UKIMET
15.2K subscribers
7.72K photos
1.34K videos
6.31K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
🇰🇿 🇰🇬 Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті

Жұма, 29 сәуірде Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.

📌 Әлихан Смайылов екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің биыл қазан айына жоспарланған Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін өткізуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қырғызстан Президентін Үкіметаралық кеңестің 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтар туралы хабардар етті.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
UKIMET
🇰🇿 🇰🇬 Әлихан Смайылов Қырғызстан Президентімен кездесті Жұма, 29 сәуірде Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық…
🇰🇿 🇰🇬 Алихан Смаилов встретился с Президентом Кыргызстана

В пятницу, 29 апреля, в рамках рабочей поездки в Бишкек Премьер-Министр Казахстана Алихан Смаилов встретился с Президентом Кыргызстана Садыром Жапаровым.

В ходе встречи собеседники обсудили перспективы развития казахстанско-кыргызского стратегического партнерства, уделив особое внимание укреплению торгово-экономического, инвестиционного и приграничного сотрудничества.

📌 Высоко оценив взаимодействие двух стран в культурно-гуманитарной сфере, Алихан Смаилов выразил готовность Правительства РК оказать содействие в проведении Дней культуры Кыргызстана в Казахстане в октябре текущего года.

Премьер-Министр РК также проинформировал Президента Кыргызстана о договоренностях, достигнутых по итогам 10-го заседания Межправительственного совета.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
​​📨 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі.

Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы.

Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез-келген қиындықты еңсеруге болады.

Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды.

Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!»

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов


📨 Премьер-Министр РК Алихан Смаилов поздравил казахстанцев с Праздником единства народа

«Дорогие соотечественники!

Поздравляю вас с Днем единства народа Казахстана!

Этот день — торжество мира, благополучия и сплоченности — главных принципов незыблемой независимости нашей страны.

Любые трудности преодолимы, если общество живет в согласии, взаимоуважении и созидательном труде.

Все наши достижения стали возможными благодаря дружбе и единству всех этносов и народов, живущих под общим небом Казахстана.

Желаю всем крепкого здоровья, успехов в труде, радости и благополучия каждому дому!»

Премьер-Министр Республики Казахстан
Алихан Смаилов


#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Видеодайджест. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жұмыс аптасы қалай өткенін бейнешолудан көріңіздер⤴️
___

Видеодайджест. Как прошла рабочая неделя Премьер-Министра РК Алихана Смаилова, смотрите в видеообзоре⤴️

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
📨 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар!
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық пен бауырмалдыққа негізделген Рамазан айының мән-маңызы зор. 

Қасиетті айдың соңы Ораза айт мерекесімен жалғасып, әр мұсылман жақсылық жасауға, игі іс қылуға асығады. 

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, қылған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. 

Халқымыздың бірлігі нығайып, берекеміз арта берсін.
Әрбір отбасына амандық, бақ-береке тілеймін. 

Ораза айт құтты болсын!»

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов


#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
🇰🇿 🇷🇺 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.

🇰🇿 🇷🇺 Премьер-Министр РК Алихан Смаилов провёл телефонный разговор с Председателем Правительства РФ Михаилом Мишустиным.

Главы Правительств обсудили актуальные вопросы двустороннего сотрудничества в торгово-экономической сфере, а также перспективы взаимодействия в промышленной, транспортно-логистической, энергетической и других областях, представляющих взаимный интерес.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
​​📌 ҚР Үкіметінде қалаларда тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жоспарлары талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және жаңғырту жобаларын іске асыру және Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бірінші мәселе бойынша⤵️

Бүгінгі таңда Қазақстанның 69 қаласында КТҚ салу немесе реконструкциялау қажет. Тиісті жобаларды республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда төрт қалада (Атырау, Қызылорда, Форт-Шевченко және Шымкент) КТҚ салу немесе реконструкциялау жобалары жүзеге асырыла бастады. Қалған 65 жобаны инвестициялық тартымдылықты ескере отырып, 2028 жылға дейін іске асыру ұсынылады.

Екінші мәселе бойынша⤵️

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ-да инженерлік желілер туралы деректерді толық цифрландыруды қамтамасыз ету жоспарланған.
Жерасты желілері бойынша нақты кеңістіктік деректерді тек инженерлік-геодезиялық ізденістер әдісімен ғана қалыптастыру мүмкін болады. Сонымен қатар деректерді үздіксіз өзектендіру тетігін енгізбестен, инженерлік желілерді толық цифрландырған орынсыз.

Осы мақсатта табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары мен бос қуаты туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынуы бойынша заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ «МҚК» ААЖ-ға енгізе отырып, барлық деңгейдегі жобалардың бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізуге бастама жасалды.

Аталған шаралардың арқасында инженерлік желілердің цифрлық негізі қалыптастырылуы тиіс, ол ағымдағы түгендеу жұмыстары мен деректерді онлайн-өзектендіру аясында нақтыланатын болады.

🖊 ҚР Премьер-Министрі талқыланған жобаларға қатысты айтылған тәсілдерді мақұлдап, оларды іске асыру үшін пысықтау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
​​📌 Планы по строительству и модернизации очистных сооружений в городах обсудили в Правительстве РК

Премьер-Министр РК Алихан Смаилов провел совещание по вопросам реализации проектов строительства и модернизации канализационно-очистных сооружений (КОС) и оцифровки данных Государственного градостроительного кадастра.

По первому вопросу⤵️

На сегодняшний день в 69 городах Казахстана требуется строительство или реконструкция КОС. Профинансировать соответствующие проекты планируется за счет средств республиканского бюджета и международных организаций.

Так, в настоящее время в четырех городах (Атырау, Кызылорда, Форт-Шевченко и Шымкент) уже начата реализация проектов строительства или реконструкции КОС. Остальные 65 проектов с учетом инвестиционной привлекательности предлагается реализовать до 2028 года.

По второму вопросу⤵️

В соответствии с поручением Главы государства планируется обеспечить полную оцифровку данных об инженерных сетях в АИС «Государственный градостроительный кадастр».

Формирование точных пространственных данных по подземным сетям возможно только методом инженерно-геодезических изысканий. Вместе с тем полная оцифровка инженерных сетей нецелесообразна без внедрения механизма непрерывной актуализации данных.

Для этого инициированы законодательные поправки по обязательному предоставлению субъектами естественных монополий данных о технических характеристиках и свободных мощностях инженерных сетей, а также внедрение единой градостроительной экспертизы проектов всех уровней с внесением в АИС «ГГК».

Благодаря этим мерам должна быть сформирована цифровая основа инженерных сетей, которая будет детализироваться в рамках текущей инвентаризации и онлайн-актуализации данных.

🖊 Премьер-Министр РК одобрил озвученные подходы по обсуждаемым проектам и дал поручение провести необходимую проработку для их реализации.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
​​📌 ҚР Премьер-Министрі Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның макроэкономикалық дамуы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, сондай-ақ инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

📌 Премьер-Министр РК провел встречу с заместителем председателя Высшего совета по реформам Сэром Сумой Чакрабарти. В ходе встречи были обсуждены макроэкономическое развитие Казахстана, деятельность Международного финансового центра «Астана», а также вопросы привлечения инвестиций.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
📌 Үкіметте ЖЖМ өндіру және бөлу мәселелері талқыланды

Сейсенбі күні, 3 мамырда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жанар-жағармай материалдарын өндіру және бөлу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Тиісті ұсыныстарды Энергетика министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖЖМ нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірледі.

Баяндама жасаған энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемаларын қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды.

Түзетулер мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылардың, олардың еншілес маркетингтік құрылымдарының өздерінің өңдеуге жеткізуін, сондай-ақ мұнайды МӨЗ-дің сатып алуын көздейді. Мұнай өнімдерін өткізу саласында өнімсіз делдалдарды шеттету ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мәселен, осындай отын көлемінің мақсатты бөлінуін бақылау үшін аумақтық бөліністе АШТӨ-нің деректер базасын құру және отын бөлудің электрондық-ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар энергетика министрі елден жанар-жағар май ағынын шектеу бойынша ұсынылған шараларды атап өтті. Атап айтқанда, автокөлікпен ЖЖМ шығаруға салынған тыйымды ұзарту және рұқсатсыз шығаруға жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.

🖊 Кеңесті қорытындылай келе, Үкімет басшысы ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, Энергетика министрлігіне оларды барлық мүдделі тараптармен бірге пысықтауды тапсырды.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment