Әжеге автобуста орын бергем (дәл қазір). Әжей маған:
- Рақмет. Мен сені ренжітпедім бе?
- Жоғааа.
- Шынымен ренжіп қалмадың ба?
- Жоқ😅.
- Анау жерде орын босады, тез отырып ал.
Аааа әжеге ғашық болдым😻💛

Филология факультетін тамамдаған әр қызды құрметтеймін. Жүрек түкпірінде жасырынған әр сөзді түсіну, дер кезінде сүрінген жанға қолдау көрсету алдымен осы қыздарға дарығандай. Түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, әр кейіпкердің кейпіне ене алу да, жазушы қаламынан сұрыпталып шыққан сөздердің құдіретін сезіну де - өнер.
Филфакқа түскенімде алғаш қуанған жан атам еді. Себебі ол кісі кітап оқуды бірінші орынға қояды, көзіне ақ түскенше кітап оқыды❤️
Атамның сөзі: «Кітап оқыған қыздан жаман әйел шықпайды».

Жеті қазақ және бір орыс отырса, орысша сайрап кететін қазағым-ай! Құлдық санадан арыла алмай келеміз. Қазақ тілін өзіміз керек етпесек, өзгеден не қайыр? Қарапайым банкоматта да қазақ тілін таңдайтындардың саны 1-2%-ды құрайтыны өкінішті! Жұмыс түгілі, кинотеатрдан киноға билет алу үшін де, дүкеннен нан сұрау үшін де орыс тілін білуге міндеттіміз. Қазақ жерінде жүріп сондаймыз... Тіл үйрен, алайда алдымен өз тіліңнен басташы!
Өзге ел «өз тілінде сөйлемейтін ұлт - қазақ» деп мазақ қылады. Қазақ тілін білсе де, ол тілде сөйлеуді, жазуды ұят санайтындарын қайтерсің?! Әдейі орысша акцент қойып, «қазақшасы қалай еді, сен филологсың ғой» дейтіндерге айтарым: Қазақ тілі тек бізге керек пе екен?!
«Әдебиетті оқы» деп қыстамаймын, бірақ «Абай жолының» авторы Мұхтар Әуезов екенін білуге болады ғой! «Авторы Абайдың өзі» деп күйдірмей! Түрі қазақ, тілі орыс ұрпақ өсіп келеді. Қорқынышты...

Мен талмай оқуды, қойған межеге жетуді, қандай жағдай болмасын туған бауырдан қол үзбеуді апаларымнан (әпке) үйрендім. «Осы қасиетің апаларыңа ұқсайды екен» дегенді есту - мен үшін ең үлкен мақтау сөз. Алтауы алты жағымнан қойылған қорған секілді көрінеді. Сүрінгенде, күрсінгенде, сынақпен сыналғанда демеу болар, қайғы келгенде бір-бірінен «ет пен тырнақтай ажырамаған» бауырларға не жетсін?! Олар барда «көңіл» деген көбелегім түңілмек емес! Төрдегі сыйлы орын бауырларға арналсын. Туған бауырдың қадіріне жеткейсіздер🤍
Бауыр деген - бір әлем, ауыл бөлек,
Бауырларсыз жүгің де ауыр демек.
Бауырлардың тілейік амандығын,
Әр адамға өмірде бауыр керек...
Бауыр деген - бір әлем, ауыл бөлек,
Бауырларсыз жүгің де ауыр демек.
Бауырлардың тілейік амандығын,
Әр адамға өмірде бауыр керек...
Мына жалған дүниедегі жәннәт қайда екенін білесіздер ме?!
Ол күлімдеген көздерде, тәтті сөздерде, бақытты жүздерде. Ең бастысы, махаббатқа толы жүректерде❤️

«Жұрт не дейді?!»
Біздің халықтың дертті тұсы осы фразада жатқандай. Өзінің таңдауына сенімсіз болу, әрбірден соң өз-өзіне сенбеу, өз өміріне қатысты шешім қабылдаудан қорқып, тағдырының тізгінін сол жұрттың қолына ұстатып қою - көп адамның үлкен проблемасы. Ең сорақысы – сондай проблемасы бар адам ұрпағын да солай тәрбиелейтіні. Ата-анаң «жұрттың баласын» үлгі ете берсе, әрине сен де сол жұртқа елеңдеп өсесің. Жеке өмір жұрт алдында талқыға салынбағаны жөн.

Қазір бір оқиғаны айтып берейін.
Бір құрбымның таныс қызын 1-2 рет кездескен жігіті еркінен тыс алып қашып кетіпті. Бірақ қыз өзі жақсы көрмейді екен. «Кетіп қалды ма?»десем, «Жоқ, қалды» дейді. НЕГЕ? Менің ақылыма сыймады, түсінесіз бе? «Үйдің үлкендеріне көніп қалыпты» дейді. «Өзі қандай қыз еді? Қандай мақсаты бар?» десем, «25-ке келіп қалдым, кету керек деп жүрген қыз» дейді. Біз бұл жерде тағы да айналып «жұрт не дейдіге» келеміз. Бірінші жұрт қайтып келген қыз жаман дейді, екінші 25-ке келдің, отырып қалдың дейді. Алло?! Есіктің сыртында ХХІ ғасыр тұр. Қыздардың күйеуге тигеннен басқа мұраты болмаған киіз үйден баяғыда көшіп кеткенбіз. Әрине, отбасын құрып, ана атану зор бақыт. Егер өз еркіңмен сол жолды таңдасаң. Бірақ таңдамасаң, ешкімнің сені зорлап көндіруіне, отырып қалдың деуіне ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ!

Өз ойымды біреудің миына құюдан аулақпын. Тек керегін алыңыз.
Қыз бен ұлға, әйел мен еркекке қатысты шаблонды ойлардың өзгермейтіні өкінішті. Барлық жігіт темір мен болаттан, төбелес пен «шрамдардан» жаралған жоқ. Лирика мен әсем әуеннен, тәтті тағамдар мен әдемі киімдерден жаралған, табиғаты бөлек жігіттер де бар. Сол секілді қыздардың барлығы бірдей ақ бантик пен жылтырақтан, алжапқыш пен диетадан пайда болмады. Көне кітаптардың иісінен, алшынынан түскен асықтан, ат тұяғының дүбірінен жаралған қыздар да бар.
Әр адам - өз таңдауының нәтижесі.

«Бақыт деген - соқыр құс. Кім болса соның басына қонады. Қадірін білген ұялатады, білмеген үркітеді».
Ешкімді ғайбаттамау, ешкімнің мінін іздемеу, кемшілігіне қарамау, ешкімнің ақысына кірмеу неткен бақыт, әрі жүректің тыныштығы десеңші✨
«Күт деді, кетті,
күтпедім, ол да келмеді.
Өлім секілді бірдеңе болды,
бірақ ешкім өлмеді...»
күтпедім, ол да келмеді.
Өлім секілді бірдеңе болды,
бірақ ешкім өлмеді...»
Мен бүгін бір қыздың әкесі оған гүл сыйлағанын көрдім. «Солып қалады ғой» демей, қызының көңілі көтеріңкі болуы үшін шоқ-шоқ гүлдер жіберіпті. Қасында хаты да бар: «Сүйікті, алтын қызыма! Сенімен мақтанамын. Тілек білдіруші: Әкешің».