Ержан Бақытжанов
5.17K subscribers
33 photos
4 files
5 links
"Нұр-Мубарак" түлегі
"Мешіт ұстазы, исламтанушы"

Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.
Download Telegram
Кезінде мұсылман деген – сұраушының қолын қайтармайтын.

Абдулла ибн Мәсләм (Алла рахым етсін)
Құранда ата-анаға жақсылық жасауды өсиет етпесе де сау ақыл ол екеуіне қызмет қылу уәжіп екенін түсінер еді.

Әбу Ләйс әс-Самарқанди (Алла рахым етсін)

#muftyat.kz
Ең алғаш түскен бес аят. Бұл бес аятта ғылым-білімге қатысты бес сөз қолданылды.

Сол бесеудің екі сөзінде “оқы!” деп бұйырылса, қалған үш сөзінде “қаламмен жазуды үйретті, білмегенін үйретті” деп айтылды.

Бұл дін – ғылымның діні.

©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими
Біз – соңғы жетпіс-сексен жыл аралығында адамзат өмірінде сан ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімнен, наным-сенімнен адалану, мінез-құлық пен іс-әрекет мизанын мансұқтау, мәңгүрттену бағытында тәрбиеленген ұрпақпыз.

Дін бізге басымызды айналдыратын апиын ретінде, озықтық атаулыға бөгет ретінде, ескіліктің қалдығы, кешегінің кесірі ретінде ұғындырылып, оның тәрбиелік тағылымдарынан, рухани тазалықты талап етер шарттарынан ат-тонымызды ала қаштық.

Дінсіздік, құдайсыздық мақтанға айналды. Сөйтіп жүріп өзіміздің құлқымыз бұзылғанын, адал мен арамды айыра алмас кем ақыл, көн жүрек, көрсоқыр бола бастағанымызды білмей қалыппыз.

Әр нәрсенің күнгей және көлеңкелі жағы болатыны сияқты, діннің де рухани дәру болар дәрмені, дүниәуи қару болар қуаты, адамгершілік пен ақиқатқа бастар пәрмені барлығына мән бермедік, көңіл қоймадық, сөйттік те одан бірбеткей безіне бердік.

Бұрынғының бәрін талғаусыз тәрік етіп, жаңаның бәріне талғамсыз тәнті болдық.

(Мұхтасар 1992 жыл, Алғы сөз)
Мамандықтың ішінде жаманы жоқ. Кім болсаң да – бол. Ешкім бола алмай қалсаң, ең жаманы сол.

Бердібек Соқпақбаев. "Аяжан" повесінен.
Бір кісі Имам Ахмадтан "Алла үшін жақсы көру дегеніміз не?", – деп сұрайды. Сонда имам:
"Ол – мұсылманды дүниелік мақсат үшін жақсы көрмеуің", – деген екен.
Forwarded from ✑ Қара сөзбен (Жансанов Медет)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еркек, еркек болса, сонда әйел, әйел болады.

Имам Шәмил (Алла рахым етсін)
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.
Уа, адам баласы! Сен жалғыз болып өлесің, жалғыз болып тірілесің, жалғыз болып есеп бересің!

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)
Расында, нәпсі жамандыққа бұйырушы. Аллаға бойсұнуда ол саған қарсы келсе, сен де оған күнәлі істе қарсы шық!

Хасан әл-Басри ( Алла рахым етсін)
Ақыреттік амал жасағанға дүние берілгенді көрдік. Бірақ дүниелік істерді жасап жүргендерге, ақыреттік нәрсе берілгенді көрмедік.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)
Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі ғой. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі ғой.

Бердібек Соқпақбаев.
"Шал мен бала" әңгімесінен.
Forwarded from “Qarasai Batyr” Мешіті (Досбол Сәбитұлы)
«Алты аға бірігіп – әке болмас, жеті жеңге бірігіп – ана болмас»
Қабірден артық уағыз жоқ. Жалғыздықтан артық амандық жоқ. Кітаптан артық серік жоқ.

Абдулла ибн Абдул Азиз (Алла рахым етсін)

Хилия.
Оқуға тұрарлық нәрсе жаз. Яки жазуға тұрарлық бір іс жаса.
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Өз басына келмейінше, бәрі де ақыл айтқыш.

Мысырлық жазушы, ақын Аббас әл-Аққад
Әкеңді атымен атама, оның алдына түсіп жүрме және одан жоғары отырма.

Әбу Һурейра (Алла разы болсын)

Әл-әдәбул Муфрад.
Туыстық қарым-қатынасты үзген адам жәннатқа кірмейді.

Хадис
Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: "Расында кісінің әкесіне жасаған ең жақсы ізгілігі – әкесінің достарымен қарым-қатынасты үзбеуі".

Қазақта, әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін деген.
Имам Абдулла ибн Мубаракка (Алла рахым етсін) бір кісі келіп:
– "Қазір өзі насихат айтатын адам қалды ма?", – деп сұрайды.
Сонда имам:
– "Сол айтылған насихатты қабылдайтын адам қалды ма екен?", – деп жауап беріпті.

Хилия.