ХИМИЯ | ҰБТ | JUZ40
7.65K subscribers
1.11K photos
210 videos
239 files
199 links
Курсқа тіркелу/толық ақпарат алу үшін: 👉 https://clck.ru/3UZmWb
Download Telegram
Бүгін сендерге мамандық жайлы ақпарат беріп өткім келіп отыр🤭❤️
❤7
Мұғалім жолын таңдап отырған оқушылар бар ма екен?
❤2🥰1
Жалпы биохим таңдап жатқан болсақ, биология пәнінің мұғалімі және химия пәнінің мұғалімі бола аласыңдар
Химия-биология деп екі пәннен де мұғалім болуға болады👩🏻‍💻
❤1
Жалпы ПЕД мамандықтарға проходной балл 75+ баллдан басталады🫶🏻
Естегенде боларсыңдар, ПЕД және МЕД мамандықтарына қазіргі таңда айына 84000 степендия төленеді🥳✅
❤2🤩2
Биология пәні мұғалімінде оқитын студенттің өмірінен😂
❤2
Күнделікті осындай түрлі жәндіктер, жануарларды зерттейтін боласыңдар биология мұғаліміне түссеңдер
Кітапта оқығандарыңды, қолмен жасап, көзбен көресіңдер😅🫶🏻
Сәлем сәлеем, химиктеер😍🫶🏻
Байланыста Алтош апай🪭
Сендермен ары қарай мамандық бойынша жалғастыратын боламыын💌👉🏻👈🏻
❤15😁1
Медицинаға қызығып, түскісі келіп жүрген оқушылар бар маа?🫣😁
❤16🤩2
🩺 2026 жылғы Қазақстандағы медицина гранттары

2026–2027 оқу жылына Қазақстанның «Денсаулық сақтау» бағытына жалпы 2700 грант қарастырылған. Оның ішінде негізгі конкурс бойынша 2239 грант, ал квоталар бойынша тағы 461 орын бар.
Оның ішіндее👇🏻

Мамандық Грант саны
🩺 Медицина (ВМ086) 1501
👶 Педиатрия (ВМ088) 485
🧑‍⚕️ Медициналық-профилактикалық іс (ВМ089) 146
💊 Фармация (В085) 68
👩‍⚕️ Мейіргер ісі (В084) 19
🌎 Халықаралық келісімдер бойынша 20
Барлығы 2239
Квоталар 461
🔥 Жалпы 2700
❤5
«Медицина» дегеннің өзі не?

Мұнда тағы бір маңызды нюанс бар.

ВМ086 — «Медицина».
Бұл — дәрігерлік бағыт.

Ал:

• ВМ088 — Педиатрия
• ВМ089 — Медициналық-профилактикалық іс
• В085 — Фармация
• В084 — Мейіргер ісі

— бұлардың барлығы денсаулық сақтау саласына кіргенімен, бір мамандық емес.
❤6
Әр денсаулық сақтау мамандығына жеке-жеке тоқталып өтсем🥰
❤4
🩺 ВМ086 — Медицина

⏳ Оқу мерзімі: 6 жыл.
2026–2027 оқу жылында толық оқу мерзімін 6 жыл деп көрсетеді.

🎓 Оқуды бітіргенде: дәрігер біліктілігіне ие болады.

Бірақ маңыздысы — 6 жыл бітірді = бірден нейрохирург, кардиолог, хирург болды деген сөз емес.

Схемасы шамамен:

6 жыл Медицина → дәрігер → резидентура → нақты мамандану

Мысалы, резидентурадан кейін:

🧠 нейрохирург
❤️ кардиолог
🩸 гематолог
🫁 пульмонолог
🦴 травматолог-ортопед
🔪 хирург
👩‍⚕️ акушер-гинеколог
👁️ офтальмолог
🧴 дерматовенеролог
🧒 балалар бейініндегі дәрігер
және басқа да көптеген тар бейінді дәрігер болуға болады.
❤7
🩺 2.ВМ088 — Педиатрия

6 жыл → дәрігер-педиатр 👶

Бұл бағытты таңдаған адам балалардың денсаулығымен жұмыс істейді: ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу, баланың дамуын бақылау.

Мысалы, кейін:

учаскелік педиатр;
балалар ауруханасының дәрігері;
балалар бөлімінің дәрігері;
кейін резидентура арқылы тар бейінді маман бола алады.

Қазақстанда педиатрия бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасының жалпы мерзімі 6 жыл, ал түлектің біліктілігі — «дәрігер».
❤3
🦠 3. ВМ089 — Медициналық-профилактикалық іс

5 жыл → дәрігер-гигиенист, эпидемиолог 🦠

Мұнда басты фокус — бір адамды емдеу емес, аурудың халық арасында таралуын болдырмау.

Мысалы:

жұқпалы аурудың таралуын зерттеу;
эпидемиологиялық бақылау;
су, ауа, тағам, еңбек жағдайларының санитариялық қауіпсіздігін бағалау;
инфекция ошақтарын зерттеу;
профилактикалық шараларды ұйымдастыру.

Сондықтан бұл мамандықты бітірген адам дәрігер-гигиенист немесе дәрігер-эпидемиолог ретінде жұмыс істей алады.
❤2
💊 4.В085 — Фармация

5 жыл → фармацевт 💊

Бұл — «дәріханада дәрі сататын адам» дегеннен әлдеқайда кең мамандық.

Фармацевт:

дәрілік заттардың қасиетін;
олардың сақталуын;
қолданылуын;
дәрілердің өзара әсерін;
фармацевтикалық технологияны;
дәрілік препараттардың сапасын зерттейді.

Жұмыс орындары:
дәріхана → фармацевтикалық компания → дәрі өндіру → сапаны бақылау зертханасы → фармацевтикалық ұйымдар.

Ресми үлгілік бағдарламада фармацияның оқу мерзімі 5 жыл, біліктілігі «фармацевт» деп көрсетілген.
❤4🔥1🍓1
👩‍⚕️ 5. В084 — Мейіргер ісі

4 жыл → мейіргер 👩‍⚕️

Бұл жерде бір нәрсені міндетті түрде түсіну керек:

мейіргер ≠ дәрігер.

Мейіргер пациентке күтім жасау, медициналық процедураларды орындау, дәрігер тағайындауын жүзеге асыру, пациенттің жағдайын бақылау сияқты жұмыстарды атқарады.

Жұмыс істей алады:

ауруханада;
емханада;
реанимацияда;
операциялық бөлімде;
жедел медициналық көмек жүйесінде;
жеке клиникада;
басқа медициналық ұйымдарда.

Жалпы орта білімнен кейінгі В084 бағдарламасының стандартты мерзімі 4 жыл. Сонымен қатар бұрын медициналық білімі бар адамдар үшін қысқартылған нұсқалары да бар.
❤5👍1🍓1
Мен қазір АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ медицина мамандығы бойынша грантта оқып жатырмын🥰🫶🏻

Сендерді де осы жерде күтемін!
Медицинаға деген мотивацияларың ашылу үшін, группаластарымызбен түсірген влогты көруге ұсыныс береміін😁👇🏻

https://youtu.be/EogonKhEHH4?si=yhVHTLkz2tfTWefR

Менің тобымның тикток аккаунты: https://www.tiktok.com/@205om.mua?_r=1&_t=ZS-9AC69oZTSxI
❤16🍓1
Назарларыңа рахмеет оқушылар🦋💙

Қалаған мамандықтарыңа грантқа түсулеріңе тілектеспін💌 (мәліметтер ұнаса,реакция қойып отырайық🌟)
❤21👍1🍓1