«Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?!»: Гүлзира Айдарбекова ұшақта бортсерікпен ұрысып қалды
Қазақстанда танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақта шу шығарып, бортсерікпен кикілжіңге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. «Бордсерік қызбен ұрысып қалдым. Неге дейсіздер ме? Мен одан екі түрлі дәм сұрадым. Бірі – сиыр еті, екіншісі ащы «тауық еті». «Бізде ол қалмады, бітіп қалды» деп тұр. Ұшақта адам аз. Қалай бітіп қалады?! Түсініксіз. Біз не үшін бизнес класпен ұшамыз?! Қазақстанда да осындай мәселе алдыңнан шыға береді. Негізі аш та емеспін. Өйткені үйге барған сайын келіндерім сүрленген етін асып, күтіп алады. Сонда да бұлардың тірліктеріне таңғалдым, ашуландым. Ақшаны алғанда бәледей өздері. Осы ұшаққа мысалы үшін, 455 мыңға билет алдым. Енді соны қалайша реттемейді бұлар?! Сол ақшаның ішіне тамақты неге кіргізбейді», - деді ол.