UKIMET
15.7K subscribers
8.25K photos
1.42K videos
6.9K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
🇰🇿 🇹🇷 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді.

ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады.

ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.

Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
🇰🇿 🇹🇷 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді. ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады. ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің…
🇰🇿 🇹🇷 В соответствии с поручением Главы государства $1 миллион в качестве гуманитарной помощи выделен Турецкой Республике, пострадавшей в результате разрушительных землетрясений.

Соответствующее Постановление принято Правительством РК 8 февраля 2023 года.

Министерству финансов РК поручено выделить Министерству иностранных дел РК из чрезвычайного резерва Правительства РК, предусмотренного в республиканском бюджете на 2023 год для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории РК и других государств, средства в сумме, эквивалентной одному миллиону долларов США.

В свою очередь внешнеполитическое ведомство должно в установленном законодательством порядке перечислить указанные средства турецкой стороне на специальный счет.

Постановление вводится в действие со дня его подписания.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады

📌
ТОЛЫҒЫРАҚ



В регионах начинаются товарные интервенции по овощам

📌
ПОДРОБНЕЕ

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.

Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға қаралып отырған активтерге қатысты тексеру іс-шараларын жалғастыруды, сондай-ақ олардың кейбіреулерін жеке меншікке берудің заңдылығы тұрғысынан аудит жүргізуді тапсырды.

Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өңдеу кәсіпорындарына логистикалық және сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ел заңнамасына сәйкес қажетті рәсімдерді тездетіп аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Photo
📌 Алихан Смаилов провел очередное заседание Комиссии по демонополизации экономики.

Участники обсудили вопросы возврата в государственную собственность некоторых активов в транспортной, нефтеперерабатывающей и инфокоммуникационной отраслях.

Председатель комиссии Алихан Смаилов поручил уполномоченным органам продолжить проверочные мероприятия в отношении рассматриваемых активов, а также провести аудит на предмет законности передачи в частную собственность некоторых из них.

Кроме того, Агентству по защите и развитию конкуренции необходимо внести предложения по регулированию тарифов компаний-доминантов, предоставляющих логистические и сервисные услуги нефтеперерабатывающим предприятиям.

По итогам заседания Комиссии Алихан Смаилов подчеркнул важность скорейшего завершения необходимых процедур в строгом соответствии с законодательством страны.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇸🇾 Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкіметі

Бейсен, 9 ақпанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
🇰🇿 🇸🇾 Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкіметі Бейсен, 9 ақпанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі…
🇰🇿 🇸🇾 Казахстан направит 50 тонн гуманитарной помощи пострадавшей от землетрясения Сирии – Правительство РК

В четверг, 9 февраля, в Үкімет үйі под председательством первого заместителя Премьер-Министра РК Романа Скляра состоялось заседание Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи.

На заседании было принято решение о направлении в пострадавшую от разрушительных землетрясений Сирийскую Арабскую Республику гуманитарной помощи в объеме 50 тонн. Из государственного материального резерва будут выделены консервные продукты, теплые вещи, зимние палатки, кровати и постельные принадлежности.

Груз будет направлен по линии Организации исламского сотрудничества в город Алеппо четырьмя авиарейсами.

Отметим, что поручение Правительству об оказании гуманитарной помощи Сирии дал Глава государства Касым-Жомарт Токаев.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.



✍️ Постановлением Правительства Республики Казахстан Кочетов Евгений Дмитриевич назначен на должность вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды⤵️

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұжырымдама жобасын таныстыра отырып, үш стратегиялық бағытты атап өтті:

азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғау деңгейін арттыру;
құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру;
полицияны қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи тиімді ұйымға айналдыру.

📌 Тұжырымдаманың басты ерекшелігі оны әзірлеу тәсілін өзгерту болды. Тұжырымдаманы әзірлеуге әуел бастан жұртшылық, ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшылар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар белсенді қатысады. Осылайша, тұжырымдамада «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келетін қоғамның нақты сұраныстары ескерілетін болады.

📌 Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша өтініштердің артуына байланысты Тұжырымдама жобасында мынадай заңнамалық өзгерістер енгізу көзделген:

әрекет етудің өтініш беру формасынан анықтайтын түріне көшу;
тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту.

📌 Өзгерістер нашақорлықтың алдын алуға, соның ішінде есірткіні тұтыну фактілерін ерте бастан анықтау жүйесін енгізуге, барлық құқық бұзушылықтың 90% құрайтын мүлікке қарсы қылмыстардың алдын алуға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және басқа да салаларға да қатысты болады.

📌 Барлық нормативтік-құқықтық актіге ревизия жүргізу, қылмыстың алдын алу жөніндегі заңнаманы жүйелеу және сарапшылармен, ҮЕҰ-мен, ғалымдармен әріптестік тетігін қарастыру ұсынылады.

Кеңеске қатысушылар жалпы Тұжырымдама жобасын мақұлдады.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды⤵️ Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұжырымдама…
Проект Концепции по обеспечению общественной безопасности в партнерстве с гражданским обществом на 2024-2028 годы рассмотрен на совещании в Правительстве под председательством
Премьер-Министра РК Алихана Смаилова⤵️

Министр внутренних дел Марат Ахметжанов, представляя проект Концепции, отметил три стратегических направления:

повышение уровня защищенности жизни, здоровья и имущества граждан;
создание эффективной системы профилактики правонарушений;
трансформацию полиции в современную эффективную организацию по обеспечению безопасности.

📌 Главной особенностью Концепции является изменение подходов к ее разработке. В разработку Концепции с первого этапа активно вовлекается общественность, НПО, независимые эксперты, международные организации, научное сообщество, а также заинтересованные госорганы. Таким образом, Концепция будет учитывать реальные запросы общества, что соответствует принципу «слышащего государства».

📌 В связи с ростом обращений по вопросам семейно-бытового насилия, проект Концепции предполагает внесение таких законодательных изменений:

переход от заявительной к выявительной форме реагирования;
усиление ответственности за бытовое насилие.

Изменения коснутся и профилактики наркомании, включая внедрение системы раннего выявления фактов потребления наркотиков, предупреждения преступлений против собственности, которые занимают 90% всех правонарушений, противодействия интернет-мошенничеству и другие сферы.

📌 Предлагается провести ревизию всех нормативно-правовых актов, систематизировать законодательство по профилактике преступлений и предусмотреть механизм партнерства с экспертами, НПО, учеными.

Участники совещания в целом одобрили проект Концепции.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды.

Құжаттың мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика және қоршаған орта салаларының қажеттіліктерін теңгерімді қамтамасыз ету мәселелерін шешу болып табылады.

«Біз су экожүйелерінің реттеу және қолдау функцияларын сақтау үшін олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етпекпіз. Тұжырымдама жобасы төрт негізгі міндетті қамтиды: өнімділікті, су сапасын, қолайсыз әсерлерге төзімділікті арттыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру», — деді З.Сүлейменова.

📌 2029 жылға қарай Қазақстанда магистральдық және шаруашылықаралық арналар желісі жаңғыртылып, автоматтандырылады, барлық негізгі гидротехникалық құрылыстарға көпфункционалды тексеру жүргізіледі деп жоспарлануда.

📌 Бұдан басқа, қосымша гидрологиялық бекеттер ашылады, сумен жабдықтауға тарифтер қайта қаралады және суды ағызу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша Тұжырымдама жобасы мақұлданды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов салалық ведомствоға айтылған ұсыныстарды ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды. Құжаттың мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика…
На совещании в Правительстве под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова рассмотрен проект Концепции развития системы управления водными ресурсами на 2023-2029 годы⤵️

Целью документа является решение проблем сохранения и рационального использования водных ресурсов страны, обеспечения баланса потребности отраслей экономики и окружающей среды.

«Мы хотим обеспечить долгосрочную устойчивость водных экосистем для сохранения их снабжающих, регулирующих и поддерживающих функций. Проект Концепции включает четыре основные задачи: повышение продуктивности, качества воды, жизнестойкости и совершенствование управления водными ресурсами», — сказала З.Сулейменова.

📌 Планируется, что к 2029 году в Казахстане будет модернизирована и автоматизирована сеть магистральных и межхозяйственных каналов, проведено многофункциональное обследование всех основных гидротехнических сооружений.

📌 Кроме того, будут открыты дополнительные гидрологические посты, пересмотрены тарифы на водоснабжение и внедрена автоматизированная система мониторинга сбросов.

По итогам обсуждения проект Концепции был одобрен. Премьер-Министр Алихан Смаилов поручил профильному ведомству доработать документ с учетом озвученных предложений.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆 10 ақпан, жұма, елордалық «Qazaqstan» спорт кешенінде жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Рәсімге ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

📨 Үкімет басшысы шараны аша отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

«Спорт шекара талғамайды, мемлекеттер мен халықтардың достығын нығайтып, жақындастыра түседі. Қазақстан спорт саласына айрықша мән береді. Елімізде азаматтардың кәсіби және бұқаралық спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл саланың инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 6 мыңнан астам адам сиятын Жеңіл атлетика кешені – осының айқын дәлелі.

Қазақстан спортшылары көптеген дүбірлі додада топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге бастайды. Азия біріншілігінің Астана төрінде өтуі елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз осы саладағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайта түсеміз. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!»
— делінген Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде.

🤝 Өз кезегінде Әлихан Смайылов барлық спортшыға сәтті өнер көрсетуді, ал Қазақстан ұлттық құрамасына жеңіс тұғырына көтерілуді тіледі.

ҚР Премьер-Министрі Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамадқа жарысты ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін ерекше алғысын білдірді.

Жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

🤾🏻‍♂️ Оған 31 елден 500-ден астам спортшы қатысады.

🥇 Спортшылар арасында жүгіру, эстафеталық жүгіру, ұзындыққа секіру, биікке секіру, үш рет секіру, сырықпен секіру, ядро лақтыру және көпсайыс сияқты жарыс түрлері бойынша 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

🤾🏽 Қазақстан ұлттық құрамасында 69 спортшы бар.

Халықаралық жарыстар Астанада 10-12 ақпан аралығында өтеді.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM