Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Желіде автобус ішінде тосап төгіп алған қарияны қорғаған арудың әрекеті жұртты тәнті етті.

Қария кептеліс кезінде байқаусызда көліктің ішіне тосабын төгіп алған. Бұған ренжіген әйелдер оған қарсы түрлі сөздер айта бастайды. Алайда кадрларда автобус ішіндегі бойжеткеннің қарияны қорғағаны түсіп қалған. 

Ару өзіне ұрысып, “мұны енді кім жинап, сүртеді, неге бала-шағасы қарамаған” деген әйелдердің сөзіне намыстанып, еденді өзінің жейдесімен сүртіп алады. 

“Мен сүртемін. Бұлай деуге қалайша дәттеріңіз барады. Сіз де жасыңыз келген адамсыз ғой. Қария байқамай қалды, үлкен кісі емес пе?”,- деп ашуланады ару. 

t.me/stankznews