Үзік сыр☔️
690 subscribers
39 photos
9 videos
4 files
2 links
heart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
Download Telegram
Қиындық жеткен кезде,
Уайым шеккен кезде,
Сырласар адам таппай, қиналып кеткен кезде,
Сен мені шақыр...
Жалған намыс жақын жандардан айырады.
Өзгеге сыйлайтын ең баға жетпес құнды сыйлық - уақыт.
Алла алыстатқан адамдарға қайта жақындауға тырыспа. Керек емес.
Сондай сұлу жандар болады. Қызығасың, кейде қызғанасың. Бірақ сөйлеп бастағанда сұрықсызданып кетеді. Таңданасың да, қашасың.

Олардың сол үнсіз портрет кейпінде қалғанын қалап кетем.
Құдайдың орнына басқаны қойып, құнсызданып кетпейін.
Көшеде гүл ұстаған қыздарды көріп қуанып тұрмын. Қайсысы гүл, қайсысы қыз деп шатастым.
Шай қой, бәрін жаңадан бастаймыз.
«Қаланың тасбауыр мінезі бойыңа сіңбесін десең, ауылға жиі барып тұр»

Б.Момышұлы
Азан естіген құлақ азғындыққа бармайды.
Дүниедегі ең ғажап сезім - ақталуды қажет етпейтіндей сені жақсы білетін, айыптамайтын және қандай ниетпен істегеніңді білетін адамның жанында болу.
Ақылды қызбен болу - аса қиын дүние. Өзінің пікірі, ойы бар, жеке шекарасын қоя алатын қызға кез келген еркектің әлі келе бермейді. Ақиқат.
Мені "бәрібір" деген күйге жеткізбе.
Сіздің қасында жоқ кезіңізді елемеген адам, бар кезіңізді бағалайды деп айта алмаймын.
Киімнің жақсысын таңдап кигендерің секілді, сөздің де жақсысын таңдап айтыңдар. Расында, адамды сөз киімнен артық көрікті етеді.
Тірі жүргеніңнің өзі - жетістік. Құламай, сынбай өмір сүріп келе жатқаныңның өзі - жеңіс.
Кейде соншалықты шаршап кетесің. Ақталғың да, ақтарылғың да келмейді. Бәлкім, көңіл қалу деген осы шығар, иә?
Өз адамыңды шаршағанша ізде. Кеш болса болсын, қате болмасын.
Біз бақытты болуға да босамайтын болғанбыз.
Бір жылап алып, өмірді жалғастыра беретін жасқа жетіппіз.
Мен құлмын. Менде түк жоқ. Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі.