UKIMET
15.7K subscribers
8.36K photos
1.43K videos
7.02K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📱 https://t.me/KZgovernment
Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

✔️Екі елдің Мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі жаңа серпінге ие болды.

📈 Республикалар арасында өзара тауар айналымы тұрақты түрде өсуде.

🔘2022 жылы сауда көлемі шамамен 19%-ға ұлғайып, $1,3 млрд-қа жетті.

✔️Сонымен бірге биыл да оң динамика байқалып отыр.

🔘7 айда тауар айналымы 13%-ға өсіп, $757 млн-ды құрады.

📌 Сонымен қатар Премьер-Министрдің айтуынша, транзит, көлік, коммуникация, туризм және басқа салаларда ынтымақтастық дамып келеді.

🇰🇿🤝🇰🇬 Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары екі елдің мүдделерін ескере отырып, өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген су саласындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

«Біздің халықтарымыздың өміріне тікелей әсер ететін экология және суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты дамыту аса маңызды болып табылады. Су ресурстарын әділ және ашық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында бізге мемлекетаралық су шаруашылығы каналдарын цифрландыру арқылы тиімді мониторинг жүргізу тетігі қажет. Гидрологиялық ақпарат алмасуды, атап айтқанда, су қоймаларына келетін ағын су және бассейн бойынша су алу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету маңызды», — деді ҚР Премьер-Министрі.

📌 Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров екі мемлекет басшыларының жуырдағы өзара сапарлары барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалғанын еске салды.

Келіссөз қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді іс-қимылды қолдауға дайын екендерін растады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Таразда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен…
В Таразе с участием Премьер-Министра Казахстана Алихана Смаилова и Председателя Кабинета министров – Руководителя Администрации Президента Кыргызстана Акылбека Жапарова прошло 11-ое заседание казахстанско-кыргызского Межправительственного совета.

В ходе переговоров в узком и расширенном составах стороны обменялись мнениями по актуальным вопросам двустороннего сотрудничества.

✔️Благодаря усилиям глав двух государств казахстанско-кыргызское стратегическое партнерство в последние годы обрело высокую динамику.

📈Так, между республиками стабильно растет взаимный товарооборот.

🔘В 2022 году объем торговли увеличился на порядка 19% и достиг $1,3 млрд.

✔️Вместе с тем позитивная динамика наблюдается и в этом году.

🔘За 7 месяцев товарооборот вырос на 13% и составил $757 млн.

📌 Как отметил Премьер-Министр, наряду с этим развивается сотрудничество в транзитно-транспортной, коммуникационной, туристической и других областях.

🇰🇿🤝🇰🇬 Главы правительств Казахстана и Кыргызстана также договорились продолжать тесное взаимодействие в водной сфере в духе взаимного уважения и добрососедства с учетом интересов обеих стран.

«Крайне важно развивать сотрудничество в сфере экологии и рационального водопользования, имеющей прямое влияние на жизнедеятельность наших граждан. В целях обеспечения справедливого и прозрачного управления водными ресурсами нам необходим действенный механизм мониторинга путем оцифровки межгосударственных водохозяйственных каналов. Важно обеспечить осуществление обмена гидрологической информацией, в частности, по приточности к водохранилищам и забору воды по всему бассейну», — подчеркнул Премьер-Министр РК.

📌Председатель Кабинета министров – Руководитель Администрации Президента Кыргызстана Акылбек Жапаров напомнил, что в ходе недавних взаимных визитов глав двух государств были обозначены основные направления двустороннего сотрудничества.

По итогам переговоров стороны подтвердили готовность поддерживать активные контакты по всем взаимовыгодным направлениям сотрудничества.

📱 https://t.me/KZgovernment
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📱 https://t.me/KZgovernment
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі.

Бизнес өкілдері екі күн бойы іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін, ал өңірлер – экономикалық және әлеуметтік дамудың, агроөнеркәсіптік кооперацияның және су-энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылайды.

🇰🇿🇰🇬 Қырғызстан еліміздің маңызды сауда серіктесі.

📊Соңғы жылдары өзара сауда тұрақты түрде өсу қарқынын көрсетіп келеді.

2021 жылдың өзінде-ақ тауар айналымын $1 млрд-қа көтеру мақсатына қол жеткізілді, ал 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш тағы 19%-ға артты.

«Бүгінгі таңда алдымызда бұдан да ауқымды мақсат – сауда көлемін $2 млрд-қа жеткізу тұр. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Біз оларды белсенді түрде пайдалануымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұл ретте екі ел арасында тиімді инвестициялық өзара іс-қимыл жолға қойылған.

🟢2005 жылдан бері қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына шамамен $1,3 млрд инвестиция салды.

«Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді, өткен жылдан бері олардың қатарына 200-ге жуық жаңа компания қосылды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда кең екені сөзсіз және біз бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүдделіміз», — деді Премьер-Министр.

📌 Өзінің кіріспе сөзінде Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанды көп ғасырлық берік достық пен бауырластық, ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтарға негізделген тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

«Форум өзара тиімді жаңа жобалар мен бастамалармен ерекшеленіп, экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің өңірлері арасындағы іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге серпін беретініне сенімдімін», — деді ол.

🇰🇿✍️🇰🇬 Келесі кезекте екі елдің Үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы хаттамасына, ал Шымкент және Ош қалалары, Ақтөбе және Жалал-Абад облыстары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойды.

Сонымен қатар форумның екі күнінің қорытындысына сәйкес құс етін, медициналық және кондитерлік өнімдерді, кешенді микротыңайтқыштарды, аммофосты, натрий цианидін, әктас пен тақтатастарды жеткізуді, сауда және делдалдық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен банк саласындағы бастамаларды іске асыруды көздейтін $65 млн-нан астам сома көлеміндегі бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM