UKIMET
15.5K subscribers
8.03K photos
1.39K videos
6.66K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Photo
🕌 ҚР Премьер-Министрі
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


«Құрметті отандастар!
 
Сіздерді жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады. Сондықтан да ол әрбір жанның жүрегінен ерекше орын алады. Біздің рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек.

Әрдайым отбасының берекесі мен елдің игілігі үшін жасаған ниеттеріңіз қабыл болсын. Құрбан айт үйлеріңізге құт-береке алып келсін.  

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, Әлихан Смайылов»
 


🕌 Премьер-Министр РК Алихан Смаилов поздравил казахстанцев с праздником Курбан айт

«Уважаемые соотечественники!
 
От всей души поздравляю вас со священным для всех мусульман праздником – Курбан айт!

Издревле этот великий праздник способствует единению людей, призывает к миру и согласию, приносит радость и счастье в каждый дом.

Он открывает путь добродетели, напоминает нам о необходимости проявлять милосердие к окружающим, быть терпеливыми и внимательными к нуждам других.

Пусть все наши намерения будут чисты и благословение придет в родные дома.

Желаю всем крепкого здоровья, долгих лет жизни и успехов в работе!
 
С наилучшими пожеланиями, Алихан Смаилов»

🌐
https://t.me/KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎤 Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

🎥 Поздравляем с Днем работников средств массовой информации!

🌐
https://t.me/KZgovernment
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті.

🔍Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды.

▪️Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

❗️Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

✔️Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

🌐 https://t.me/KZgovernment
UKIMET
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті. 🔍Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау…
Очередное заседание Водного совета Казахстана состоялось в Правительстве под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова.

🔍Участники рассмотрели вопросы повышения эффективности работы уполномоченного органа в области использования и охраны водных ресурсов, а также бассейновых инспекций, обучения соответствующих специалистов и укрепления водной дипломатии в целом.

▪️Кроме того, рассмотрены планы по созданию Консорциума ведущих научных и образовательных организаций в сфере водных ресурсов. В частности, было отмечено, что работа данного научного центра позволит объединить усилия всех профильных институтов для разработки отраслевых программ развития.

❗️Алихан Смаилов подчеркнул, что Минэкологии нужно активизировать внедрение цифровых технологий и автоматизированных систем управления рисками (СУР) в водной отрасли. Это позволит повысить эффективность мониторинга и работы соответствующих специалистов, а также поможет более рационально использовать водные ресурсы.

✔️В заключение Премьер-Министр поручил уполномоченным госорганам проработать Программу развития гидрогеологических исследований, подготовить предложения по автоматизации мониторинга подземных вод и внедрению других геоинформационных технологий.

🌐 https://t.me/KZgovernment
✍️ ҚР Үкіметінің Қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.



✍️ Постановлением Правительства РК Толганбаев Эльдар Сейдахметович назначен на должность вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

🌐https://t.me/KZgovernment
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Қазақстан экономикасының қалай дамып жатқаны туралы айтып берді⤵️

📈 Бүгінгі таңда республика экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түскенін атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3,3%-ға өскен.

📈 Бұл ретте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27%-ға көбейді, осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсіп, 4,1 млн-ға жетті, ал экономикадағы ШОБ үлесі 33%-дан 36,5%-ға дейін ұлғайды.

«Қабылданып жатқан шаралар биыл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 5 айда жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 4,5%-ды құрады. Барлық негізгі сала бойынша оң динамика қалыптасып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Нақты өсім:

🏗️
құрылыс саласында 12%;
🧮сауда-саттықта 10%;
📞байланыс саласында 9%;
🚌көлік саласы бойынша 7%;
✔️өңдеу өнеркәсібінде 3,3%.

«Экономикалық өсім инвестициялармен тікелей байланысты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 5 айда 17,2%-ға өсті. Биыл біз экономиканың өсуін 4,5-5%, ал орта мерзімді болашақта кемінде 6% деңгейінде көздеп отырмыз», — деді Премьер-Министр.

📌Сонымен қатар Әлихан Смайылов Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі азық-түлік бағасын тұрақтандыру екенін атап өтті. Ол үшін бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен форвардтық келісім-шарттар жасасуды, азық-түлік бойынша тұрақтандыру қорларының белсенді жұмысын, көкөніс қоймаларының құрылысын, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді және т.б. көздейтін инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.

«Нәтижесінде осы жылдың мамыр айында жылдық инфляция 21%-дан 15,9%-ға дейін баяулады. Біздің алдымызда жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету міндеті тұр», — деді Үкімет басшысы.

📌 Премьер-Министр Мемлекет басшысының Сайлауалды тұғырнамасын және «AMANAT» партиясының бағдарламасын іске асыру Үкімет жұмысының негізі екенін атап өтті.

«Осы бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Алдымыздағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстардың барлығы бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізу мәслихаттардың да белсенді қатысуын талап етеді», — деді Әлихан Смайылов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Photo
Премьер-Министр РК Алихан Смаилов рассказал о ходе развития экономики Казахстана, выступая на республиканском форуме депутатов маслихатов всех уровней партии «AMANAT» в Астане⬇️

📈 На сегодняшний день экономика республики адаптировалась к неблагоприятным внешнеэкономическим условиям и вышла на путь устойчивого развития. В частности, по итогам прошлого года ее рост составил 3,3%.

📈 При этом количество работающих субъектов малого и среднего предпринимательства увеличилось на 27%, численность занятых в этом секторе человек выросла на 18% до 4,1 млн, а доля МСБ в экономике в целом изменилась с 33% до 36,5%.

«Принимаемые в этом году меры также позволили обеспечить стабильное развитие экономики. За 5 месяцев реальный рост валового внутреннего продукта составил 4,5%. Положительная динамика формируется по всем основным направлениям», — сказал Алихан Смаилов.

Фактический рост:

🏗️ в строительстве составляет 12%;
🧮 в торговле – 10%;
📞 в отрасли связи – 9%;
🚌 в транспортной сфере – 7%;
✔️ в обрабатывающей промышленности – 3,3%.

«Экономический рост напрямую связан с инвестициями. Реальный объем инвестиций в основной капитал за 5 месяцев увеличился на 17,2%. В этом году мы ожидаем рост экономики на уровне 4,5-5%, а в среднесрочной перспективе – не менее 6%», – подчеркнул Премьер-Министр.

📌При этом Алихан Смаилов обозначил, что одной из основных задач Правительства и местных исполнительных органов является стабилизация цен на продукты. Для этого сегодня реализуется комплекс мер по контролю и снижению инфляции, предусматривающий заключение форвардных контрактов с сельхозпроизводителями, активную работу стабилизационных продовольственных фондов, строительство овощехранилищ, антимонопольное и внешнеторговое регулирование и т.д.

«В результате в мае текущего года годовая инфляция замедлилась с 21% до 15,9%. Вместе с тем перед нами стоит задача уменьшить ее в два раза до конца года», — сказал он.

📌Премьер-Министр подчеркнул, что основой работы Правительства является реализация предвыборной платформы Главы государства и программы партии «AMANAT».

«Эффективная реализация этих программных документов позволит повысить уровень жизни населения. У нас есть все необходимые ресурсы для достижения поставленных целей. Это также требует активного участия маслихатов», — отметил Алихан Смаилов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында сөйлеген сөзінде азаматтардың табысын арттыру, мектептер, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер салу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту шаралары туралы айтты.

📌Биыл 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беруге, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға және басқа да бағыттарға қосымша 2,2 трлн теңге қаражат бөлінгенін атап өтті.

«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Биыл 4,4 млн адамды көтерілген әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді», — деді Әлихан Смайылов.

▪️Халықтың табысын арттыру шаралары аясында 3 млн-нан астам адамның табысы өсті.

▪️Жәрдемақылар 900 мыңға жуық адамды қамти отырып, 23%-ға өсті.

▪️Студенттерге стипендия 20%-ға көтерілді.

▪️Бұдан басқа, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру шеңберінде жыл соңына дейін 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылады.

🏥Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қосымша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып келеді. Оның аясында 2026 жылға дейін 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу және 32 көпсалалы аудандық аурухананы модернизациялау жоспарланып отыр. Биыл осындай 309 нысан іске қосылады.

🏫Орта білім беруді дамыту тұрғысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба шеңберінде 2026 жылға дейін 738 мың орындық 368 жаңа мектеп ашылады. Оның ішінде биыл 216 мектептің құрылысы басталып, сонымен бірге ұлттық жобадан тыс, басқа қаржыландыру көздері есебінен 143 мектеп ашылады.

🏗️Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2029 жылға қарай барлық қаржыландыру көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде биыл – 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.

🌐
https://t.me/KZgovernment
UKIMET
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында сөйлеген сөзінде азаматтардың табысын арттыру, мектептер, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер салу және коммуналдық инфрақұрылымды…
В ходе выступления на республиканском форуме депутатов маслихатов всех уровней партии «AMANAT» Премьер-Министр РК Алихан Смаилов рассказал о мерах по повышению доходов граждан, строительству школ, медучреждений, жилья и модернизации коммунальной инфраструктуры.

📌 Текущем году при уточнении республиканского бюджета на 2023 год на социальные выплаты, здравоохранение, образование, развитие инфраструктуры и другие направления выделено дополнительно 2,2 трлн тг.

«Сегодня все социальные обязательства государства выполняются своевременно и в полном объеме. В целом в этом году предусмотрено 4,6 трлн тг для охвата 4,4 млн человек повышенными социальными выплатами», — сказал Алихан Смаилов.

▪️
Наряду с этим реализуется актуализированная программа повышения доходов населения, в рамках чего выросли доходы более 3 млн человек.

▪️
Стипендии студентов также были увеличены на 20%.

▪️
Кроме того, в рамках реализации мер содействия занятости до конца года будет трудоустроено порядка 1 млн человек.

🏥
Для повышения доступности и качества оказания медицинских услуг в сельской местности начат нацпроект «Модернизация сельского здравоохранения». В рамках него до 2026 года планируется построить 655 объектов первичной медико-санитарной помощи и модернизировать 32 многопрофильные районные больницы. В результате повысится качество медобслуживания 4 млн сельских жителей. В этом году будет завершена работа по 309 объектам.

🏫
В части развития среднего образования ведется реализация нацпроекта «Комфортная школа». В рамках него к 2026 году будет открыто 368 новых школ на 738 тыс. учащихся. В том числе в этом году начнется строительство 216 школ, при этом еще 143 школы будут открыты за счет других источников финансирования вне нацпроекта.

🏗️
В целях улучшения жилищной ситуации к 2029 году за счет всех источников будет построено 111 млн кв. метров жилья. Из них в этом году – 15,3 млн кв.

🌐
https://t.me/KZgovernment