Үшаралдағы тойлардың бірінде ән айтқан әртіс ішімдік ішіп, той қонақтарымен төбелескен. Желі қолданушылары видеодағы әншінің Ұланғасыр Камиев екенін жарыса жазды. Видеодан әншінің соққыға жығылғанын көруге болады. Ал полиция той қонақтарынан ешқандай шағым түспегенін айтады. Дегенмен ащы суға сылқия тойып әншіге қатысты «Қоғамдық орында ішімдік ішу» бабымен хаттама толтырылған.
t.me/stankznews