KUIEUIME💌
576 subscribers
365 photos
49 videos
5 files
20 links
идеи для свидания, мысли, парные хотелки

когда нибудь кто то поймёт по моему телеграмму что я хочу😄
Download Telegram
Forwarded from yasina
Келіннің жаңа түскен әулетінде қайнағалары мен абысындарына, қайын сіңлілері мен қайындарына, жасы үлкен адамдарға өзінше ат қою қазақтың – ат тергеу салты.

Жаңа түскен жас келіндер түскен үйдің баласы болып кетеді. Сондықтан күйеуінің үлкен әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Ал күйеуінің әкесін  «үлкен ата», «ата», «кіші ата» дейді.
Күйеуінің ағаларына: үлкен аға, жақсы аға, би аға, көке деген аттар қойса;
Інілеріне: сал жігіт, молда жігіт, мырза жігіт, тетелес, інішегім, кенже;
Қайын сіңлілеріне: шырайлым, еркежан, еркем, ерке қыз, айдарлым, кекілдім дейтін болған.
Қазақ әйелдері күйеулерінің де атын атамай оларды «отағасы», «әкесі» дейтін. Күйеуінің құрдастарының да атын атамай, оларды «құрдас» атандыратын.

Бұл бірінші кезек келіннің әдебін көрсетсе екеніші жағынан тапқырлығы мен ақылдылығын көрсететін ізгі салт саналған.
#адаб