UKIMET
14K subscribers
7K photos
1.19K videos
5.36K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📱 https://t.me/KZgovernment
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі.

Бизнес өкілдері екі күн бойы іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін, ал өңірлер – экономикалық және әлеуметтік дамудың, агроөнеркәсіптік кооперацияның және су-энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылайды.

🇰🇿🇰🇬 Қырғызстан еліміздің маңызды сауда серіктесі.

📊Соңғы жылдары өзара сауда тұрақты түрде өсу қарқынын көрсетіп келеді.

2021 жылдың өзінде-ақ тауар айналымын $1 млрд-қа көтеру мақсатына қол жеткізілді, ал 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш тағы 19%-ға артты.

«Бүгінгі таңда алдымызда бұдан да ауқымды мақсат – сауда көлемін $2 млрд-қа жеткізу тұр. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Біз оларды белсенді түрде пайдалануымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұл ретте екі ел арасында тиімді инвестициялық өзара іс-қимыл жолға қойылған.

🟢2005 жылдан бері қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына шамамен $1,3 млрд инвестиция салды.

«Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді, өткен жылдан бері олардың қатарына 200-ге жуық жаңа компания қосылды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда кең екені сөзсіз және біз бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүдделіміз», — деді Премьер-Министр.

📌 Өзінің кіріспе сөзінде Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанды көп ғасырлық берік достық пен бауырластық, ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтарға негізделген тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

«Форум өзара тиімді жаңа жобалар мен бастамалармен ерекшеленіп, экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің өңірлері арасындағы іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге серпін беретініне сенімдімін», — деді ол.

🇰🇿✍️🇰🇬 Келесі кезекте екі елдің Үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы хаттамасына, ал Шымкент және Ош қалалары, Ақтөбе және Жалал-Абад облыстары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойды.

Сонымен қатар форумның екі күнінің қорытындысына сәйкес құс етін, медициналық және кондитерлік өнімдерді, кешенді микротыңайтқыштарды, аммофосты, натрий цианидін, әктас пен тақтатастарды жеткізуді, сауда және делдалдық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен банк саласындағы бастамаларды іске асыруды көздейтін $65 млн-нан астам сома көлеміндегі бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі. Бизнес өкілдері екі күн бойы іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін, ал өңірлер – экономикалық және әлеуметтік…
Премьер-Министр РК Алихан Смаилов выступил на I Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и Кыргызстана, прошедшем в эти дни в Таразе.

На протяжении двух дней в рамках форума представители бизнеса обсуждали практические вопросы делового партнерства, а регионы – актуальные темы экономического и социального развития, агропромышленной кооперации и водно-энергетического сотрудничества.

🇰🇿🇰🇬 Кыргызстан является важным торговым партнером Казахстана.

📊Так, взаимная торговля в последние годы показывает неуклонно восходящую динамику.

Задача в $1 млрд товарооборота была достигнута уже в 2021 году, а по итогам 2022 года показатель улучшен еще на 19%.

«Сегодня перед нами стоит более амбициозная цель – увеличить объем торговли до $2 млрд. Для этого у нас имеются все возможности, которые мы должны активно использовать», — отметил Алихан Смаилов.

Вместе с тем между странами налажено эффективное инвестиционное взаимодействие.

🟢С 2005 года казахстанские компании инвестировали в экономику Кыргызстана почти $1,3 млрд.

«В Казахстане успешно осуществляют свою деятельность 3,5 тысячи совместных предприятий, в ряды которых с прошлого года вошли еще порядка 200 новых компаний. Несомненно, возможности нашего инвестиционного сотрудничества гораздо шире, и мы заинтересованы в дальнейшей реализации совместных проектов», — сказал Премьер-Министр.

📌 В своем приветственном слове Председатель Кабинета министров – Руководитель Администрации Президента Кыргызстана Акылбек Жапаров отметил, что РК и КР связывают крепкие вековые узы дружбы и братства, добрососедство на основе общности истории, культуры и духовных ценностей.

«Уверен, что форум будет ознаменован новыми взаимовыгодными проектами и инициативами, послужит импульсом в укреплении экономических и торгово-инвестиционных связей, расширении деловых, культурных и гуманитарных контактов между регионами наших стран», — сказал он.

🇰🇿✍️🇰🇬Далее главы правительств двух стран подписали Протокол 11-го заседания казахстанско-кыргызского Межправительственного совета, а руководители городов Шымкент и Ош, Актюбинской и Джалал-Абадской областей – меморандумы об установлении побратимских связей.

Наряду с этим по итогам двух дней форума подписан ряд коммерческих документов на сумму порядка $65 млн, предусматривающих поставку мяса птицы, медицинских и кондитерских изделий, комплексных микроудобрений, аммофоса, цианида натрия, известняка и сланцев, оказание торгово-посреднических услуг, а также реализацию инициатив в легкой промышленности и банковской сфере.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM