Ermek Marzhyqpaev
674 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Қазақстан Республикасының Спорт күнімен құттықтаймын!

Поздравляю вас с Днем спорта Республики Казахстан!
ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Футбол: Елорданың "Астана" клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Корвинул» командасын 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың плей-офф сатысына шықты.

Самбо: Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алды.

Шаңғы роллері: Щучье қаласында шаңғы роллерінен Әлем кубогінің II кезеңі өтті. ҚР жасөспірімдер құрамасы 12 жүлдеге ие болды. Үздік нәтижені Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Аида Хажиева, Әмірғали Мұратбеков, Григорий Дачкин және Берік Боранбаев көрсетті.

Аралас жекпе-жек: Абу-Дабиде (БАӘ) өткен аралас жекпе-жектен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Шайбалы хоккей: Президент кубогінде Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болса, «Барыс» ХК қола жүлде еншіледі.
ЯРКИЕ ПОБЕДЫ СПОРТСМЕНОВ СТРАНЫ НА ПРОШЛОЙ НЕДЕЛЕ

Футбол: Столичная команда «Астана» одержала победу со счетом 6:1 и вышла в раунд плей-офф Лиги конференций.

Самбо: На чемпионате мира по самбо в городе Чолпон-Ата (Кыргызстан) сборная Казахстана завоевала 2 золотые, 5 серебряных и 10 бронзовых медалей.

Лыжероллеры: В Щучинске прошел II этап Кубка мира по лыжероллерам. В копилке юниорской сборной РК 12 наград. Лучшие результаты показали Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Аида Хажиева, Амиргали Муратбеков, Григорий Дачкин и Берик Боранбаев.

Единоборства: На молодежном чемпионате мира по смешанным единоборствам в Абу-Даби (ОАЭ) сборная Казахстана завоевала 2 золотые, 2 серебряные и 4 бронзовые медали.

Хоккей: На Кубке Президента РК по хоккею сборная Казахстана заняла второе место, а ХК «Барыс» завоевал бронзовую медаль.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николоз Лалиашвилимен кездестім. Кездесу барысында спорт және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ әрі қарай дамыту әлеуетін талқыладық.

Биыл жыл басынан бері қазақстандық спортшылар Грузиядағы 10 жарысқа қатысып, 8 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Біздің спортшылар семсерлесу және дзюдо сияқты спорт түрлерінен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдады.

Туризм саласында да туристердің барыс-келісі жақсарғаны байқалады, бұл елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.
Встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Грузии в Казахстане Николозом Лалиашвили. В ходе встречи обсудили вопросы двустороннего сотрудничества в спортивной и туристической сферах, а также перспективы их дальнейшего развития.

С начала текущего года казахстанские спортсмены приняли участие в 10 соревнованиях и провели 8 учебно-тренировочных сборов в Грузии. Наши атлеты успешно обменялись опытом и навыками, особенно в таких видах спорта, как фехтование и дзюдо.

В сфере туризма также наблюдается активный обмен туристами, что способствует укреплению культурных связей между нашими странами.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жуырда елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысын пысықтау мақсатында ұлттық спорт түрлері бойынша федерация басшыларымен кеңес өткіздім.

Жиын барысында тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, құсбегілік және дәстүрлі садақ ату федерацияларының президенттері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары спортшылардың дайындығы туралы айтып берді.
_

Провёл совещание с руководителями федераций по национальным видам спорта для обсуждения хода подготовки к предстоящим 5-м Всемирным играм кочевников, которые пройдут в столице нашей страны.

В ходе совещания президенты федераций по тогызкумалак, қазақ күресі, асық ату, құсбегілік и традиционной стрельбе из лука рассказали о выполненной работе, а главные тренеры национальных сборных – о готовности спортсменов.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын қабылдайтын елордадағы қонақ үйлердің дайындығымен, сондай-ақ Этноауылдағы құрылыс және абаттандыру жұмысымен таныстым.
ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Шахмат: Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде 5,5 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсті.

Байдарка мен каноэде есу: Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен әлем чемпионатында каноэде 500 метрге ескек есуде отандасымыз Мария Бровкова мәреге үшінші келіп, қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:09.731 секунд.

Велоспорт: Тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Қытай) қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов күміс медаль иеленді. Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті.

Күрес: Амманда (Иордания) өткен күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Каратэ: Филиппин астанасы Манилада мәресіне жеткен WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз 4 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.

Самбо: Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында өткен самбодан Әлем кубогінде Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 5 күміс, 10 қола медаль еншіледі.

Футзал: Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында елордада Тәжікстан футзалшыларымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы матч 3:0 есебімен, екінші ойын 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Аралас жекпе-жек: Пәкістанның Лахор қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында отандастарымыз 7 алтын, 9 күміс және 10 қола жүлдеге ие болды.
ЯРКИЕ ПОБЕДЫ КАЗАХСТАНСКИХ СПОРТСМЕНОВ НА ПРОШЛОЙ НЕДЕЛЕ

Шахматы: Бибисара Асаубаева заняла второе место на этапе Гран-при в Тбилиси, набрав 5,5 очков. В последнем раунде она сыграла вничью с Вейшали Рамешбабу (Индия).

Гребля на байдарках и каноэ: На чемпионате мира в Самарканде (Узбекистан) наша соотечественница Мария Бровкова финишировала третьей в гребле на каноэ на дистанции 500 метров, завоевав бронзовую медаль с результатом 2:09.731.

Велоспорт: На юниорском чемпионате мира по велоспорту на треке (Китай) казахстанский велосипедист Данияр Шаяхметов выиграл серебряную медаль. Велогонщик выступал в дисциплине кейрин.

Борьба: На чемпионате мира по борьбе до 17 лет в Аммане (Иордания) казахстанские борцы получили 3 серебряные и 4 бронзовые медали.
Каратэ: На юношеском и молодежном чемпионате Азии по каратэ WKF, завершившемся на Филиппинах, наши спортсмены показали отличные результаты, завоевав 4 золотые, 6 серебряных и 4 бронзовые медали, что обеспечило им третье место в общекомандном зачете.

Самбо: На чемпионате мира по самбо в Чолпон-Ате (Кыргызстан) спортсмены сборной Казахстана взяли 2 золотые, 5 серебряных и 10 бронзовых медалей.

Футзал: В преддверии чемпионата мира в Узбекистане сборная Казахстана провела два товарищеских матча с таджикскими футзалистами в столице, одержав победу в обоих матчах. Первый завершился со счетом 3:0, второй — 4:3 в пользу Казахстана.

Смешанные единоборства: На чемпионате Азии, организованном в Пакистане, наши спортсмены стали обладателями 7 золотых, 9 серебряных и 10 бронзовых медалей.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Туризм және спорт министрлігінің қызметіне бей-жай қарамайтын қоғам өкілдерінің бірқатар ұсынысы мен өзекті мәселесін тыңдадым.

Астана қаласының тұрғыны қазақ футболындағы қордаланған мәселелерді ортаға салып, елімізде футболды дамытуға қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Екібастұз қаласының азаматы аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арнап бейімделген жеңіл атлетика спортын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ қабылдау барысында еліміздің туризм саласын дамыту, шетелдіктерге отандық демалыс аймақтарын таныстыру, инвесторларды тарту сияқты ұсыныстар айтылды.

Азаматтардың барлық өтінішін министрлік қызметкерлері бақылауға алды. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Провёл очередной приём граждан, где выслушал ряд предложений и актуальных вопросов от представителей общественности, неравнодушных к деятельности Министерства туризма и спорта.

Житель Астаны поднял вопросы, связанные с проблемами в казахстанском футболе, и выразил желание участвовать в его развитии. Гражданка из Экибастуза предложила внедрить в систему подушевого нормативного финансирования легкоатлетический спорт, адаптированный для детей с аутизмом и другими умственными особенностями.

Кроме того, на приёме прозвучали предложения по развитию туристической отрасли страны, популяризации отечественных зон отдыха среди иностранцев и привлечению инвесторов.

Все обращения граждан были взяты на контроль сотрудниками министерства, а ответственным лицам даны соответствующие поручения.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының Бас хатшысы Нассер Айман Маджалимен кездестім. Мұсылман елдеріндегі спортты дамытудағы қауымдастықтың маңызды рөлін және біздің ынтымақтастығымыздың маңыздылығын талқыладық.

Ұйымның ең негізгі жарысы – төрт жылда бір ұйымдастырылатын Ислам ынтымақтастығы ойындары. Қазақстан құрамасы аталған ойындарға үш рет қатысты. Сауд Арабиясындағы алғашқы ойындарда біздің құрама жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Соңғы ойындарға 125 спортшымыз қатысып, 27 алтын, 23 күміс және 39 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте үздік бестіктің қатарынан көрінді.

Кездесу соңында Насер Айман Маджалиді Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының құрметті қонағы болуға шақырдым.
Встретился с Генеральным секретарем Спортивной ассоциации исламской солидарности Нассером Айманом Маджали. Обсудили важную роль ассоциации в развитии спорта в мусульманских странах и значимость нашего сотрудничества.

Одним из ключевых событий являются Исламские игры солидарности, которые проводятся каждые четыре года. Сборная Казахстана трижды участвовала в этих Играх. На первых Играх в Саудовской Аравии наша команда заняла третье место в общем зачете. На последних Играх 125 казахстанских спортсменов вошли в пятерку лучших, завоевав 27 золотых, 23 серебряных и 39 бронзовых медалей.

В завершение встречи я пригласил Нассера Аймана Маджали стать почетным гостем Всемирных игр кочевников, которые пройдут в Астане.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордада Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының өкілдері, депутаттар, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, сала ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, белгілі спортшылар мен жаттықтырушылар, өңірлік басқармалардың, федерациялардың, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Олимпиадаға дайындық барысында әр федерациямен, бапкерлік штабпен кездесулер өткізіп, олардан медаль жеңіп алуға міндеттеме алған едік. Алайда, бірнеше федерация өздеріне тиесілі міндеттеме үдесінен шыға алған жоқ. Париж Олимпиадасы бізге жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек екенін көрсетті. Өйткені біз үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлерінен дайындық әлсіз, нәтиже нашар болып шықты.

Облыстық спорт басқармалары да ұлттық құрамаға спортшы және резерв дайындауда шетте қалып қоймай, белсенді жұмыс істеуі керек. Қазірден бастап мүдделі тараптармен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастаған жөн. 2025 жылы Харбинде (Қытай) 9-шы қысқы Азия ойындары, 2026 жылы Милан мен Кортина-дАмпеццода (Италия) қысқы Олимпиада өтеді. Ұлттық құраманың дайындығын қазірден бастап күшейту қажет.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!