«Тик-ток үшін түсіріп едім»: «4 әйелі бар бас имам жайлы» видео салған адам кешірім сұрады
Белгісіз ер адам әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Оның видеосын ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы таратты.
▪️КЕШІРІМ СҰРАУ
-
Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны мен бір арам оймен, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, тик токқа салу үшін түсірген едім. Сол үшін бүкіл Қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананыі бас имамынан кешірім сұраймын. Сол түсірген үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де әкемін. Үш баланың әкесімін. Жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырлардан кешірім сұраймын. Сондай бір жаман ой болған жоқ. Шу болып кетеді деп ойламадым. Арам ой менде болған жоқ, – дейді ол адам.
https://qaz.ulysmedia.kz/news/25701-tik-tok-ushin-tusirip-edim-4-ieli-bar-bas-imam-zhaily-video-salgan-adam-keshirim-surady/
☑️Ұлысқа жазылыңыз