‼️ Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалды

Оқиға 3 қазанда болған. Мерседес көлігін басқарған әйел шұңқырға түсіп, газ құбырларын зақымдаған. Салдарынан 8 қабатты үй газсыз қалды.

Полиция мәліметінше, тексеру кезінде 39 жастағы әйелдің мас болғаны анықталған. Хаттама жасалып, сотқа жолданды.

t.me/stankznews