«Жасыл даму» АҚ
Photo
🌱 Қазақстан көміртегі жобаларын іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін дамытуда

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстандағы көміртегі жобаларын дамытуға арналған екі күндік іс-шара өтуде. Оған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдері, бірқатар шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнес өкілдері, климаттық жобаларды әзірлеушілер және сарапшылар қатысуда.

Іс-шара бағдарламасы Астананың Жасыл белдеуіне көшпелі сапардан басталды. Қатысушылар орман өсіру тәжірибесімен, сондай-ақ көміртегі жобаларын іске асыруға қолайлы әлеуетті учаскелермен танысты. Мұндай жобалар көміртекті сіңіру көлемін арттыруға, экожүйелердің орнықтылығын күшейтуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға ықпал ете алады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырды.

Іскерлік бағдарлама аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын іске асырудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ олардың Париж келісімінің 6-бабына сәйкес халықаралық көміртегі тетіктеріне қатысу мүмкіндіктері таныстырылды.

Жобаларды мемлекеттік мақұлдау, қол жеткізілген нәтижелерді есепке алу, мониторинг жүргізу және тәуелсіз верификация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл талаптарды сақтау көміртегі жобаларының ашықтығы мен сенімділігін, сондай-ақ олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, Қазақстанның Париж келісімінің нарықтық тетіктеріне қатысуы климаттық жобаларға инвестиция тартуға және ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Бизнес, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус және қаржы секторы өкілдерінің қатысуы көміртегі жобаларын инвестиция тарту, халықаралық ынтымақтастық және климаттық бастамаларды іс жүзінде іске асыру тұрғысынан жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Бұл бағыттың маңызы 2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістерге және тиісті заңға тәуелді актілердің әзірленуіне байланысты арта түсуде. Қалыптасып жатқан нормативтік база көміртегі жобаларын іске асыруға және шығарындыларды қысқарту нәтижелерін халықаралық деңгейде беруге, соның ішінде ITMO – халықаралық деңгейде берілетін қысқарту нәтижелерін пайдалануға жағдай жасайды.

Парниктік газдар шығарындылары сауда жүйесінің операторы болып табылатын «Жасыл даму» АҚ ұлттық климаттық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ шығарындыларды есепке алу мен реттеу тетіктерін жетілдіруге қатысуда.

Іс-шара барысында климаттық бастамаларды іске асырудың халықаралық тәжірибесі де таныстырылды. Оның ішінде Ғаламдық экологиялық қордың қолдауымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан БҰҰДБ жобалары мен BIOFIN бастамасы қарастырылды.

Бағдарламаның практикалық бөлігі мемлекет, инвесторлар және жоба әзірлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың нақты модельдерін талқылауға арналды. Қатысушылар көміртегі жобаларын әзірлеу және іске асыру, климаттық қаржыландыруды тарту, сондай-ақ шығарындыларды қысқарту нәтижелерін халықаралық деңгейде беру тетіктерін қолдану мәселелерін талқылауда.

Заңнаманы жетілдіру және Париж келісімінің 6-бабы тетіктерін дамыту Қазақстанның көміртегі нарығын одан әрі дамытуға, климаттық қаржыландыру тартуға және халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа экологиялық жобаларды іске асыруға негіз қалайды.

#Жасылдаму
«Жасыл даму» АҚ
🌱 Қазақстан көміртегі жобаларын іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін дамытуда Астанада Париж келісімі аясында Қазақстандағы көміртегі жобаларын дамытуға арналған екі күндік іс-шара өтуде. Оған Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі…
🌱 Казахстан развивает новые возможности для реализации углеродных проектов

В Астане проходит двухдневное мероприятие, посвященное развитию углеродных проектов в Казахстане в рамках Парижского соглашения. В его работе принимают участие Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев, Председатель Президиума НПП «Атамекен» Канат Шарлапаев, Председатель Правления АО «Жасыл даму» Ержан Сәрсенбай, представители офиса ПРООН в Казахстане, послы ряда иностранных государств, а также представители государственных органов, международных организаций, финансовых институтов, бизнеса, разработчики климатических проектов и эксперты.

Программа мероприятия началась с выездного посещения Зеленого пояса Астаны. Участники ознакомились с опытом лесоразведения, а также с потенциальными участками для реализации углеродных проектов. Такие проекты могут способствовать увеличению поглощения углерода, повышению устойчивости экосистем и улучшению качества окружающей среды.

Организаторами мероприятия выступили Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Программа развития ООН в Казахстане (ПРООН).

В рамках деловой программы представлены новые подходы к реализации углеродных проектов в Казахстане и возможности их участия в международных углеродных механизмах в соответствии со статьей 6 Парижского соглашения.

Особое внимание уделено вопросам государственной авторизации проектов, учету достигнутых результатов, мониторингу и независимой верификации. Соблюдение этих требований позволит обеспечить прозрачность и надежность углеродных проектов, а также их соответствие международным стандартам.

Как отметил Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев, участие Казахстана в рыночных механизмах Парижского соглашения открывает дополнительные возможности для привлечения инвестиций в климатические проекты и достижения национальных климатических целей.

Участие представителей бизнеса, международных организаций, дипломатического корпуса и финансового сектора позволило рассмотреть развитие углеродных проектов с точки зрения привлечения инвестиций, международного сотрудничества и практической реализации климатических инициатив.

Развитие данного направления приобретает особое значение с учетом принятых 8 июля 2026 года поправок в Экологический кодекс Республики Казахстан и разработки соответствующих подзаконных актов. Формируемая нормативная база создает условия для реализации углеродных проектов и международной передачи результатов сокращения выбросов - ITMO.

АО «Жасыл даму», являясь оператором системы торговли выбросами парниковых газов, принимает участие в развитии национальной климатической инфраструктуры и совершенствовании механизмов учета и регулирования выбросов.

В ходе мероприятия также представлен международный опыт реализации климатических инициатив, включая проекты ПРООН в Казахстане при поддержке Глобального экологического фонда и инициативы BIOFIN.

Практическая часть программы посвящена разбору конкретных моделей взаимодействия государства, инвесторов и разработчиков проектов. Участники обсуждают вопросы подготовки и реализации углеродных проектов, привлечения климатического финансирования и применения международных механизмов передачи результатов сокращения выбросов.

Совершенствование законодательства и развитие механизмов статьи 6 Парижского соглашения формируют основу для дальнейшего развития углеродного рынка Казахстана, привлечения климатического финансирования и реализации новых экологических проектов в соответствии с международными стандартами.

#Жасылдаму
«Жасыл даму» АҚ
Photo
♻️ «Жасыл даму» АҚ және өңірлер коммуналдық қалдықтарды басқарудың жаңа тәсілдерін талқылады

«Жасыл даму» АҚ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, аудандарда коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Талқылауға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес Қазақстан Республикасы бойынша қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.

Негізгі назар ауылдық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, қажетті инфрақұрылымды дамытуға және өңірлік жобаларды қаржыландыру тетіктеріне аударылды.

Қатысушылар коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде әр өңірдің ерекшелігін ескеру қажет екенін атап өтті. Кейбір аумақтарда елді мекендер бір-бірінен алыс орналасқан, қалдықтардың түзілу көлемі аз әрі арнайы инфрақұрылым жеткіліксіз. Мұндай жағдайлар қалдықтарды жинау, тасымалдау және одан әрі басқару жүйесін жоспарлауда әр өңірге бейімделген шешімдерді талап етеді.

Кеңес барысында өңірлік жобаларды іске асырудың ықтимал тетіктері, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру негізінде арнайы техника сатып алу және қажетті инфрақұрылым салу мәселелері қаралды.

Өңірлердегі қазіргі жағдай мен қажеттіліктер туралы Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі орынбасары Ерлан Токсанбаев баяндады.

Сонымен қатар қатысушылар EcoQolday бағдарламасы аясында қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері ретінде ПИК пен МИБ-ті тарту мүмкіндігін талқылады. Бұл тәсіл жергілікті ұйымдар мен бизнестің коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесіне қатысуын кеңейтудің ықтимал тетіктерінің бірі ретінде қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Коммуналдық қалдықтарды тиімді басқару үшін елді мекендердің ерекшеліктерін, қолда бар инфрақұрылымды, сондай-ақ тұрғындар мен бизнестің мүдделерін ескеретін кешенді тәсіл қажет екені атап өтілді.

Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар заманауи, ашық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Қабылданып жатқан шаралар полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін азайтуға, ҚТҚ жинау және шығару қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ неғұрлым тиімді сервистік модельге көшуге жағдай жасайды деп күтілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті арттыруға және елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

#Жасылдаму
«Жасыл даму» АҚ
♻️ «Жасыл даму» АҚ және өңірлер коммуналдық қалдықтарды басқарудың жаңа тәсілдерін талқылады «Жасыл даму» АҚ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, аудандарда коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді.…
♻️ АО «Жасыл даму» и регионы обсудили новые подходы к управлению коммунальными отходами

АО «Жасыл даму» провело рабочее совещание по вопросам внедрения программ управления коммунальными отходами в районах с учетом региональной специфики. В обсуждении приняли участие представители Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, акимата Мангистауской области, акимата района Бәйтерек Западно-Казахстанской области и отраслевых организаций. Совещание состоялось в рамках реализации Концепции управления всеми видами отходов в Республики Казахстан на 2026-2030 годы.

Основное внимание было уделено совершенствованию системы сбора и вывоза твердых бытовых отходов в сельской местности, развитию необходимой инфраструктуры и механизмам финансирования региональных проектов.

Участники отметили, что при организации системы обращения с коммунальными отходами необходимо учитывать особенности каждого региона. Для отдельных территорий характерны значительная удаленность населенных пунктов, небольшие объемы образования отходов и недостаточная обеспеченность специализированной инфраструктурой. Такие условия требуют индивидуальных решений при планировании системы сбора, транспортировки и дальнейшего обращения с отходами.

В ходе совещания рассмотрены возможные механизмы реализации региональных проектов, в том числе закупка специализированной техники и строительство необходимой инфраструктуры на условиях софинансирования.

О текущей ситуации и потребностях регионов рассказали руководитель Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области Әсел Балманова и заместитель аким района Бәйтерек Западно-Казахстанской области Ерлан Токсанбаев.

Отдельно участники обсудили возможность вовлечения КСК и ОСИ в качестве субъектов предпринимательства, осуществляющих сбор отходов в рамках программы EcoQolday. Такой подход рассматривается как один из возможных инструментов расширения участия местных организаций и бизнеса в системе обращения с коммунальными отходами.

По итогам встречи стороны обозначили направления дальнейшей совместной работы. Было подчеркнуто, что эффективное управление коммунальными отходами требует комплексного подхода с учетом особенностей населенных пунктов, имеющейся инфраструктуры, а также интересов населения и бизнеса.

Реализация мероприятий в рамках Концепции управления всеми видами отходов в Республике Казахстан на 2026–2030 годы направлена на формирование современной, прозрачной и экономически эффективной системы обращения с отходами. Ожидается, что принимаемые меры позволят сократить объемы захоронения отходов на полигонах, повысить качество услуг по сбору и вывозу ТБО и создать условия для перехода к более эффективной сервисной модели.

Работа по данному направлению также является частью реализации общенациональной инициативы Главы государства «Таза Қазақстан», направленной на повышение экологической культуры и улучшение санитарного состояния населенных пунктов страны.

#Жасылдаму
«Жасыл даму» АҚ
Photo
🔰 «Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруда

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруда. Жаңа жүйе саланы басқаруды орталықтандыруды, процестерді цифрландыруды, қалдықтар нарығын дамытуды және қайта өңдеуді қолдау тетіктерін енгізуді көздейді.

Негізгі бағыттардың бірі - қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру. «Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару ұлттық орталығы (ҚБҰО) мәртебесі берілді. Орталықтың міндеті - қалдықтар ағындарын үйлестіру, мемлекеттік органдар, өңірлер мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ саланың жұмыс істеуінің бірыңғай әрі ашық тетіктерін енгізу.

Жаңа жүйенің маңызды бағыттарының бірі - саланы цифрландыру. Қоғам қалдықтардың түзілуінен бастап қайта өңделуіне дейінгі барлық кезеңде олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны енгізу мәселесін пысықтауда.

Платформа аясында қалдық түзушілердің цифрлық паспорттарын, қалдықтардың қозғалысын жоспарлау және мониторингтеу құралдарын, сондай-ақ қалдықтарды басқару инфрақұрылымы нысандарының бірыңғай дерекқорын біріктіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қалдықтар нарығын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтармен электрондық сауда жасау құралдарын енгізу және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін бизнесті экономикалық ынталандыру тетіктерін дамыту көзделген.

Жұмыстың тағы бір бағыты - ауылдық жерлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қажетті инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ қалдықтарды шығаруды жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тетіктерін қамтитын ҚТҚ-ны басқарудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік қалдықтар саласында қайта өңдеуді қолдау құралдарын енгізу, отандық және халықаралық инвестицияларды тарту, сондай-ақ қалдықтар түзілетін жерлерде қайта өңдеу қуаттарын құру көзделген.

Еске салайық, 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Құжатта алғаш рет қалдықтардың әртүрлі түрлерін басқарудың жүйелі тәсілдері айқындалып, айналмалы экономика қағидаттарына көшуге негіз қаланды.

Тұжырымдаманың негізгі міндеті - қалдықтарды тек кәдеге жарату нысаны ретінде емес, экономикалық айналымға қайта тартуға болатын ресурс ретінде қарастыратын кешенді әрі экономикалық тұрғыдан негізделген жүйе қалыптастыру.

Тұжырымдамада көзделген тәсілдерді іске асыра отырып, «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесінің институционалдық, цифрлық және экономикалық негізін қалыптастыруда. Жүйені дамыту саланың ашықтығын арттыруға, қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға және қалдықтарды экономикалық айналымға қайта тартуға бағытталған.

#Жасылдаму
👍1
«Жасыл даму» АҚ
🔰 «Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруда «Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруда. Жаңа жүйе саланы басқаруды орталықтандыруды, процестерді цифрландыруды, қалдықтар нарығын дамытуды…
🔰 АО «Жасыл даму» формирует новую систему управления отходами в Казахстане

АО «Жасыл даму» ведет работу по формированию новой системы управления отходами в Казахстане, которая предусматривает централизацию управления отраслью, цифровизацию процессов, развитие рынка отходов и создание механизмов поддержки переработки.

Одним из ключевых направлений является создание централизованной системы управления отходами. АО «Жасыл даму» наделено статусом Национального центра управления отходами (НЦУО), который призван обеспечить координацию потоков отходов, взаимодействие государственных органов, регионов и бизнеса, а также внедрение единых и прозрачных механизмов функционирования отрасли.

Важным элементом новой системы станет цифровизация отрасли. Общество прорабатывает внедрение цифровой платформы, которая позволит обеспечить прослеживаемость отходов на всех этапах - от их образования до переработки.

Планируется, что платформа объединит цифровые паспорта образователей отходов, инструменты планирования и мониторинга перемещения отходов, а также единую базу данных объектов инфраструктуры по обращению с отходами.

Параллельно ведется работа по формированию рынка отходов. Предусматривается внедрение инструментов электронной торговли отходами и механизмов экономического стимулирования бизнеса, осуществляющего деятельность в сфере переработки.

Отдельное направление работы связано с организацией обращения с твердыми бытовыми отходами в сельской местности. Планируется внедрение цифровой модели управления ТБО, включающей развитие необходимой инфраструктуры, а также современные механизмы планирования и организации вывоза отходов.

В сфере промышленных отходов предусматривается внедрение инструментов поддержки переработки, привлечение национальных и международных инвестиций и создание перерабатывающих мощностей непосредственно в местах образования отходов.

Напомним, 31 декабря 2025 года постановлением Правительства РК была утверждена Концепция управления всеми видами отходов в РК на 2026–2030 годы. Документ впервые системно определил подходы к управлению различными видами отходов и заложил основу для перехода к принципам циркулярной экономики.

Ключевая задача Концепции - формирование комплексной и экономически обоснованной системы, при которой отходы рассматриваются не только как объект утилизации, но и как ресурс, который может быть возвращен в экономический оборот.

Реализуя предусмотренные Концепцией подходы, АО «Жасыл даму» формирует институциональную, цифровую и экономическую основу новой системы управления отходами. Ее развитие направлено на повышение прозрачности отрасли, расширение переработки и последовательное вовлечение отходов во вторичный экономический оборот.

#Жасылдаму
👍1