Ermek Marzhyqpaev
693 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Отандасымыз Германиядағы WTA 500 турнирінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» санатындағы төрт жарыстың жеңімпазы польшалық Ига Швентекті жеңіп, финалға шықты.

Аса тартысты өткен кездесу үш сетке жалғасып, Елена Рыбакина 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Штутгарттағы турнирдің финалында Рыбакина Маркета Вондроушова (Чехия) мен Марта Костюк (Украина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакинаға шешуші матчта сәттілік тілеймін!

Алға, Елена! Алға, Қазақстан!

*

Поздравляю Елену Рыбакину, лидера женской сборной Казахстана, и всех любителей тенниса с яркой победой!

Наша соотечественница обыграла первую ракетку мира и вышла в финал турнира WTA-500.

Ее соперницей была победительница четырех турниров "Большого шлема" полька Ига Швёнтек в полуфинале турнира в Германии.

Напряженный матч завершился со счетом 6:3, 4:6, 6:3 триумфом казахстанки. В своем первом в карьере финале турнира в Штутгарте Рыбакина сыграет с победительницей матча между Маркетой Вондроушовой (Чехия) и Мартой Костюк (Украина).

Желаю нашей прославленной спортсменке, чтобы удача сопутствовала и в решающем матче!

Алға, Елена! Алға, Казахстан!
Өткен апта ел спортшылары үшін олжалы болды. Өйткені, жерлестеріміз ел қоржынына Париж Олимпиадасының бірнеше жолдамасын салып қана қоймай, шет елдерде өтіп жатқан халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінді.

Атап айтар болсақ, каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Ұлттық құрама спортшылары Париж Олимпиадасының 6 жолдамасына қол жеткізсе, балуандар Бішкектегі лицензиялық турнирде бес жолдаманы ел қоржынына салды. Сонымен қатар спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, академиялық ескек есуден Владислав Яковлев бір-бір жолдамадан жеңіп алды. Бадминтоншы Дмитрий Панарин де Париж Олимпиадасының лицензиясына иелік етті. Бұдан бөлек, пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиадасының лицензиясын алды.
Теннистен ұлттық құрама көшбасшысы, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Германиядағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанса, дзюдодан Гонконгтегі Азия чемпионатында Эсмигуль Куюлова (-63 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Жанарыс Рахметқали (66 кг) қола жүлдеге ие болды. Спорттық гимнастикадан Дохадағы Әлем кубогінде Милад Карими еркін жаттығуда чемпион атанса, Дмитрий Патанин қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Бішкектегі күрес түрлерінен Азия чемпионатында Ұлттық құрама балуандары 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль олжалап, жанкүйерлердің мерейін тасытты.

Отандық жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймын. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспін.
Прошедшая неделя стала для казахстанского спорта триумфальной. Наши спортсмены не только принесли в копилку страны несколько путевок на Парижскую Олимпиаду, но и стали лучшими на международных соревнованиях.

На чемпионате Азии по гребле на каноэ и байдарках спортсмены национальной сборной завоевали 6 путевок на Парижскую Олимпиаду, а борцы на лицензионном турнире в Бишкеке принесли в копилку страны еще пять путевок. Также по спортивной гимнастике Нариман Курбанов и по академической гребле Владислав Яковлев, завоевав путевку, отправятся в Париж.. Бадминтонист Дмитрий Панарин также стал обладателем лицензией на Олимпийские игры. Кроме того, паралимпиец Темирхан Дайырбек выиграл чемпионат Азии по академической гребле и получил лицензию Паралимпиады-2024.

Лидер национальной сборной по теннису, 4-я ракетка мира Елена Рыбакина стала чемпионкой турнира WTA 500 в Германии, на чемпионате Азии по дзюдо в Гонконге Эсмигуль Куюлова (-63 кг) завоевала серебро, Галия Тынбаева (48 кг) и Жанарыс Рахметкали (66 кг) - бронзу. На чемпионате мира по спортивной гимнастике в Дохе Милад Карими стал чемпионом в вольной программе, а Дмитрий Патанин завоевал бронзовую медаль. На чемпионате Азии по борьбе в Бишкеке отечественные борцы завоевали 2 золотые, 4 серебряные, 6 бронзовых медалей.

Поздравляю всех спортсменов, которые порадовали болельщиков яркими победами. Хочу пожелать, чтобы в предстоящих состязаниях они также были в числе лучших.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өткен демалыс күндері грек-рим және еркін күрестен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатыстым. Юрий Мельниченко және Беласар Пернебек спортшылардың физикалық және психологиялық жағдайы туралы айтып берді. Бұл күндері Олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан балуандар кездесуге толық құраммен қатысты.

Айта кетейік, біздің білекті балуандарымыз жуырда ғана мәресіне жеткен халықаралық бәсекеде тәуір өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасының еркін күрестен – 3, грек-рим күресінен 4 лицензиясын жеңіп алды. Енді балуандар үшін қазір өте маңызды кезең. Өйткені төрт жылдықтың басты додасына жақсы дайындықпен баруға тиіс. Аталған базада спортшыларға жоғары деңгейде дайындалуға барлық жағдай жасалған.
В минувшие выходные посетил тренировочный процесс национальной сборной по греко-римской и вольной борьбе. Главный тренер борцов греко-римского стиля Юрий Мельниченко и наставник по вольной борьбе Беласар Пернебек рассказали о физическом и психологическом состоянии спортсменов. Национальная команда, которая в эти дни проводит учебно-тренировочный сбор в центре олимпийской подготовки, приняла участие в встрече практически полным составом.
Кстати, наши борцы продемонстрировали хорошее выступление на недавних международных первенствах, завоевав по вольной борьбе 3 путевки и 4 лицензии. Это им обеспечило выход на Олимпиаду – 2024, ведь сейчас самый важный период за четырехлетний олимпийский цикл – это индивидуальная подготовка к самой Олимпиаде. На нашей базе для тренировок созданы все условия, которые позволяют спортсменам выйти на пик формы.
«Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында спорт, спорттық оңалту, психология саласының мамандарымен және әртүрлі спорт түрі бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларға кеңес беретін Қазақстандағы Ұлттық допингке қарсы орталық өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынның күн тәртібінде – спортшыларды ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолдау, олар туралы деректерді жинау және талдау, спортшының физикалық қабілетін жақсартып, жарақаттан кейін қалпына келтіру және оңалту үшін оларға тән сираттамаларды өңдеу мәселесі тұрды.
Қазіргі кезеңде спортшыларды даярлауда әлемдік трендтерден қалыс қалмау үшін соңғы ғылыми жетістіктерді енгізу маңызды.
Министрлік бұл технологияларды спортшылардың жаттығуларына енгізбес бұрын олардың тиімділігін егжей-тегжейлі зерттейді.
SportPerformanceHub-пен кездесуге қатысушылар Париж Олимпиадасына дайындық алдында отандық спортшыларды жаттықтырудың инновациялық әдістерін ұсынды:
- спортшылардың қазіргі функционалдық жағдайын бағалау (тестілеу);
- инвазивті емес бақылау құралдары;
- рекреацияның заманауи әдістері және dartfish бейне талдау жүйесі.
В Центре олимпийской подготовки «Алматы» прошла встреча со специалистами в области спорта, спортивной реабилитации, психологии и представителями Национального антидопингового центра в Казахстане. Они действующие консультанты атлетов и тренеров по разным видам спорта.

На повестке совещания - обеспечение спортсменов научно-методической поддержкой, которые позволяют улучшить физические показатели, а также период реабилитации после травм.
На текущий период в сфере спорта ВАЖНО внедрять последние научные достижения для того, чтобы процесс подготовки наших атлетов не отставал от мировых трендов.
Министерство более подробно изучит эффективность данных технологий перед внедрением их в тренировки атлетов.
Участники встречи со «SportPerformanceHub» предложили свои инновационные методы ведения тренировок отечественных спортсменов перед подготовкой к Олимпиаде 2024 в Париже:
- оценка текущего функционального состояния атлетов (тестирования);
- неинвазивные средства мониторинга;
- современные методы рекреации и система видеоанализа DartFish.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елордада бокстан 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сары құрлық біріншілігінде Азияның 25 елінен келген 400-ге жуық боксшы өз өнерін ортаға салды. Турнирдің басынан соңына дейін жекпе-жектер өте тартысты және қызықты өтті. Боксшылар олимпиадалық жүйе бойынша екі жас санатында жұдырықтасты.

Отандық былғары қолғап шеберлері Азия чемпионатында өте жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстан жастар құрамасы турнир қорытындысы бойынша 11 алтын медаль олжалап, Өзбекстан (7 алтын) мен Үндістан (5 алтын) сияқты басты бәсекелестерін басып озды. Ал Қытай мен Иран құрамалары бір-бір алтын медаль еншіледі.

Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте топ жарған бокстан Қазақстан жастар құрамасын шын жүректен құттықтаймын, жас спортшыларға алдағы жарыстарда табыс тілеймін.
В Астане завершились финальные бои Чемпионата Азии по боксу ASBC U22 среди юношей и девушек до 22 лет, в котором приняли участие около 400 боксеров из 25 стран континента. Поединки выдались особенно напряженными и зрелищными. Они прошли по олимпийской системе в двух возрастных категориях.

Наши мастера кожаных перчаток продемонстрировали хороший результат. По итогам молодежного турнира Казахстан выиграл 11 золотых медалей и обошел своих главных конкурентов — Узбекистан (7 золотых медалей) и Индию (5 золотых медалей). Еще по одному «золоту» завоевали Китай и Иран.

Хочу поздравить сборную Казахстана с победой в медальном зачете на чемпионате Азии по боксу и пожелать дальнейших успехов молодым спортсменам.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Judo Grand Slam халықаралық турнирі басталды. Ел аумағында осындай рейтингтік маңызды жарысты өткізу – үлкен сенім және жауапкершілік. Әлемнің ең мықты дзюдошылары елордада бас қосып, Париж Олимпиадасының соңғы рейтингтік ұпайларын сарапқа салады.

Осы іс-шара қарсаңында дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы Сехей Ономен кездестім. Біз Қазақстанда дзюдо спортын дамыту бойынша әлеуетті ынтымақтастықты талқыладық. Елімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келе жатыр. Қазіргі таңда 150 мыңнан аса спортшы елдегі 3,5 мың секцияда спорттың дәл осы түрімен айналысады.

Кездесу соңында Сехей Қазақстандағы жоспары туралы айтып берді. Ол ел спортшылары мен жаттықтырушыларға шеберлік сағатын өткізеді.
Сегодня во дворце единоборств «Жекпе-жек» им. Жаксылыка Ушкемпирова стартует Международный турнир большой шлем «Qazaqstan Barysy Judo Grand Slam. Принять такой значимый рейтинговый турнир Grand Slam (Большой шлем) на территории страны – это большое доверие и ответственность. Лучшие дзюдоисты мира соберутся у нас и будут бороться за набор очков на Олимпийские игры в Париже.

В преддверии этого события встретился с двукратным Олимпийским чемпионом по дзюдо Сёхэй Оно. Мы обсудили потенциальное сотрудничество в сфере развития дзюдо в Казахстане. Дзюдо имеет давние традиции развития в нашей стране. Более 150 тысяч спортсменов занимаются данным видом борьбы – это около 3,5 тысяч секций.

В конце нашей встречи Сёхей Оно поделиться своими планами в Казахстане. Он планирует провести для наших спортсменов и тренеров мастер-классы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерімен кездесіп, Отан қорғаушы күнімен құттықтадым. Армия орталық спорт клубы әскери жұмыс пен халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауды қатар жолға қойылған. Бұған әскери қызметшілер арасынан 9 спортшы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алғаны дәлел.

Әскери спортшылардың негізгі жетістіктерінің кілті – дәстүрді сақтай отырып, әрқашан өз-өзін дамытып жүрген жаттықтырушылар құрамының еңбегі. Сіздердің кәсібилігіңіздің арқасында біздің көптеген спортшымыз көшбасшыға айналып, көпке үлгі болып жүр.

Сонымен қатар сіздердің спортқа деген адалдық пен жеңіске деген ұмтылысыңыз спортшыларды шабыттандырып, армия қабырғасында қалыптасқан рухани күш пен мінездің беріктігі жеңіске жету жолындағы кез келген кедергіні еңсеруге мүмкіндік береді.

*

Сегодня встретился и поздравил представителей Спортивного комитета Центрального спортивного клуба армии Министерства обороны РК с Днем защитника отечества.

На сегодняшний день ЦСКА показывает свою отлаженную систему подготовки спортсменов международного уровня. Об этом свидетельствуют лицензии на Парижскую олимпиаду, завоеванные 9 спортсменами из числа военнослужащих.

Одним из важных компонентов успеха является тренерский состав, который продолжает сохранять и развивать лучшие традиции армейского спорта. Именно благодаря вашей работе и профессионализму многие наши спортсмены становятся лидерами и образцами для подражания. Ваша преданность спорту и стремление к победам вдохновляет и напоминает о том, что сила духа и твердость характера, привитые в стенах армии – позволяют преодолевать любые препятствия на пути к победе.
Хоккей федерациясының өкілдерімен кездесіп, әлем чемпионатының алдында ұлттық команданың болашағын талқыладық.

Бүгін Чехияның екі қаласы – Прага мен Остравада шайбалы хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы В тобында сынға түседі. Біздің жігіттер топтық кезеңдегі барлық матчты Острава қаласында өткізеді.

Жерлестеріміз алғашқы ойынын 12 мамырда Словакиямен бастайды. Ал 14 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады. Араға екі күн салып 16 мамырда Швециямен және 17 мамырда Германиямен кездеседі. 19 мамыр күні АҚШ құрамасымен ойнаса, 20 мамырда соңғы турда Польша хоккейшілерімен сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Чехияға ертерек барып, әлем чемпионатының А тобында өнер көрсететін Ұлыбритания құрамасымен жолдастық матч өткізді. Бұл ойында жерлестеріміз 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Спортшыларымызға мұзайдында сарқылмас күш-қуат пен жеңіске деген жігер тілеймін.