Сарғайған дәптер ішінен
13 subscribers
288 photos
10 videos
4 links
влюблённая в жизнь и фотографии.
@saryshyraq
Download Telegram
Соңғы уақыттарда Иран, Ирак, Ауғанстан туралы көп ізденіп жүрмін. Сол жақтағы әйел адамдардың құқығы мүлдем жоқ екенін, олардың тағдыры талқыға түсіп жатқанын көріп, бүртүрлі болдым. Бейкүнә халықтың, әсіресе дауысы жетпей жатқан нәзік жандардың жай-күйіне жаным ашыды.

Бұрын бұл елдер қандай еді? Тарих парақтарын ақтарсаң, еркін күлген, білім қуған, болашаққа сеніммен қараған аруларды көресің. Ол кезде олардың жанарында мұң емес, өмірге деген құштарлық бар еді. Ал қазір бәрі өзгерген... Бәрі қараңғылыққа торланғандай. Олардың еркіндігі мен армандары темір торға қамалған құстай күй кешуде. Ең қарапайым құқықтар үшін күресу, өз таңдауыңнан айырылу- бұл үлкен трагедия. Осы бір әділетсіздікті көргенде, әлемнің бір шетінде әйел бақытының осылайша тұншығып жатқанына жүрегім ауырады. Қашан олардың да аспаны ашылып, жүздеріне күлкі үйірілер екен?
Күні қанша, бұл қыстың түні қанша?
Ызғарынан сезімім тірі қалса...
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
біз көктемді, ал көктем бізді күткен.
❤2
Көңілімнің көгіне
хаттарыңнан
батпырауық ұшырып мәз боламын.
«Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады».
туған күнімммееен🌷🌷
❤2
күз мені қайтаршы деп ақырын сұрайды.
сен менің ұлы жеңілісім һәм жеңісім.
қанша жақын болсақ та, тым алыспыз.
❤2
4-жылда өте шықты.
Оралды жатырқаған қыз
енді қимай кетіп барады.
сағынамын,
сау бол.
бәлкім көрісерміз...
❤1
Біздің бақыт
күннің батысында ма екен,
әлде шығысында ма?
екеумізде де бір арман, бірақ сахналарымыз әртүрлі.
💔1
Дүниемен өлшенбейтін ең бағалы сезім – ол сен деп тұратын адамның бар болуы. Сені елеп, сен тыңдайтын жанның болғаны бөлек. Өзгелерді елемей, көзі мен көңілі тек саған ауатын, сені көргенде жанары жайнап, сені іздеп тұратын адамды кездестіру - бір ғанибет! Ең бастысы, адалдық пен шынайылыққа негізделген махаббат қана ұзаққа барады.

© Дінмұхамед Қонаев
❤1
Кейде нені сағынып жүргеніңді өзің де білмейсің.
❤2
біз қашан кездесер екенбіз?
ақ ұлпа қар жауғанда ма, жоқ әлде ағаштар бүршік атқанда ма?
мүмкін, жапырақтар сарғайғанда? әлде қызғалдақ жайнағанда ма?
❤1
тынымсыз бір ой біткенде, келесісі дайын тұрады.
белгісіз күндерден қорқамын, барлығын жоспарлағым келеді.
бірақ өмір жоспарға қарай ма?
❤2
Кей адамдарға қарасаң, өмір сүргің келеді
(әсіресе күлкісі әдемі адамдарға).
❤2
Өзімді өзімнен басқа кім жеңеді?
❤2
біреулер үшін махаббаттың мерзімі бар.
ал біреулер “махаббат ескірмейді” дейді.🤷‍♀️
❤2