🇰🇿1000-нан аса адам Мемлекеттік Әнұранды шырқады

Бүгін 4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне орай, "Спартак" стадионында Мемлекеттік Әнұранды орындау, Мемлекеттік Елтаңбаны ұлықтау және Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыс әкімдігі мен қала әкімдігінің қызметкерлері, депутаттар, полицейлер, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар мен студенттер қатысты.

Шара барысында, Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріліп,1000-нан аса адам бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды шырқады.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!