yasina
4.32K subscribers
39 photos
18 videos
4 files
19 links
Download Telegram
Ұлға тентектік, қызға еркелік жарасушы еді...
Қызым, сен тентек болып барасың.
Ұлым, сен ерке болып барасың.
Ерке ұл ержетіп жарытпайды.
Тентек қыз бойжетіп жарытпайды.
Ұлым, сен есіңді жи да тегіңді ойла.
Қызым, сен ертеңгі барар еліңді ойла.

📖Бір тамшы көздің жасындай
Кімде-кім бір нәрсеге мың рет естігеннен кейін де алғаш естігендей құрметпен құлақ салмаса, ол білім жолындағы адам қатарынан емес.

Тағлим ал мутағаллим
#адаб
Әкем айтады:

Ілгеріде бір батыр айқастарға сауыт кимей шығады екен. Сауыт кимесе де, небір алапат майданнан аман шыққан батыр кезекті соғыстың біріне сауыт киіп шығыпты. Батырдың бұнысына түсінбеген қаруластары: «Батыр, талай жан алысып, жан беріскен майдандарға сауыт кимей араласушы ең. Бұл жолы неге киіп шықтың?» депті. Сонда батыр: «Е, бұрын анам бар еді. Анам үйде отырып, тілеуімді тілеп, дұға жасап отыратын еді. Менің сауытым – сол дұға еді. Енді анам жоқ. Өмірден өтті. Анамнан, анамның дұғасынан айрылдым. Сауыт киіп шыққанымның мəнісі сол» деген екен.

Абай Қалшабек
Әйел кісі хая (ұят) сипатын сақтап ауыз бекітуге тиым болған күндері немахрам ерлердің алдында ауызы ашық екенін білдіріп тамақтанбағаны жөн.
Мән бермейтін осындай әдептердің өзі руханияттың әлсіреуіне себепші екенін естен шығармайық.
#адаб
Мұсылман қызының әдебі:

Жерден бір нәрсе алар болсаң, тәніңді жабу үшін қолыңды кеудеңе қой.

– Еркектердің алдында әдеп ретінде аяқтарыңды айқастырмай, аяқтарың бір-біріне жақын күйде отыр.

– Лифтке бейтаныс жігітпен бірге мінбе. Оның шыққанын күтіп, содан кейін мін.

– Дауыс шығарып күлмей жай ғана күлімде.

– Саған махрам болмаған еркекпен қол беріп амандаспа.

– Біреумен сөйлескен уақытта әрдайым өзің мен өзгенің арасында қашықтық сақта.

– Кіммен сөйлессең де, мәміледе шектен шықпай, байсалдылығыңды сақта.

– Көшеде құрбы қыздарыңмен әзілдеме. Көше әдебін сақта.

– Базарда немесе дүкенде сатушыға жақын тұрма, және де ол жерде ұзақ уақыт қалмауға тырыс.

– Қоғамдық жерде және сауда орнында бір затты жерден алу үшін бел бүгіп майыспа. Дұрысы отырып ал, сосын қайта тұр.

📝Шейх Мұхаммад Уайл Ханбали
#адаб
https://t.me/darulfikr/8972
Әбу әл-Хасан ал-Фаршахий дәретханада отырғанда, шәкіртін шақырып, көйлегін шешіп, пәленшеге беруін бұйырады. Шәкірті: «Неге дәретханадан шыққанша сабыр етіп, өзіңіз бермейсіз?» дейді. Әбу ал-Хасан оған көйлегін сыйлау деген ой сол сәтте келгенін және кейінірек пікірі өзгеріп кетуінен қорыққанын айтады.

Иманның әлсіреуі және оның емі📖
Әйелдердің ілім алуы жайында имам Мұхаммад Башир (رحمه الله):

«Әйел адамға білім алу және өз-өзін тәрбиелеу – уәжіп. Алайда, оның білім алу жолы – шариғат шеңберінде болуы тиіс. Ислам діні әйел затын ұрпаққа жақсы қасиеттерді сіңіретін, оған дұрыс тәрбие беретін ұлы тәрбиеші етіп тағайындады. Бұл ұлы қызметтер мен үлкен жауапкершіліктің барлығы тек білімнің нәтижесінде ғана жүзеге асады. Шын мәнінде, егер бал арасы мен жібек құртын үйретудің өзі сол саладағы білімді талап ететін болса, онда адамды үйтеру, оны дұрыстыққа тәрбиелеу жайында не деуге болады? Ал қашан әйел адам діннен хабары жоқ болатын болса, онда бірінші кезекте күйеуін шаршатады, сосын балаларын бұзады және соңында бүтіндей бір үмбетті құрдымға кетіреді».

Әл-Әсәр (4/49-50)
Шейх Бәдруддин әл—Хасанидің (рахимахуллаһ) анасы оны дәретпен ғана емізген, ал рамазан айының күндізі еш емізбейтін болған екен.
Әйел тұрмысқа шыққан соң отбасыны бірінші орынға қояды және күйеуінен соны талап етеді, ал еркектердің табиғатына бұл сай келмейді. Өйткені еркек отбасын бірінші орынға қойған кезде үйден шыға алмай қалады. Үйден шықпаған еркек ел ісімен, дін дамуымен айналысуы екі талай. Әлем дамуы үшін еркек түздің адамы болуы керек.

Ақан Мергембай
Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:
وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُم باللهِ إِلَّا وَهُم مُّشْرِكُونَ
Адамдардың көбі Аллаһқа серік қосқан күйде ғана Оған иман келтіреді.
[12:106]

Осы аяттың тәпсірінде ұлы сахаба Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) былай деген:
«Адамдардың Аллаһқа серік қосатындары соншалықты, тіпті кейбір адамдар: «егер ит болмағанда, түнде (үйімізге, мүлкімізге) ұрлықшылар түсіп, заттарымызды ұрлатып алатын еді»- деу арқылы Аллаһқа өздерінің иттерін де серік қосады».

📖Тәфсир Ибн Раджаб (1/473)
Келесі жыл келеріңді білем ғой, сен келгенде мен болам ба білмеймін…

Әл уадағ я шахра Рамадан🤍
Еркектен қуат кеткенде, әйелден ұят кетеді:
Еркек қуатын сақтау үшін көзін тыйсын,
Әйел ұятын сақтау үшін сөзін тыйсын!

Балғынбек Имаш.
Айт құтты болсын, бауырлар!🌷
Келесі рамазанға аман есен жетуімізді нәсіп етсін, әмин!🤍
Кімде кім түнгі намазды көбейтетін болса, Аллаһ оның жүзіне бүкіл мұсылманның жүрегіне жылулық сыйлайтын нұр беріп қояды.

Сағид Мусайяб (Алла оған разы болсын)
Қыз балаларға:
Ер адамды шартты яки шартсыз құрмет етеді екеніңізді іштей ер адамға қалай баға береді екеніңізден байқап біле аласыз.

«Мен оған жақсы қарым қатынас жасау үшін, қызмет етуім үшін ол лайық болу керек» болса, бұл шартты құрмет.
«Қандай әрекет, амал етсе де, не сөз айтса да мен құрметке, қызметке дайынмын, өйткені Алла оны ЕР етіп жаратты ғой» (иә тіпті ол ер атына лайық амал жасамаса да) бұл шартсыз құрмет.

«Мен оның жолын кесіп өтпеуім үшін как минимум егде жастағы адам болу керек қой» болса, шартты құрмет.
«Ол бозбала болса да, алдын кесіп өтпеймін, жай ғана ер аты болғаны үшін» болса, бұл шартсыз құрмет болмақ…

• Шартсыз құрметте әрекетке себеп ізделмейді.
• Шартсыз құрметте “құрметке лайық" адамның образы болмайды.
• Шартсыз құрметте кері байланыс күтілмейді.
• Эконом таксиге мінуді қаламау, ұялу, комфорт, бизнес класспен ғана жүремін деу нәпсінің дертінен. Пайғамбарымыз ﷺ көлік таңдамайтын болған. Есек, түйе, қашыр не бар бәрін мініп жүре беретін болған.

• Кағб ибн Мәлик: «Пайғамбарымыз ﷺ астан соң қолын сүртпей тұрып жалайтын» дейді, бұл жерден ысырап етпеуді, қарапайым болуды үйренеміз. Қолды жалап жеу ұят деу де нәпсіден.

• Абдуллаһ ибн Ауф: «Пайғамбарымыз ﷺ жесір әйелдермен, бейшаралармен отырып сөйлесетін». Жаныңа жағдайы өзіңнен төмен адам келгенде менсінбеу, қайыр сұрап жүрген, жетім, жесірлердің жанында отырып сөйлеспеу, жағдайын сұрамай алмау нәпсі дертінен.

Тауазу (қарапайымдылық) – Алла алдындағы әдеп.
#адаб
Құранның жүрегін (ясинді) жаттаған соң басқа сүрелерді жаттау оңай болады.

📔ұстаз
Абу Хурайрадан (رضي الله عنه) жеткен хадис: «Дұха намазын тәубе етушіден басқа ешкім үнемі орындамайды, шын мәнінде бұл – тәубе етушілердің намазы»

Имам Шафиғи (رحمة الله عليه): «Біз күнәларды тастау жолын іздедік, артынша оны дұха намазынан таптық»

Ізгілердің бірі айтады: «Алланың атымен ант етемін, дұха намазында тілеген барлық дұғамды Алла қабыл етті»