Үзік сыр☔️
691 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
🕯Қорқынышпен, асқан үреймен өткізген бұл күндерді ешқашан ұмытпаспын. Атыс, тонау, өртеу, сындыру, ең сорақысы - адам өлтіру, малша бауыздай салу. Осылардың барлығын көзбен көру, құлақпен есту тіптен жаман. "Жанды шүберекке түю" деген сөздің мәнін енді түсінгендеймін. Сол күндері "кішкентай баланы ата салыпты", "ана біреуді бауыздап кетіпті", "енді бір жерді өртеп жіберіпті, тонап кетіпті" деген жаңалықтардан көз ашпадық. 112-ден "Алматыда терроризмге қарсы операция жүргізілуде" деп күніне бірнеше мәрте хабарлама алғанда денем сұп-суық болып кететін.
Қарияларымыз үнемі "бейбіт ғұмыр кешейік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" деп осындай күндерді бастарынан өткергесін айтады екен ғой.
Шүкір етейік, бұйырған несібеден асып кете алмаймыз, өзгенің бағын тартып әкете алмаймыз...
Тыныштық...
Кімдерге "маңызды" екенімізді түсініп қалдық. Сбой болғанда қалайда линияға түсіп, халімді сұрап, амандығымды білген жандарға қатты риза болып тұрмын. Осындайда "жақындар" бір сүзгіден өте ме қалай? "Жақын деп жүрген жандар" дейнш.

Бірақ біреуге ренжитін де заман емес)
Әр нәрсенің өз хайыры бар🤍
Бүгінгі ой: Алғаны мен бергенін санап, жіпке тізіп жүретін жандардан аулақ бол. Орынсыз сын айтатындарға жолама. Мәселен, адамды киіміне қарап сынау - көз бен сөздің қателігі. Пәс кеудеңде титтей де тәкаппарлық бар болар болса, оны жоқ ет.

Өмір - ғажап. Ғажайып тек оған сенген кезде ғана болады
Мұсылманның мұсылманға күлімсіреп қарағаны - садақа.

Тұнжыраған қабағыңызбен өзгені түңілдірмеңіз.

Сіздің жай жымиғаныңыз да игі іс. Оның астарында қаншама тосын нығметтер жасырулы екен?
Мен 3-курстан бастап токсичный адамдардан іргемді аулақ сала бастағам.

Ренжімейтін адам жоқ шығар, иә?! Ол реніштің бірі ұмытылса, енді бірі жанымыздың бір түкпіріне орнығып алады. Ал ғылым бойынша, реніш қатерлі ісікке соқтырады екен. Өткен өкініш, уақытында жіберілмеген жазба, суық сезім сізді өміріңізден айырады. Енді сізге сұрақ: Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, жоқ әлде бақытты болғанды жөн көресіз бе?

Бұл тастүйін болып жүр деген сөз емес)

Рахатқа бола бес күнгі,
Ренжіте көрме ешкімді
.
Бір-бірлеріңізге сыйлық беріңіздер!🎁 Өйткені, сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады, несібені молайтады.

Сыйлық ол - ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Сыйлықтың қайнаған ашу-ызаны сейілтіп, қатқан жүректі жұмсарта алатын ерекше қасиеті бар.

Бірінші болып сый тартудан жасқанбаңыз. Жақсыға ниеттес, тілектес болыңыз🤍

Себебі, жақсы - сыйлағанның құлы.
Сыйлықтың әдемі әдептері (оқылған дүниелерден ой түю)

☀️Сыйланған сыйлық қабыл алынуы тиіс. Хадисте «шақырғанға жауап беріңдер және сыйлықты қайтармаңдар» деген.
☀️Сыйлықтың сапасына мін тағылмауы керек. Астарындағы ізгі ниет пен пейілі маңызды. Себебі, ине де - сыйлық, інген де - сыйлық.
☀️ Сыйлық сыйланған кезде оған тиісінше ризашылық білдіру - міндет. Сыйланған сыйлықты сый тартқан адамның көзінше бір бұрышқа ысыра салу мұсылмандық әдептен емес.
☀️Сыйлық сыйлауда да әділдік болу қажет. Бір адамға емес, бірнеше жанға сыйлық берер болсаңыз, сапасы тең болғаны дұрыс. Өйткені, сыйлықты тең бөлуде әділетсіздік таныту дүрдараздықты тудырады.
☀️Сыйлықты қайтарып алуға болмайды. Сыйлық бір адамнан екінші адамға сый ретінде тартылған кезде оның жеке мүлкіне айналады. «Сыйлығын қайтарып алған адам, құсығын қайтарған ит секілді».
☀️Сыйлықты сыйлықпен қайтарған лазым. Өзгенің ілтипатын ұмыту адами қасиеттен емес.
☀️ Сыйлық пара санатына кіріп кетпесін. Бұрысты дұрыс етіп, лайықсызды лайықты етіп көрсету үшін алынған дүние - пара.
☀️Ең маңыздысы! Сыйлық бергенде рияшылдықтан аулақ болу керек. Алланың емес, адамдардың ризашылығын алуды көздеу рияға жатады.

Пайдалы болыңыз, сыйлы болыңыз🤍
Адам сыртынан сөз айту - ғайбат.

Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) сахабаларынан: «Ғайбаттың не екендігін білесіңдер ме?» – деп сұрайды.
Сахабалар: «Алла мен Оның елшісі білер», – деседі.
Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол – бауырың туралы сыртынан ол ұнатпайтын түрде еске алып айтуың», – дейді.
Бір сахаба: «Ал сондай сипат оның бойында болса ше?» – деп сұрайды.
Пайғамбар (с.а.с.): «Егер ол сен айтқандай болса, оны бәрібір ғайбаттаған боласың, ал егер олай болмаса, жала жапқан боласың», – деп жауап береді.

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, адамның сыртынан долбарлап әңгіме айту - опық жегізетін ең жаман қасиет.
Адам - магнит. Жақсы сөйлесе жақсыны, жаман сөйлесе нашарды өзіне тартады.

Баршамыз білетіндей, ғайбат зинадан да ауыр күнә. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кісі зина жасайды, сосын тәуба етеді, Алла оны кешіреді. Ғайбат жасаушы жамандаған адамы кешірмейінше кешірілмейді», – дейді.

Өлі адамның етін жеумен тең болатын үлкен күнәдан-ғайбаттан сақтасын!

«Құлақтан кірген суық сөз, көңілге барып мұз болар»❤️‍🩹
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамның бойында бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса, онда барлық дене жақсы. Егер жаман болса, онда барлық дене бұзылады. Шынында ол – жүрек», – деп айтқан.

Сондықтан да жақсы адамды көрсеңіз, онда оның жүрегі дерттен аман болғаны.

Жүрек сұлтан нәпсіге🤍

#жүрегіңізді_сақтаңыз
Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.

Абай
«Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей» деп жатамыз ғой. Шынымен, солай-ау. Көп үміттенген сайын көңіл қала бере ме, қалай өзі?

«Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей»❤️‍🩹
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасынан үзінділер:

Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе, бәрі жетеді екен ғой. 

Мадақтасаң да, қарғасаң да Жарық Дүние деген − осы.

Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін – өзіміз.

Кім біледі, олар бізден гөрі бақыттырақ шығар. Мұндай сұм заман, қураған қу заман о дүниеде жоқ шығар...

Оқуға кеңес беремін🤍
Мейірім керек адамға!

Расулулла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Бір адам сапар шегіп бара жатқанда қатты шөлдеді. Тіпті шөлге шыдай алмайтын дәрежеге жетті. Сол уақытта бір құдыққа кез болды. Құдықтың ішіне түсіп, шөлін қандырды. Құдықтан шыққанда шөлдегеннен топырақ жалап жатқан бір итті көреді. Әлгі адам өз-өзіне: «Мына ит те мен сияқты қатты шөлдеген екен ғой» деп қайтадан құдыққа түсіп, аяқ киіміне су толтырып алып шығып итке береді. Алла тағала оның бұл әрекетіне риза болып күнәларын кешіреді».

Мейірімділік, ізгілік, ілтипат пен ізет болған жерде қашанда сұлу сыйластық орын алары сөзсіз.
02.02.2022

Әдемі күн, иә?! Алматыда күлімдеп күн шуағын шашып тұр. Бүгін бір ерекше іс жасаңызшы. Мейлі ол қайырымдылық болсын, мейлі жақсы көрген жаныңызға сезім білдіру болсын, мейлі ата-ана, бауырларыңызға қоңырау шалып, құшақтау болсын. Бәрібір, тек игі іс болса болғаны🤍

Әр күн - қайталанбас мүмкіндік. Әрине, осы күнге тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Жай ғана әдемі күнді әдемі өткізіңіз🤍

Жаңадан қосылған оқырмандарымды құшақтадым☺️
Кейде ойымызға тіл бармайтын нәрселер келеді. "Жаман ой орға жығады" деп бекер айтпаймыз ғой. Одан арылуға тез әрекет етіңіз.

Негативтен арылудың да жолдары бар. Содан түйін жасап көрейік.
🕯Әр нәрседен проблема жасамаңыз. Болмайтын нәрсені қиындатсаңыз, өзге адамдар сізден аулақ жүруге тырысады. Бірақ жауапкершіліктен де айрылмаңыз.
🕯Жабысқақ ойдан арылудың ең жақсы жолы - бөлісу. Уайымыңызбен бөлісіңіз. Әңгімеңіз өзгенің өсегі мен төсегінің аралығын аңду болмасын.
🕯Жақсыны көре біліңіз. «Осы не ақылды болып көрінгісі келе ме?! Түрі жаман, сөзі нашар» деп өзгені сөккенше, ол кісінің айтқанынан ой түйіңіз.
🕯«Егер мен ешқашан» деген екі сөзді айтпаңыз.

«Саған бұйырған нәрсе, екі тау ары жатса да қолыңа тиеді». Бірақ әрекет те жасау керек. Асықпаңыз, сабыр етіңіз🤍