UKIMET
20.7K subscribers
14.7K photos
2.62K videos
9.41K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
2029 жылға дейінгі тұжырымдама: әртараптандыру және сапаны жақсарту

📌 Саланы одан әрі дамыту туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүргізілетін болады. Жаңартылған жоспар 6 бағытты қамтиды, оның ішінде 61 іс-шара бар. Қосымша 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы дайындалды, онда тағы 119 іс-шара көзделген. Мақсатты бағыттардың бірі – 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллион адамға дейін арттыру.

Туристерге ұсынылатын бағдарламалардың әр алуан болуына ерекше назар аударылып отыр. Қазірдің өзінде әдеттегі бағыттардан бөлек, елімізде экотуризм, агротуризм, автотуризм, ат спорты маршруттары, гастрономиялық және іскерлік MICE-туризм дамытылуда. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер туризмі жолға қойылуда, ол соның ішінде саяхатты білім беру бағдарламаларымен біріктіретін «Табиғат сабақтары» жобасы арқылы дамитын болады.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Концепция до 2029 года: диверсификация и повышение качества

📌 Дальнейшее развитие отрасли будет идти в рамках Концепции развития туризма до 2029 года. Обновленный план охватывает 6 направлений и включает 61 мероприятие. Дополнительно подготовлена дорожная карта на 2026–2029 годы, где предусмотрены еще 119 мероприятий. Одним из целевых ориентиров – увеличить количество внутренних туристов до 11 млн человек к 2029 году.

Отдельное внимание уделяется тому, чтобы туристическое предложение стало более разнообразным. Помимо уже привычных направлений, в стране развиваются экотуризм, агротуризм, автотуризм, конные маршруты, гастрономический и MICE-туризм. Также будет развиваться детско-юношеский туризм, в том числе через проект «Живые уроки», который объединяет путешествия с образовательными программами.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инвестициялар мен халықаралық брендтер саланы күшейтеді

📌Өсу драйверлерінің бірі инвестициялар ағыны және халықаралық қонақ үй операторларының қатарын кеңейту болып отыр.

Алдағы жылдары еліміздің 11 өңірінде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үй салу жоспарлануда. Жобалар жеңілдікпен несие беру және инвестициялық преференция тетіктері арқылы мемлекеттік қолдау аясында жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.

Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарына Қонаевтағы Hilton және Marriott халықаралық желілерінің қонақ үйлері, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu жобалары жатады. Шымкентте жаңа Hilton қонақ үйінің ашылуы жоспарлануда.

Халықаралық желілердің келуі сервис сапасын арттыруға көмектеседі, нарықтағы бәсекелестікті күшейтеді және Қазақстанды шетелдік туристер үшін тартымды бағытқа айналдырады.



Инвестиции и международные бренды усиливают отрасль

📌Одним из драйверов роста становится приток инвестиций и расширение присутствия международных гостиничных операторов.

В ближайшие годы в 11 регионах страны планируется строительство 24 гостиниц мирового уровня. Проекты реализуются за счет частных инвестиций при поддержке государства через механизмы льготного кредитования и инвестиционных преференций.

Среди реализуемых проектов – гостиницы международных сетей Hilton и Marriott в Конаеве, Novotel в Павлодаре, Courtyard by Marriott в Костанае, Rixos в Кызылорде, а также проекты Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty и Radisson Blu в Алматы. В Шымкенте планируется открытие нового отеля Hilton.

Приход международных сетей помогает повышать качество сервиса, усиливает конкуренцию на рынке и делает Казахстан более привлекательным направлением для иностранных туристов.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жазғы маусымға дайындық: туристік дестинацияларды дамыту

📌Жазғы туристік маусымға қарай өңірлерде танымал бағыттарды дамыту және саяхатшылар үшін жайлылықты арттыру бойынша жұмыстар күшейтіледі.

Алматы облысында Қонаев қаласы мен ұлттық парктердің туристік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайтын №5 жағажай абаттандырылып, қазіргі уақытта №6 және №7 жағажайлардың құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Қайыңды көліне және «Көшпенділер қаласы» нысанына апаратын кіреберіс жолдар жақсартылып, «Алатау аманаты» туристік бағыты дамытылуда.

Жетісу облысында Алакөл жағалауын дамытуға және курорттық аймақтың көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта құны 5,5 млрд теңгені құрайтын Үшарал әуежайының жаңа терминалының жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әуе рейстерін субсидиялау жұмыстары жалғасып, теміржол қатынасының ауқымы кеңейтілуде.

Қарағанды облысында Балқаш индустриялық аймағы мен Қарқаралы ауданын қамтитын туристік кластер қарқынды дамып келеді. Балқаш әуежайы жаңғыртылып, қонақүй жобалары мен туристерге арналған визит-орталықтар іске қосылуда. Сонымен қатар өңір туристер ағынын арттыру мақсатында өзінің бірегей мәдени, спорттық және танымдық іс-шаралар күнтізбесін қалыптастырып келеді.

Маңғыстау облысында жағажайлар мен жағалауларды жаңғыртуға, сондай-ақ демалушылардың қауіпсіздігін арттыруға басымдық берілуде. Осы бағытта туристік нысандарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, танымал демалыс аймақтарында бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

Бурабай, Баянауыл және Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, құтқару стансалары салынып, экологиялық соқпақ жолдар желісі дамытылуда және туристік нысандарға көлікпен қатынау қолжетімділігі жақсартылуда.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Подготовка к летнему сезону: развитие туристских дестинаций

📌К летнему туристическому сезону в регионах усиливают работу по развитию популярных направлений и повышению комфорта для путешественников.

В Алматинской области продолжается обновление туристической инфраструктуры Конаева и национальных парков. Уже благоустроен пляж №5 с объемом инвестиций 4,5 млрд тенге, продолжается строительство пляжей №6 и №7. Также улучшаются подъездные дороги к озеру Каинды и объекту «Город кочевников», развивается маршрут «Алатау аманаты».

В области Жетісу особое внимание уделяется побережью Алаколя и транспортной доступности курортной зоны. Ведется разработка проекта нового терминала аэропорта Ушарал стоимостью 5,5 млрд тенге, субсидируются авиарейсы и расширяется железнодорожное сообщение.

В Карагандинской области развивается туристический кластер вокруг индустриальной зоны Balkhash и Каркаралинского района. Уже модернизирован аэропорт Балхаша, запускаются гостиничные проекты и визит-центры, а сам регион постепенно формирует собственный календарь событий для туристов.

В Мангистауской области акцент сделан на обновлении пляжей и набережных, а также на повышении безопасности отдыхающих. В том числе планируется установка камер видеонаблюдения в популярных туристических зонах.

В Бурабае, Баянауле и Имантау-Шалкарской курортной зоне продолжается обновление инфраструктуры: строятся спасательные станции, развиваются экологические тропы и улучшается транспортная доступность.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Almaty SuperSki: жобалаудан құрылысқа дейін

📌 Қазақстандағы ең ауқымды туристік жобалардың бірі — Almaty SuperSki тау-шаңғы курорты. Қазіргі таңда жоба дайындық кезеңінен шығып, нақты құрылыс және жүзеге асыру сатысына өтуде.

Негізгі серіктестер ашық халықаралық конкурстар арқылы анықталады. 11 заманауи аспалы жолдың құрылысына бүкіл әлем бойынша мыңдаған жобаларды жүзеге асырған осы саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Poma француз компаниясы жауап береді. Курортта әртүрлі типтегі гондолалар мен креслолардың заманауи жүйесін құру жоспарлануда.

Сәулет пен инженерлік шешімдерге ерекше назар аударылады. Foster + Partners халықаралық бюросының тұжырымдамасына сәйкес құрылыста заманауи ағаш конструкциялар қолданылады. Оларды жобалау мен өндіруді күрделі қатты ағаш нысандарымен жұмыс істеу тәжірибесімен танымал канадалық StructureCraft компаниясы жүзеге асырады.

Құрылыс алаңында жұмыстар қазірдің өзінде басталды. Almaty SuperSki курортын іске қосу 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Жоба туристер үшін жаңа тартымды орталыққа айналып, Алматы таулы кластерінің әлеуетін ашуға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар ол қызмет көрсету саласына және экономикадағы сабақтас салаларға қосымша серпін бермек.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Almaty SuperSki: от проектирования к строительству

📌 Одним из самых масштабных туристических проектов в Казахстане сегодня становится горнолыжный курорт Almaty SuperSki. Проект уже выходит из подготовительной стадии и переходит к практической реализации.

Ключевые партнеры определены через открытые международные конкурсы. За строительство 11 современных канатных дорог будет отвечать французская компания POMA – один из мировых лидеров в этой сфере, реализовавший тысячи проектов по всему миру. На курорте планируется создать современную систему гондольных и кресельных подъемников разных типов.

Отдельное внимание уделяется архитектуре и инженерным решениям. Согласно концепции международного бюро Foster + Partners, в строительстве будут использоваться современные деревянные конструкции. Их проектированием и производством займется канадская компания StructureCraft, известная опытом работы со сложными объектами из массивной древесины.

Строительные работы на площадке уже начались. Запуск курорта Almaty SuperSki запланирован на декабрь 2028 года. Ожидается, что проект станет новой точкой притяжения для туристов, поможет раскрыть потенциал алматинского горного кластера и даст дополнительный импульс сфере услуг и смежным отраслям экономики.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифрландыру мен оқиғалық туризм – саланы дамытудың жаңа драйверлері

📌 Цифрлық шешімдер туризмді дамытудың маңызды құралдарының біріне айналып келеді. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы туристерге бірнеше тілде еліміздің туристік бағыттары, маршруттары мен ел бойынша саяхаттау мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады.

Сонымен қатар Қазақстан қонақтарына арналған жаңа сервистер де дамып келеді: E-Guides жүйесі, шетелдік туристерге арналған QR-шешімдер және негізгі туристік қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін TravelStan мобильді қосымшасы.

Саланың маңызды бөлек бағыты – оқиғалық туризм. 2026 жылғы күнтізбеге мәдениет, этнография, спорт, гастрономия және өзге де бағыттарды қамтитын 55 іс-шара енгізілді.

Жыл басынан бері өңірлерде бірқатар ірі шаралар өтті. Олардың қатарында Astana Symphony дәстүрлі өнер мен музыка фестивалі, Burabay Ice қысқы фестивалі, «Амал келді – Жыл келді» этномәдени фестивалі, «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, «Тараз – қолөнершілер қаласы» фестивалі, «Қызғалдақ-мұра» халықаралық фестивалі, Сиверс алмасының гүлдеу фестивалі және PGL Astana 2026 халықаралық киберспорт турнирі бар.

Өткен іс-шаралар тұрғындар мен туристер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, өңірлердің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Оқиғалар күнтізбесіндегі негізгі шаралар жазғы маусымға жоспарланған. 2026 жылғы маусым айда еліміздің өңірлерінде бірқатар ірі іс-шара өткізіледі. Олардың қатарында «Тары Fest» этнофестивалі, «Алтын бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі, Beu Fest жастар музыка фестивалі, The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі, «Көкмайса-2026» ұлттық тағамдар фестивалі, «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі, Balkhash Tour Fest жазғы фестивалі, «Қымызмұрындық» этнофестивалі және «Жолан жүйрігі» халықаралық бәйгесі бар.

Бұл іс-шаралар оқиғалық туризмді дамытуға, өңірлік брендтерді ілгерілетуге және жазғы кезеңде туристер ағынын арттыруға ықпал етеді.

Іс-шаралар күнтізбесін кеңінен насихаттау мақсатында event.qaztourism.kz веб-нұсқасы іске қосылды. Сондай-ақ халықаралық туристік көрмелерде және шетелдік туроператорлармен жұмыс барысында қазақстандық іс-шараларды таныстыру үшін ағылшын тіліндегі арнайы буклет әзірленді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифровизация и событийный туризм как новые драйверы

📌Цифровые решения становятся еще одним важным инструментом развития туризма. Национальный портал Kazakhstan.travel помогает туристам на нескольких языках получать информацию о направлениях, маршрутах и возможностях для путешествий по стране.

Параллельно развиваются сервисы для гостей Казахстана: система E-Guides, QR-решения для иностранных туристов, а также мобильное приложение TravelStan, которое объединит основные туристические услуги в одной цифровой среде.

Отдельное направление – событийный туризм. На 2026 год утвержден календарь из 55 мероприятий: культурных, этнографических, спортивных, гастрономических и других событий.

С начала года в регионах уже прошли крупные мероприятия, среди них фестиваль традиционного искусства и музыки Astana Symphony, зимний фестиваль Burabay Ice, этнокультурный фестиваль «Амал келді – Жыл келді», гастрономический фестиваль «ДәмДәсTour», международная книжная выставка Eurasian Book Fair, фестиваль «Тараз – город ремесленников», международный фестиваль «Қызғалдақ-мұра», фестиваль цветения яблони Сиверса, а также международный турнир по киберспорту PGL Astana 2026.

Проведенные мероприятия показали высокий интерес со стороны жителей и туристов, а также помогли ярче представить культурный и туристический потенциал регионов.

Основная активность событийного календаря приходится на летний сезон. В июне 2026 года в регионах страны запланирована серия крупных мероприятий, среди них этнофестиваль «Тары Fest», фестиваль искусства и спорта «Алтын бесік – Ақсуат», молодежный музыкальный фестиваль Beu Fest, международный фестиваль The Spirit of Tengri, фестиваль национальной кухни «Көкмайса-2026», международный фестиваль «Қазыналы Каспий», летний фестиваль Balkhash Tour Fest, этнофестиваль «Қымызмұрындық» и международные скачки «Жолан жүйрігі».

Эти события будут способствовать развитию событийного туризма, продвижению региональных брендов и привлечению туристов в летний период.

Для продвижения календаря запущена веб-версия event.qaztourism.kz. Также подготовлен англоязычный буклет, который будет использоваться для презентации казахстанских мероприятий на международных туристических выставках и в работе с зарубежными туроператорами.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Туризм – орнықты дамудың маңызды факторы

Бүгінде Қазақстанда туризм тек демалыс саласы ретінде ғана емес, өңірлер экономикасына, инвестициялық белсенділікке және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін толыққанды сала ретінде дамып келеді. Туристер санының артуы, саладан түсетін кірістің өсуі, инфрақұрылымның жаңаруы және цифрлық шешімдердің енгізілуі еліміздің халықаралық туристік картадағы орнын нығайтуға берік негіз қалыптастырып отыр.

Мемлекеттік бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы және бизнестің белсенді қатысуы туризмді Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің маңызды драйверлерінің біріне айналдыруға мүмкіндік беруде.



Туризм как фактор устойчивого развития

Сегодня туризм в Казахстане развивается как полноценная отрасль, которая влияет не только на сферу отдыха, но и на экономику регионов, инвестиционную активность и создание новых рабочих мест. Рост туристического потока, увеличение доходов, развитие инфраструктуры и внедрение цифровых решений создают прочную основу для дальнейшего продвижения страны на международной туристической карте.

Последовательная реализация государственных инициатив и активное участие бизнеса позволяют постепенно превращать туризм в один из значимых драйверов долгосрочного экономического роста Казахстана.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM