This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Астанада жұмыс талап етіп, митинг ұйымдастырған мұнайшылардың артында «біреу тұруы мүмкін» екенін айтады.

Журналистердің сауалына жауап берген мәжіліс төрағасы мұнайшылардың талабының дұрыс яки бұрыс екенін нақты айта алмаған. Оның орнына ол бұл шараны ұйымдастырған адам болуы мүмкін екенін айтады.

«Мұның артында кім тұр? Кім мұны ұйымдастырды? Және сол жерде өткен тендер дұрыс өтті ме, дұрыс өтпеді ме соны да анықтау керек», - дейді Қошанов.

Бұл іспен құқық қорғау органдарының айналысып жатқанына назар аударған мәжіліс төрағасы «барлығы да мүмкін» деп түйіндеген.

t.me/stan.kz