This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Кәрім Мәсімовты өмірінің соңына дейін түрмеде өткізуі мүмкін екенін айтты.

“Менің білуімше, соттың үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ. Прокуратураның сұрағаны 21 жыл деп айтылды. Мүмкін прокуратура тарапынан жазаны қатаңдату туралы наразылық берілер деген үміттемін”, - деді депутат.

Сөзінше, Мәсімов жазасын толық өтейді.

“Егер жасымен есептейтін болсақ 70-тен асады екен. Орташа есеппен 75-ке келеді екен. Сондықтан ол кісі соңғы өмірін түрмеде өткізіп қалуы ғажап емес”, - деді Абзал Құспан.

t.me/stankznews