Zakon.qaz
4.76K subscribers
15.3K photos
7.44K videos
9 files
20.9K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Алматыда 1,5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді

Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында құрғақ шөп өртеніп, өрт сөндірушілер қызыл жалынды жедел ауыздықтады.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

📹 ТЖМ

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1👏1
🇰🇿 32 алтын! Қазақстан Көшпенділер ойындарын жалпы медальдар саны бойынша 1-орынмен аяқтады

Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Байрақты бәсекеге әлемнің әр елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 43 спорт түрінен бақ сынады.

Қазақстан намысын 155 спортшы қорғап, жарыс қорытындысы бойынша 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, ұлттық құрама жалпы медаль саны бойынша да, алтын жүлде көрсеткіші бойынша да үздіктер қатарынан көрінді.

🏆 Жалпы командалық есеп:

🇰🇿 Қазақстан – 32 алтын, 20 күміс, 22 қола
🇰🇬 Қырғызстан – 30 алтын, 35 күміс, 19 қола
🇷🇺 Ресей – 7 алтын, 8 күміс, 21 қола
🇲🇳 Моңғолия – 5 алтын, 3 күміс, 13 қола
🇺🇿 Өзбекстан – 4 алтын, 4 күміс, 11 қола

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
2👍2🔥21🏆1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😨 Алматыда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді

Алматының Жетісу ауданында полиция қызметкерлері есірткі затын өткізу фактісінің жолын кесті.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полицияның көмегімен арнайы операция жүргізіп, жекеменшік секторда алдын ала болжам бойынша марихуана сатып алған ер адамды ұстады.

Кейін жедел қызметкерлер есірткіні өткізді деген күдікке ілінген азаматты да қолға түсірді. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында есірткі заты бар жалпы салмағы 1,5 келіден асатын зат анықталып, тәркіленді.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұған дейін де есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция есірткінің жеткізілуі мен өткізілу арнасын, сондай-ақ күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап жатыр.

Тергеу амалдары жалғасуда.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍1😱1
Zakon.qaz
🇰🇿 32 алтын! Қазақстан Көшпенділер ойындарын жалпы медальдар саны бойынша 1-орынмен аяқтады Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Байрақты…
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.

Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍1🔥1🎉1🏆1
🌦️ Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс облыстарда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі. Ал батыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
2
📢 Бүгінгі күннің негізгі жаңалықтарына шолу жасайық

🔹 Президент Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

🔹 Алматыда екі көлік соқтығысып, бірі аударылды

🔹 Алматыда 1,5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді

🔹 Қазақстан Көшпенділер ойындарын жалпы медальдар саны бойынша 1-орынмен аяқтады

🔹 Алматыда ірі көлемдегі есірткі саудасының жолы кесілді

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
2
Қытайда AI көмегімен әзірленген COVID-19 препараты алғаш рет мақұлданды
 
Қытайдың Медициналық өнімдер жөніндегі ұлттық басқармасы (NMPA) жасанды интеллект көмегімен әзірленген Mprosevir препаратын мақұлдады. Дәрі ересектердегі жеңіл және орташа деңгейдегі COVID-19-ды емдеуге арналған.
 
Препаратты әзірлеуге небәрі 3,5 жыл кеткен. Бұл дәстүрлі әдіспен жаңа дәрі жасауға қажет 10–15 жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз.
 
Ғалымдар AI көмегімен 49 миллиард молекулалық қосылысты талдап, бірнеше күн ішінде ең перспективалы нұсқаларды іріктеген. Кейін таңдалған молекула екі жыл бойы жетілдіріліп, оның тиімділігі арттырылып, уыттылығы төмендетілген.
 
Әзірлеушілердің айтуынша, Mprosevir жобасы жасанды интеллектінің фармацевтика саласындағы мүмкіндігін көрсетеді.

📷globaltimes

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1😱1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Журналист әрі жазушы Валерий Федорович Михайлов 1990 жылдардың соңында және 2000 жылдардың басында республикалық «Казахстанская правда» газетінде бас редактордың орынбасары, кейін бас редактор қызметін атқарды.

Валерий Михайлов – Қазақстанға танымал ақын, Алматы мен Мәскеуде жарық көрген жиырмаға жуық жыр жинағының авторы. Олардың қатарында «Весть» («Жазушы», 1994), «Золотая дремота» («Жибек Жолы», 2005), «Тысячелетие другое» («Жазушы», 2008), «Дымящийся свиток» («Молодая гвардия», 2015) және басқа да кітаптары бар.

Ақынның шығармалары Еуропа мен Азияның бірқатар тілдеріне аударылып, көптеген поэзиялық антологияларға енген.

2003–2016 жылдары Валерий Михайлов «Простор» журналының бас редакторы болды.



📷казправда

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда Alemcredit.com арқылы микрокредит береміз деген желеумен алаяқтық жасалған
 
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Alemcredit.com арқылы азаматтарды алдау дерегін тергеп жатыр.
 
Тергеу мәліметінше, азаматтар әлеуметтік желідегі тиімді шарттар туралы жарнама арқылы тартылған. Алайда қарыз рәсімделгеннен кейін уәде етілген сомадан аз қаражат аударылып, алдын ала ескертілмеген комиссиялар мен өзге төлемдер ұсталған. Қарыздың толық құны мен айыппұлдар туралы ақпарат та толық берілмеген.
 
Қаражатты қайтару үшін дропперлердің банк карталары пайдаланылған.
 
Тінту барысында жаппай SMS таратуға арналған SIM-бокстар мен көп мөлшерде SIM-карта тәркіленді.
 
Тергеу жалғасып жатыр.

📹ҚМА

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1😱1😨1
Zakon.qaz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды Журналист әрі жазушы Валерий Федорович Михайлов 1990 жылдардың соңында және 2000…
🔹Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍1🔥1🥰1
Астанада жиһаз жасауға қатысты алаяқтық схема әшкереленді
 
Астанада Instagram арқылы жиһаз дайындауды ұсынған екі алаяқ 19 азаматты алдап, 24,6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Жәбірленушілердің бірі жиһазға тапсырыс беріп, 4,5 млн теңге аударғаннан кейін күдіктілер байланысқа шықпаған.
 
Сот үкімімен екі сотталушы да 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 жылға басшылық қызмет атқару құқығынан шектелді. Жәбірленушілердің талап-арыздары толық қанағаттандырылды.
 
Прокуратура жиһазға тапсырыс бергенде жазбаша шарт жасасып, төлем құжаттарын талап етуге және онда баға, материал, мерзім мен жауапкершілік шарттарын нақты көрсетуге шақырды.


📷әлеуметтік желіден

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЖИ-камералар Астана тасжолындағы сұмдық жол апатын тіркеді
 
Жасанды интеллект элементтері бар камералар республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 51-шақырымында болған жол-көлік оқиғасын тіркеді.
 
Бейнежазбада Астана бағытында қозғалған Mercedes көлігінің басып озу кезінде «Газель» автокөлігімен жанама соқтығысқаны көрінеді. Соққыдан кейін «Газель» жүргізушісі көлікке ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік шұңқырға аударылған.
 
Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
 
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ басып озар алдында жол жағдайын мұқият бағалауға шақырады. Бір ғана қауіпті маневр адам өмірін қиюы мүмкін.

📹ҚазАвтоЖол

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
😱21🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда қоқиқаздарды сақтау үшін 40 млн текше метр су жіберілді
 
«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне табиғат қорғау мақсатында 40 млн текше метр су жіберді. Бұл шара көлдердің су балансын сақтап, Қорғалжын қорығындағы экожүйені қорғауға бағытталған.
 
Қорықта қызғылт қоқиқаздардың әлемдегі ең көп  ұя салатын колониясы орналасқан. Көктем сайын мыңдаған қоқиқаз балапан өрбіту үшін осында келеді.
 
Мамандардың айтуынша, табиғи экожүйелерді сақтау үшін Қазақстандағы су нысандарына жыл сайын миллиардтаған текше метр су бағытталады. 2025 жылы қабылданған жаңа Су кодексінде экожүйелерге қажетті ең төменгі су көлемін қамтамасыз ететін «экологиялық ағын» ұғымы алғаш рет бекітілді.

📹kuanysh_mukushev

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
11🔥1
Тұрғын үй қымбаттап, ипотекаға сұраныс төмендеді

Қазақстанда ипотекаға өтініштер саны бір жылда 13,4%-ға азайып, 419,2 мыңды құрады. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы хабарлады.
 
Сарапшылардың айтуынша, сұраныстың төмендеуіне тұрғын үй бағасының өсуі әсер еткен. Бір жылда жаңа үй бағасы 15,5%-ға, қайталама нарықтағы баспана 11,8%-ға қымбаттаған. Ал халықтың нақты ақшалай табысы небәрі 0,1%-ға өскен.
 
Соған қарамастан, жаңа ипотекалық қарыздардың көлемі 12,4%-ға артып, 1,1 трлн теңгеге жетті. Ал бөлшек несие нарығы жалпы 3,6%-ға қысқарған.
 
Бірінші тоқсанда ипотекаға сұраныс 20,8%-ға төмендесе, екінші тоқсанда 18,7%-ға қайта өскен.

📷крыша.кз

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды
 
Қордай ауданы полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

Қалған 12 мотокөлік тіркеуде тұрғанымен, олардың пайдаланылу тәртібінде заң бұзушылықтар орын алған.

Тіркеу талаптарын бұзған көлік иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Иелеріне оларды заң талаптарына сәйкес тіркеу қажеттігі түсіндірілуде.

Аталған мотокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

📹полиция

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматының жаңа стадионы қандай болады

Алматыда 45 мың орындық жаңа стадионның визуализациясы көрсетілді.

Алматы қаласын дамыту орталығы Instagram парақшасында құрылысы жүріп жатқан жаңа стадионның болашақтағы көрінісін жариялады.
 
7 қыркүйекте шыққан бейнероликте стадионның аяқталғаннан кейінгі бейнесі көрсетілген. Оны әзірлеуде жасанды интеллект технологиялары қолданылған болуы мүмкін.
 
«Бүгінде – құрылыс алаңы, ертең – 45 мың жанкүйерді қабылдайтын футбол стадионы. Арена УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай салынып жатыр және халықаралық матчтарды өткізе алады», – делінген ролик сипаттамасында.
 
Жаңа стадион Құлжа және Талғар трактілерінің бойында, шамамен 32 гектар аумақта салынып жатыр.
 
Жобаға футбол аренасынан бөлек, жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған нысандар, жанкүйерлер аймақтары, қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру жұмыстары кіреді.

📹almatydc.kz 

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
11🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Үстіне қарғаны мінгізген тауешкілер таудың төбесіндегі  тіршіліктерін көрсетті

Катонқарағай ұлттық паркінің аумағындағы фототұзақтар тағы да қызықты кадрларды тіркеді. Кадрлардан аталық, аналық тауешкілерді және өсіп келе жатқан лақтарды бірге көруге болады. Аталықтарын ірі әрі көлемді мүйіздерінен оңай ажыратуға болады, ал аналықтарының мүйіздері айтарлықтай кіші.
 
Төлдегеннен кейінгі тауешкілердің мінез-құлқы да қызық. Ересек аталықтар көбіне топтан бөлініп кетсе, жас аталықтар аналықтар мен лақтардың жанында жүре береді. Сондықтан кейде фототұзақ объективіне ересек жануарлар мен төлдері бірге жүрген осындай «отбасылық» кадрлар түсіп қалады.

📹қазақ орманы

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда екі ер адам жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан
 
Алматыда екі ер адам өздеріне жедел жәрдем шақырып, келген медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқан. Оқиға Казыбек би және Бәрібаев көшелерінің қиылысында болған.
 
Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, бөлімшеге жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, олар есірткіге масаң күйде болған және медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданған.
 
Жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазір пышақтың қайдан алынғаны және оны сақтау мен алып жүру мақсаты анықталуда. Ұсталғандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

📹полиция

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүк көлігі Астана-Алматы тасжолындағы жол өткелін қиратты



2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 165-шақырымында, Ақтау жол өткелі маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Экскаватор тиелген трал тіркемесі бар VOLVO жүк көлігі жол өткелінің конструкциясына соғылған.

Оқиға салдарынан жол өткелінің конструкциясына механикалық зақым келді. Қазіргі уақытта мамандар нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.

📹ҚазАвтоЖол

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте асхана өртенді

Абай ауданындағы Асар шағынауданында қоғамдық тамақтану нысанының бір қабатты ғимаратында өрт шықты.
 
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың барлық аумағында ашық жалын байқалды.
 
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен сөндірілді.
 
Құтқарушылар жану аймағынан газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыс қаупінің алдын алды.
 
Зардап шеккендер жоқ.

📹ТЖМ

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz