өздері таңдаған жеке басқарушы компанияларға бере алады.

Бұдан басқа, 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдаланды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді.
500 мыңнан астам қазақстандыққа проактивті әлеуметтік қолдау көрсетілді».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Әлихан Смайылов: «Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды. Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. Балалары бар отбасыларды…
Алихан Смаилов:

«В рамках реализации посланий Главы государства Правительством были приняты системные меры в социальной сфере.

Принят Социальный кодекс, который предусматривает социальную поддержку граждан с рождения до достижения пожилого возраста.

Для поддержки семей, имеющих детей, увеличен период ухода до 1,5 лет, повышены пособия многодетным матерям. Сегодня эту помощь получают более 750 тыс. матерей.

С 1 сентября бесплатным питанием будут обеспечены дети с 1 по 4 классы общеобразовательных школ.
Также в текущем году решен вопрос с бесплатным питанием в садиках для 97 тыс. детей из социально уязвимых семей.
Таким образом, расходы на дошкольное образование данной категории детей государство взяло на себя.

По поручению Главы государства лицам с инвалидностью и потерявшим кормильца повышены социальные пособия на 23%.

Произведено дифференцированное повышение пенсий более 2 млн пенсионеров.

Сегодня расходы государства на пенсионную программу составляет более 3 трлн тенге.

По поручению Главы государства пенсионный возраст женщин зафиксирован на уровне 61 года до 2028 года. Связанные с этим дополнительные расходы на пенсионное обеспечение составят более 800 млрд тенге.

В текущем году гражданам дано право управлять своими пенсионными накоплениями. Вкладчики могут передавать в частные управляющие компании, выбранные ими самостоятельно, 50% от суммы своих пенсионных накоплений.

Кроме того, более 1 млн человек воспользовались своим правом на использование пенсионных накоплений на улучшение жилищных условий и лечение.

С начала текущего года Правительством внедрена Цифровая карта семьи. Более 500 тыс. казахстанцев получили проактивную социальную поддержку».
 
UKIMET
Алихан Смаилов: «В рамках реализации посланий Главы государства Правительством были приняты системные меры в социальной сфере. Принят Социальный кодекс, который предусматривает социальную поддержку граждан с рождения до достижения пожилого возраста. Для…
Үкімет басшысы:

«Өңірлермен бірлесіп, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары іске асырылуда.

Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың жартысы жастар.

Президенттің жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелері туралы тапсырмалары ерекше орын алады.

Жастардың жас шамасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 5,7 млн адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады.

Биыл олардың 9 мыңға жуығы, соның ішінде әлеуметтік осал топтардағы жастар, 2,5%-пен жеңілдетілген кредиттер, өтеусіз гранттар алып, өз істерін ашты.

1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды. Сондықтан біз жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25%-ке, дәрігерлердің жалақысын 30%-ке, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 20%-ке арттырып келеміз.

Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі бойынша жұмыс берушілер 1 млн астам жұмысшылардың жалақысын 10%-тен 50%-ке дейін арттырды».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет басшысы: «Өңірлермен бірлесіп, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары іске асырылуда. Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың…
Глава Правительства:

«Совместно с регионами в рамках Программы повышения доходов населения реализуется Комплексный план трудоустройства.

В настоящее время трудоустроено на новые, вакантные и субсидируемые государством рабочие места более 600 тыс. человек, из них половина – молодежь.
Поручение Президента по вопросам занятости молодежи и социально уязвимых слоев населения занимает особое место.

Возраст молодежи увеличен с 29 до 35 лет, что открывает доступ к мерам господдержки для 5,7 млн человек.

В течение этого года порядка 9 тыс. из них, включая социально уязвимых, получили льготные кредиты под 2,5%, безвозмездные гранты и смогли открыть свое дело.

Поставлена задача о повышении заработной платы в 2 раза 1,2 млн гражданских служащих. Поэтому мы ежегодно повышаем заработную плату учителям на 25%, врачам – на 30%, среднему медперсоналу и другим категориям работников – на 20%.

Проведена работа с порядка 2 тысячами предприятий, по итогам которой работодатели повысили зарплату более 1 миллиону работников от 10 до 50%».
UKIMET
Глава Правительства: «Совместно с регионами в рамках Программы повышения доходов населения реализуется Комплексный план трудоустройства. В настоящее время трудоустроено на новые, вакантные и субсидируемые государством рабочие места более 600 тыс. человек…
Үкімет басшысы:

«Орта білім беруді қаржыландыру тек соңғы 5 жылдың өзінде 2 еседен астам немесе 2 трлн-нан 4,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 369 мектеп салынады.

Бұдан басқа, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылды. Осы қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде мемлекетке қайтарылған қаражат жинақталады. Бүгінгі күні Қорға 120 млрд. теңге түсті. Оның
97 млрд теңгесі 62 мектеп
салуға жұмсалды.

Жоғары білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын отандық университеттерде білім беру гранттарының санын арттырудамыз. Ағымдағы жылы бөлінген 88 мың гранттың 73 мыңы (бакалавриат) биылғы мектеп түлектеріне берілді.

Ертеңнен бастап 380 мыңнан астам студенттің стипендиясы өседі.
Тек соңғы 3 жылда 1 студентке жұмсалатын шығыстар орта есеппен 420 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін өсті.

Студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. 2020 жылдан бастап жыл сайын жатақханаларда
10 мың орын пайдалануға беріледі.

Жатақханалар құрылысын мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы шеңберінде қазірдің өзінде 99 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 32-сі ашылады деп жоспарлануда.

Бұл ретте 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарынан шыққан, басқа қаладан келген студенттерге жатақханада тұру шығындары өтелетін болады.

Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 20%-ке артады».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет басшысы: «Орта білім беруді қаржыландыру тек соңғы 5 жылдың өзінде 2 еседен астам немесе 2 трлн-нан 4,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 369 мектеп салынады. Бұдан басқа,…
Премьер-Министр РК:

«Объемы финансирования среднего образования только за последние пять лет увеличены более чем в 2 раза или с 2 до 4,5 трлн тенге.

Начата реализация Национального проекта «Комфортная школа», в рамках которого будет построено 369 школ.
 
Кроме того, создан Фонд поддержки инфраструктуры образования, где аккумулируются средства, возращенные государству в рамках антикоррупционных мероприятий. На сегодня в Фонд поступило 120 млрд тенге, из них 97 млрд тенге направлены на строительство 62 школ.
 
Ежегодно увеличивается количество образовательных грантов в отечественных университетах. В текущем году из 88 тыс. выделенных грантов 73 тыс. были присуждены выпускникам школ этого года.
Более 380 тыс. студентов с завтрашнего дня увеличиваются стипендии. Только за последние 3 года расходы на одного обучающегося выросли в среднем с 420 тыс. почти до 1 млн тенге.

Важным вопросом также является обеспечение студентов общежитиями. С 2020 года ежегодно вводится по 10 тыс. мест для студентов.
В рамках программы государственного субсидирования строительства общежитий уже введено 99 объектов, в текущем году запланировано открытие еще 32.

При этом с 1 сентября иногородним студентам из отдельных категорий социально уязвимых слоев населения будут возмещаться затраты на проживание.

Также с нового учебного года на 20% увеличивается заработная плата профессорско-преподавательского состава высших учебных заведений».
UKIMET
Премьер-Министр РК: «Объемы финансирования среднего образования только за последние пять лет увеличены более чем в 2 раза или с 2 до 4,5 трлн тенге. Начата реализация Национального проекта «Комфортная школа», в рамках которого будет построено 369 школ.  …
Үкімет басшысы:

«Ғылымды басқару моделі
қайта ретке келтіріле басталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен Ұлттық ғылым академиясы құрылды.

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылады.

2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде биылғы жылы 149 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп.  

Өткен жылы 1 700 жетекші ғалымның жалақысы 70%-ке өсті.

Жыл сайын жас ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант беріле бастады.

Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей мемлекеттік қаржыландыруға ауыстырылды».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет басшысы: «Ғылымды басқару моделі қайта ретке келтіріле басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен Ұлттық ғылым академиясы құрылды. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін…
Глава Правительства:

«Начата перезагрузка модели управления наукой.

Созданы Национальный Совет по науке и технологиям и Национальная Академия наук при Президенте Республике Казахстан.

Особое внимание уделяется коммерциализации результатов научных исследований казахстанских ученых.

В течение 2023-2025 годов объемы финансирования науки составят 643 млрд тенге. Из них 149 млрд тенге выделены уже в этом году или в 3,5 раза больше уровня прошлого года.  
В прошлом году оплата труда 1700 ведущих ученых повышена на 70%.

Ежегодно молодым ученым стали предоставлять 500 грантов для стажировки в ведущих научных центрах мира.

Кроме того, 11 НИИ, занимающихся фундаментальными исследованиями, переведены на прямое государственное финансирование».
UKIMET
Глава Правительства: «Начата перезагрузка модели управления наукой. Созданы Национальный Совет по науке и технологиям и Национальная Академия наук при Президенте Республике Казахстан. Особое внимание уделяется коммерциализации результатов научных исследований…
Әлихан Смайылов:

«Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері ерекше бақылауда.

Неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған.  

Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді.
 
Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді.

Биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды.
Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады. Бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жоспарланған 8 облыстық көпсалалы және университеттік клиниканың 2-уінің құрылысы басталды.

BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін берді.

Мысалы, «Pfizer» және «Roshe» компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды.

Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар.

Ағымдағы жылы сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Әлихан Смайылов: «Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері ерекше бақылауда. Неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы…
Алихан Смаилов:

«На особом контроле вопросы качества и доступности медпомощи.

Разрешен вопрос обеспечения реабилитационной помощью детей с неврологическими заболеваниями. На сегодня такие виды услуг оказывают 55 медорганизаций, из них 27 введены в последние 2 года.  

В целях обеспечения отрасли квалифицированными кадрами на 70% увеличен госзаказ на подготовку в резидентуре. Только в текущем году он увеличен на 1000 грантов.

На повышение заработной платы медработников из республиканского бюджета за последние 3 года выделено 805 млрд тенге.

В этом году начата реализация Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения». В рамках него будут построены 655 объектов первичного звена здравоохранения и модернизированы 32 межрайонные больницы. Это позволит охватить более 4 млн сельских жителей специализированной медпомощью.

Начато строительство 2 из 8 планируемых областных многопрофильных и университетских клиник с использованием механизма ГЧП.

Мощным стимулом для развития отечественного производства лекарств стало укрепление сотрудничества с крупной мировой фарминдустрией из ТОП-50 BIGPHARMA.

Так, с компаниями «Pfizer» и «Roсhe» подписаны соглашения по локализации производства препаратов в Казахстане.

В рамках господдержки в настоящее время действует 98 долгосрочных договоров с 36 отечественными товаропроизводителями на поставку лекарственных средств и медицинских изделий.

В текущем году из закупленных 1,6 тыс. торговых наименований препаратов 947 позиций или 61% произведены отечественными фармкомпаниями».
UKIMET
Алихан Смаилов: «На особом контроле вопросы качества и доступности медпомощи. Разрешен вопрос обеспечения реабилитационной помощью детей с неврологическими заболеваниями. На сегодня такие виды услуг оказывают 55 медорганизаций, из них 27 введены в последние…
Үкімет басшысы:

«Бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда.

2020 жылдан бастап елімізде шағын және микробизнеске тексеру жүргізуге жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды.

Орта бизнестің үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 31,7%-тен 36,5%-ке дейін өсті.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тек соңғы 1 жылда 27%-ке өсіп, 1,8 млн-нан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір жылда 18%-ке артып, 4,1 млн адамға жетті.

Оң нәтижелер кәсіпкерлік қоғамдастық пен билік органдарының өзара іс-қимылының тиімділігімен байланысты.

«Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті еңгізілуде. 44 салада 128 мың талапқа талдау жүргізілді. Оның ішінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Қазірдің өзінде оның 9 мыңы алынып тасталды.

Сондай-ақ бизнесті тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осындай автоматтандырылған тәсіл тексерулерді адамның қатысуынсыз тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексерулер
2 есеге қысқарады.

Микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілді.
Жалпы мөлшерлеме 34,5%-тен 20%-ке дейін төмендетілді».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкімет басшысы: «Бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда. 2020 жылдан бастап елімізде шағын және микробизнеске тексеру жүргізуге жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Орта бизнестің үлесі 2019 жылмен…
Глава Правительства:

«Реализуются системные меры по улучшению условий для ведения бизнеса.

С 2020 года в стране действует мораторий на проведение проверок малого и микробизнеса, который продлен до 2024 года.

Доля малого и среднего бизнеса в экономике увеличилась в сравнении с 2019 годом с 31,7% до 36,5%.

Количество действующих субъектов МСП только за последний год выросло на 27% и превысило 1,8 млн. Общая численность занятых в секторе увеличилась за год на 18% и достигла 4,1 млн человек.

Положительные результаты связаны с эффективностью взаимодействия предпринимательского сообщества и органов власти.

Успешно апробирован принцип «регулирования с чистого листа». Проанализировано 128 тыс. требований в 44 сферах, из которых выявлено более 10 тыс. требований, не соответствующих условиям новой регуляторной политики. Из них 9 тыс. уже исключены на подзаконном уровне.

Также проводится работа по автоматизации систем управления рисками в сферах госконтроля и надзора с началом полной их работы с 1 января 2024 года после завершения моратория на проверки бизнеса. Такой автоматизированный подход позволит назначать проверки без человеческого участия. В результате плановые проверки бизнеса сократятся в 2 раза.

Внедрен единый платеж с фонда оплаты труда для микро- и малого бизнеса. Общая ставка снижена с 34,5% до 20%».
 
UKIMET
Глава Правительства: «Реализуются системные меры по улучшению условий для ведения бизнеса. С 2020 года в стране действует мораторий на проведение проверок малого и микробизнеса, который продлен до 2024 года. Доля малого и среднего бизнеса в экономике увеличилась…
Премьер-Министр РК:

«Жекешелендіру мемлекеттің экономикадағы рөлін шектеудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

2019 жылдан бастап мемлекеттің қатысуы бар 1 мыңға жуық ұйым жекешелендірілді.

«ҚазМұнайГаз» және «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компанияларының акциялар пакеті IPO-ға және SPO-ға сәтті шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Аталған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы мемлекеттің экономикадағы үлесі шамамен 14%-ке дейін қысқарды.

Квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша тағы бір бастама іске асырылды. Осы жылдан бастап «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының 7%-ін жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударуда.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-Министр РК: «Жекешелендіру мемлекеттің экономикадағы рөлін шектеудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 2019 жылдан бастап мемлекеттің қатысуы бар 1 мыңға жуық ұйым жекешелендірілді. «ҚазМұнайГаз» және «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компанияларының…
Премьер-Министр РК:

«Приватизация является одним из ключевых направлений по ограничению роли государства в экономике. С 2019 года приватизировано порядка 1 тыс. организаций с участием государства.

Были успешно выведены на IPO и SPO пакеты акций нацкомпаний «Казмунайгаз» и «Казатомпром». Работа в этом направлении продолжается.

В результате указанных мер в 2023 году доля государства в экономике сократилась до порядка 14%.

Реализована еще одна инициатива по усилению социальной ответственности квазигоссектора. С этого года осуществляется ежегодное перечисление 7% от чистого дохода фонда «Самрук-Қазына» в общественный фонд «Қазақстан халқына».
UKIMET
Премьер-Министр РК: «Приватизация является одним из ключевых направлений по ограничению роли государства в экономике. С 2019 года приватизировано порядка 1 тыс. организаций с участием государства. Были успешно выведены на IPO и SPO пакеты акций нацкомпаний…
Алихан Смаилов:

«Үкімет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.
Саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит берудің жыл сайынғы көлемі ұлғайтылды. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу 2 есеге артты.

Салаға тартылған инвестициялардың көлемі былтыр 850 млрд теңгеге дейін жетті.

Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында 6,6 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шамамен 540 млрд теңге сомасындағы 290 жоба іске асырылуда.

2022 жылдың басынан бастап пайдаланусыз жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

«Ауыл аманаты» арнайы бағдарламасы бойыншаауыл халқының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Осы мақсаттарға 1 трлн теңге, оның ішінде, биылғы жылы 100 млрд теңге бағытталады. Бұл 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарының табысын арттыруға оң ықпал етеді.

Бүгінгі күні 29 млрд. теңге сомасында 5,3 мың шағын кредит берілді. Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды».

📱 https://t.me/KZgovernment
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Алихан Смаилов: «Үкімет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит берудің жыл сайынғы көлемі ұлғайтылды.…
Алихан Смаилов

«Правительством принимаются системные меры господдержки сельского хозяйства. Объем субсидирования отрасли вырос до 430 млрд тенге.

Ежегодный объем льготного кредитования весенне-полевых и уборочных работ, а также форвардный закуп через Продкорпорацию увеличены в 2 раза.

За 2019-2022 годы приток инвестиций в отрасль увеличился на 72% и доведён до 850 млрд тенге с созданием 25 тыс. новых рабочих мест.

В текущем году в сфере АПК реализуется 290 проектов на сумму порядка 540 млрд тенге с созданием 6,6 тыс. новых рабочих мест.

С начала 2022 года изъято 8 млн га неиспользуемых сельхозземель.

Начата масштабная работа, направленная на повышение доходов сельского населения по специальной программе «Ауыл аманаты». На эти цели будет направлен 1 трлн тенге, в том числе 100 млрд тенге в этом году. Это позволит создать более 350 тыс. рабочих мест, что окажет положительный эффект на повышение доходов более 1 млн сельских жителей.

На сегодняшний день выдано 5,3 тыс. микрокредитов на сумму 29 млрд тенге, за счет которых создано более 4,5 тыс. новых рабочих мест».
UKIMET
Алихан Смаилов «Правительством принимаются системные меры господдержки сельского хозяйства. Объем субсидирования отрасли вырос до 430 млрд тенге. Ежегодный объем льготного кредитования весенне-полевых и уборочных работ, а также форвардный закуп через Продкорпорацию…
Премьер-Министр:

«Сарыарқа» газ құбырын салудың бірінші кезеңі аяқталып, 170-тен астам елді мекен табиғи газға қол жеткізді.

Газ саласында жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін газды, оның ішінде газ кен орындарын игеруге мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды.

Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Жоба 2025 жылы аяқталады.

Заңнама деңгейінде мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Енді мұнай өндіруші ұйымдар мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшін өздері жеткізе алады.

Ағымдағы жылы қуаты 700 МВт-тан асатын электр станцияларды жаңғырту аяқталады. Оның ішінде қуаты 500 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1-дің бірінші энергия блогын қалпына келтіру жөніндегі ауқымды жоба аяқталады.

ГРЭС-2-ні кеңейту және ГРЭС-3-ті салу жобалары іске асырыла бастады. Оған қоса ағымдағы жылы жалпы қуаты 126 МВт болатын 7 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылуда».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM