UKIMET
15.6K subscribers
8.1K photos
1.4K videos
6.77K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Video message
📌 Әлихан Смайылов: Үкімет
жанар-жағармай материалдары нарығын реформалауды, оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарының барлығын процессингтен маркетингтік жұмыс принципіне ауыстыруды жүргізіп жатыр


📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📍Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады. Үкімет басшысы бірқатар ірі өнеркәсіптік нысанның қызметімен, өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен және «Іскер қала» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру…
Әлихан Смайылов Шымкентті дамыту жөнінде кеңес өткізді⬇️

📌 Премьер-Министр қала әкімдігі инженерлік инфрақұрылымды, атап айтқанда жылу, электр, газ, сумен жабдықтау желілерін және т. б. жаңғыртуға басымдық беруі керек екенін атап өтті.

«Шымкент елдің оңтүстігінде орналасқаннан кейін, мұнда қақаған аяз сирек болады. Соның өзінде, қала тұрғындарының шағымдары азаймай отыр. Мысалы, «Жаңа Талап», «Тұран» шағын аудандарындағы көп қабатты үйлер жылусыз қалған. Бұған жол беруге болмайды», — деді Премьер-Министр.

📌 Үкімет басшысы қаладағы құрылыс қарқынына оң баға берді. Атап айтқанда, соңғы екі жылда 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар Үкімет басшысы осы орайда мегаполисте көлік желісіне жүктеме артып келе жатқанын, бұл жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды едәуір жақсартуды талап ететінін, осыған байланысты жаңа мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды уақытылы ашу қажеттігін айтты.

«Алдағы үш жылда қалада 68 мың оқушыға арналған 54 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл Шымкенттегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.

📌 Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылды. Бұл – соның ішінде нарықтың қолжетімді тетіктерін қолдануға, делдалдық тізбектерді анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысына және аграрлық секторды дамытуға қатысты да мәселе.

✍️ Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр:

▪️«Сайрам» тұрғын алабын сумен қамтамасыз ету;
▪️«Тұран» шағын ауданында магистральдық кәріз коллекторы мен оқушылар сарайын салу;
▪️жалпы Шымкентте жол инфрақұрылымын салуды қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

✍️ Сонымен қатар Әлихан Смайылов жылу желілерін, сорғы станцияларын қайта жаңарту, қазандықтарды жаңғырту және «Қайнарбұлақ» тұрғын алабын газбен жабдықтау қажеттігін атап өтті.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Photo
Алихан Смаилов провел совещание по развитию Шымкента⬇️

📌 Премьер-Министр отметил, что акимату города следует уделить первоочередное внимание модернизации инженерной инфраструктуры, а именно сетей тепло-, электро-, газо-, водоснабжения и т.д.

«Шымкент расположен на юге нашей страны, поэтому низкие температуры здесь редкость. Вместе с тем от жителей города поступают жалобы на перебои с подачей тепла. Например, не так давно многоэтажки в районах «Жана Талап» и «Туран» оставались без отопления. Таких ситуаций акимату допускать нельзя», — подчеркнул Премьер-Министр.

📌 Глава Правительства положительно оценил высокие темпы роста строительства города. В частности, только за последние два года в эксплуатацию было введено свыше 2 млн кв. метров жилья. При этом он добавил, что на этом фоне в мегаполисе увеличивается нагрузка на транспортную сеть, что требует значительного повышения качества проводимых ремонтных работ, а также социальную инфраструктуру, в связи с чем нужно своевременно открывать новые школы, больницы и другие соцобъекты.

«В предстоящие три года в городе планируется построить 54 школы на 68 тыс. мест. Это внесет большой вклад в решение проблемы трехсменного обучения в Шымкенте», — сказал Алихан Смаилов.

📌 Премьер-Министр отметил необходимость продолжения системной работы по сдерживанию роста цен на социально-значимые продовольственные товары. Это в том числе касается применения доступных рыночных механизмов, деятельности региональной комиссии по выявлению посреднических цепочек и развития аграрного сектора.

✍️ Подводя итоги заседания, Премьер-Министр поручил проработать вопросы:

▪️обеспечения водой жилого массива «Сайрам»;
▪️строительства магистрального канализационного коллектора и Дворца школьников в микрорайоне «Туран»;
▪️увеличения объемов финансирования строительства дорожной инфраструктуры в Шымкенте в целом.

✍️ Алихан Смаилов также обозначил необходимость реконструкции тепловых сетей, насосных станций, модернизации котельных и газоснабжения жилого массива «Кайнарбулак».

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Қазақстанда Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазгидрометтің» болжамы бойынша республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл өз кезегінде мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

📍 Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет екенін атап өтті.

«Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды», — деді Әлихан Смайылов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
🔴Қазақстанда Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды. Төтенше…
🔴 Правительственная комиссия по подготовке к паводкам создана в Казахстане

Вопрос принятия оперативных мер по подготовке к паводковому периоду рассмотрен на совещании в Цифровом офисе Правительства под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова.

Министр по чрезвычайным ситуациям Юрий Ильин доложил, что по прогнозу «Казгидромета», на юге и юго-востоке республики с 31 января по 4 февраля ожидаются сильные осадки в виде дождя и мокрого снега, а также повышение температурного фона. По его словам, учитывая накопившиеся влагозапасы, это может спровоцировать активное снеготаяние, формирование талого стока, ослабление ледовых явлений и подъем воды в реках.

📍В этой связи Алматинской, Туркестанской, Кызылординской, Жамбылской и Жетысуской областям поручено с 30 января активизировать подразделения гражданской защиты.

Премьер-Министр отметил, что акиматам регионов совместно с МЧС нужно принять все необходимые безотлагательные меры.

«Сейчас нам надо перейти в режим повышенной готовности к паводковой ситуации. Мы видим, что из-за погодных условий угроза резко возрастает. Для усиления координации в этом направлении начнет работать специальная правительственная комиссия во главе с первым заместителем Премьер-Министра Романом Скляром», — сказал Алихан Смаилов.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️ Видеодайджест.
ҚР Премьер-Министрі
Әлихан Смайыловтың жұмыс аптасы қалай өткенін бейнешолудан көріңіздер⤴️

https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
▶️ Видеодайджест. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жұмыс аптасы қалай өткенін бейнешолудан көріңіздер⤴️ https://t.me/KZgovernment
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️ Видеодайджест.
Как прошла рабочая неделя Премьер-Министра РК Алихана Смаилова, смотрите в видеообзоре⤴️

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенбі, 28 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

📈 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,1 трлн теңгені (жылдық жоспардың 94,2%-ы) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға артық.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау сияқты салаларда өсім тіркелді.

Орталық мемлекеттік органдар арасында жылдық жоспарды Ғылым және жоғары білім (121,8%), Денсаулық сақтау (103,5%), Оқу-ағарту (102,3%) министрліктері орындады.

🔻Ең төмен көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар (79,4%), Мәдениет және спорт (72,5%) министрліктеріне тиесілі.

🔻Өңірлер арасында Ұлытау (75,6%), Атырау (84,2%) және Жамбыл (86,5%) облыстары аутсайдер болып отыр.

🔴Премьер-Министр Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын атап өтті.

«Өңірдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жетпей қалған сома 50 млрд теңгеден асады. Әкімдік бұл олқылықты жаңа жобалар есебінен толтыруы тиіс еді. Облыстың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және туындайтын проблемаларды уақытылы шешуді қаматамыз етуі қажет еді», — деді Әлихан Смайылов.

🔴Үкімет басшысы Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмағанын атап өтті.

«Инвестициялардың 60%-дан астамы Теңізшевройл және KPI ірі жобаларына тиесілі. Өңір басшылығы индикатордың орындалмауын жоғарыда аталған жобалар бойынша инвестициялар көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Әкімдік осы жобалардың аяқталу мерзімін болжап, өсімнің қосымша көздерін алдын ала іздестіруі керек болатын», — деді Әлихан Смайылов.

🔴Сонымен қатар Премьер-Министр Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен болғанын атап өтті.

❗️Жалпы Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.

«Кейбір өңірлерде инвестиция 1-2%-ға ғана өскен, әкімдіктер оны жетістік деп түсіндіруге тырысты. Бірақ бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес республика бойынша өсім 8%-ды құрады. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге 25%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл жыл сайын өсім 10%-дан жоғары болуы керек дегенді білдіреді», — деді Үкімет басшысы.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM