TESTCENTERKZ
148K subscribers
2.06K photos
432 videos
106 files
760 links
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылғы ҰБТ қалай өтті?

📌Грант иегерлерінің тізімін жариялау қарсаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова биылғы ҰБТ-ның өту барысы туралы айтып берді.

💡Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгерді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылды.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтейік, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.
244👍81💯14🥰12👏9🤩4😍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Как прошло ЕНТ 2024 года?

📌В преддверии объявления списка обладателей грантов заместитель директора Национального центра тестирования МНВО РК Наужан Дидарбекова рассказала о том, как прошло ЕНТ этого года.

💡Напомним, на ЕНТ-2024 изменилось количество тестовых заданий, добавлен новый тип заданий в профильных предметах.

Количество предметов на ЕНТ остался прежним – три обязательных и два на выбор. Однако, количество заданий по обязательным предметам «Грамотность чтения» и «Математическая грамотность» сократилось на 5 вопросов. Увеличилось количество вопросов по профильным предметам до 40. Важно отметить, что в профильных предметах добавлено 5 заданий на соответствие выбора из списка.
222👍59🤩19😍13👏8💯8🥰7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Гранттар қалай бөлінеді?

📌Бұл сұраққа ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева жауап берді.

🎓Гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. «Білім туралы» Заңға сәйкес бірнеше квота қарастырылған. Мысалы, талапкер ауыл мектебінің түлегі болса, оның грант конкурсына ауыл квотасы бойынша қатысу құқы бар. Егер ауылдық талапкер ауыл квотасы бойынша грантқа ие бола алмаса, жалпы конкурсқа қатысу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл механизм барлық квоталарға тиесілі.

💡Сондай-ақ, биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар (50%) сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сараланған грант иегерлері толық шәкіртақы алатын болады.

🔗Естеріңізге сала кетсек, 104 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдірді.
455👍136🤩42👏34😍23💯11🥰10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Как распределяются гранты?

📌Об этом рассказала заместитель председателя Комитета высшего и послевузовского образования МНВО РК Жанна Есинбаева.

🎓Гранты присуждаются на конкурсной основе по результатам ЕНТ. Согласно Закону «Об образовании» предусмотрено несколько квот. Например, если абитуриент является выпускником сельской школы, то он имеет право участвовать в конкурсе грантов по сельской квоте. В случае, если сельский абитуриент не получает грант по сельской квоте, то программа автоматически разыгрывает его заявление по общему конкурсу. Данный механизм работает для всех квот.

💡Кроме того, в этом году впервые введены дифференцированные гранты с частичной оплатой (50%) за обучение. По 150 дифференцированных грантов выделены по ГОП «Педагогические науки» и «Социальные науки, журналистика и информация». Обладатели дифференцированных грантов будут получать полную стипендию.

🔗Напомним, более 104 тысяч абитуриентов выразили желание участвовать в конкурсе грантов.
1.59K👍403💯133😍120🤩81🥰67👏66
🎓 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

🌟 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

🔎 Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, ҚР Жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

📍 Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс «Стоматология» БББТ бойынша болды. Бұл мамандық бойынша 35 талапкер бір орынға таласты. Ары қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (9 адам) болды.

📚 Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 22 мыңнан астам талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Сондай-ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді.

📨 Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

📌 Естеріңізге сала кетсек, гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.
562👍333😍73🤩37👏24💯15🥰10
🎓 ИЗВЕСТНЫ ИМЕНА ОБЛАДАТЕЛЕЙ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

🌟 В социальных сетях Министерства науки и высшего образования РК и Национального центра тестирования опубликован список обладателей образовательных грантов на 2024-2025 учебный год.

Всего для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов было подано более 104 тысяч заявок, что на 10 тысяч больше по сравнению с прошлым годом.

🔎 Государственные гранты присуждены по итогам заключительного заседания Республиканской комиссии, в состав которой вошли депутаты Парламента РК, представители государственных органов, профсоюзов сферы образования, Национальной палаты предпринимателей РК, Ассоциации высших учебных заведений РК и общественных организаций.

📍Самый большой конкурс состоялся среди абитуриентов, которые выбрали ГОП «Стоматология» - 35 человек на одно место. Далее идут «Международные отношения и дипломатия» (11 человек), «Подготовка учителей физической культуры» (10 человек), «Переводческое дело» и «Психология» (9 человек).

📚 Среди претендентов более 22 тысяч абитуриентов с преимущественным правом в случае равенства баллов, а именно обладатели нагрудного знака «Алтын белгі», победители международных и республиканских олимпиад, отличники учебы. Кроме того, при распределении грантов учтены квоты для детей из социально уязвимых категорий.

📨 Зачисление в вузы будет осуществляться до 25 августа включительно.

По поручению Главы государства в этом году впервые введены дифференцированные гранты с частичной оплатой за обучение.

📌 Напомним, наибольшее количество грантов выделено на инженерные и технические направления. По поручению Главы государства в этом году впервые введены дифференцированные гранты с частичной оплатой за обучение. По 150 дифференцированных грантов выделены по ГОП «Педагогические науки» и «Социальные науки, журналистика и информация». Также, для поступающих по программе «Серпін» выделено 3 903 гранта. В списке грантов есть и 5 000 целевых образовательных грантов для обучения в ведущих вузах молодежи из густонаселенных, вновь образованных и западных регионов.
465👍257😍60💯23🥰18👏18
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣Грант тізімі жарияланды! Грант иегерлерін құттықтаймыз!

🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

📣Опубликованы списки грантов! Поздравляем всех обладателей грантов!
2.65K👍951😍403👏259🤩257💯162🥰157
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Грант иегерлерін құттықтаймыз!

🫶 Қуаныштың көз жасы: біздің балалардың мемлекеттік грантқа реакциялары.

📚 📚 📚 📚 📚 📚

🎓 Поздравляем всех обладателей грантов!

🫶 Слезы радости: реакция наших детей на получение государственного гранта.


#грант2024 #грантиегері2024 #универ #поступилнагрант #оқуғатүстім #сүйінші #ура #мнво #ғжбм
2.16K👍219🥰205🤩84👏81😍62💯43
🎓 БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 94 МЫҢНАН АСТАМ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНДІ

💫 2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы грант саны 94 мыңнан астам, оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

⚡️ 99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игерілсе, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.

🏛️ Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.

📍 Айта кетер жайт, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 000 адамға артық көрсеткіш.
340👍105😍52💯12👏11🥰8🤩6
🎓 В ЭТОМ ГОДУ В СТРАНЕ ВЫДЕЛЕНО БОЛЕЕ 94 ТЫСЯЧ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

💫 Опубликован список обладателей образовательного гранта на 2024-2025 учебный год. Общее количество грантов — более 94 тысяч. Из них 78 тысяч грантов предназначены для студентов бакалавриата, 13 тысяч грантов — для магистрантов, и 3 тысячи грантов — для будущих докторантов.

⚡️ 99 процентов грантов освоены впервые за четыре года. Абитуриентам региона, пострадавшего от наводнения, предоставлено 15 382 гранта.

🏛️ Для филиалов иностранных вузов, открывающихся в Казахстане, выделено 1 890 грантов. Кроме того, полностью освоено 5 000 целевых грантов, также освоены гранты в области сельского хозяйства и ветеринарии.

📍 Стоит отметить, что в этом году заявки на гранты подали 104 121 выпускник, что на 10 000 человек больше, чем в прошлом году.
319👍83🤩36🥰12💯11👏8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤩 Әлеуметтік желілерде грант иегерлері өз қуаныштарымен бөлісуде.

💫 Болашағың жарқын болсын, талапкер!

🎓 🎓 🎓 🎓 🎓 🎓

🤩 В социальных сетях счастливые обладатели грантов делятся своими реакциями.

💫 Пусть будет светлым ваше будущее!

#грант2024 #грантиегері2024 #универ #поступилнагрант #оқуғатүстім #сүйінші #ура #мнво #ғжбм
620👍96🥰77🤩44😍40👏23💯15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍 Талапкерлер мен олардың ата-аналарының қуанышты сәтттерінен үзінді.

Абай облысының талапкері Григорий Накалюжныйдың анасы Надежда Накалюжная әлеуметтік желіде ұлының грантқа түсуіне байланысты өзінің қуанышымен бөлісті.

🎓 🎓 🎓 🎓 🎓 🎓

😍 Как радуются образовательному гранту абитуриенты и их родители.

Мама абитуриента из Абайской области Григория Накалюжного Надежда Накалюжная поделилась в соцсетей своей радостью в связи с поступлением сына на грант.


#грант2024 #грантиегері2024 #универ #поступилнагрант #оқуғатүстім #сүйінші #ура #мнво #ғжбм
373👍108😍95🤩19👏17💯10🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎉Құрметті талапкерлер және ата-аналар!

🎁Кеше сіздер грант тізімімен таныстыңыздар. Ал, бүгін грант куәлігі дайын болды.
🥳Грант туралы куәлікті grant.testcenter.kz сайтынан (ЖСН және ТЖК енгізу арқылы) жүктеуге болады.
❗️МАҢЫЗДЫ: Сіздің ТЖК грант конкурсына қатысуға ұсынылған ҰБТ сертификатында жазулы тұр. Мұқият болыңыздар.

🎊Барлық грантқа түскен талапкерді құттықтаймыз. Оқуда озат болып, білім жолында жетістіктерге жете беріңіздер!

👍👍👍👍👍👍👍

🎉Уважаемые абитуриенты и их родители!

🎁Вчера вы ознакомились со списком обладателей грантов. А сегодня уже готово свидетельство о гранте.
🥳Свидетельство о гранте можно будет скачать на сайте grant.testcenter.kz (по ИИН и ИКТ).
❗️ВАЖНО: Свой ИКТ можно посмотреть на сертификате ЕНТ, предоставленном на конкурс грантов. Будьте внимательны.

🎊Поздравляем всех обладателей грантов. Желаем каждый день встречать с вдохновением и невероятным желанием узнавать что-то новое и важное!
964👍165🤩47👏41😍33💯23🥰16
Forwarded from Sayasat Nurbek
Құрметті биылғы талапкерлер! Қадірлі ата-аналар!

Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.

Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке орай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен.

Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар!

🔹 Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.

🔹 Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.

🔹 Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

Құрметті түлек, қадірлі ата-ана біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау.

Грант алу мүмкіндіктеріңіз қайталап жазам әлі де бар:

🌟 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

🌟 Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.

🌟 KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

🌟 Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

🌟 Жұмыс берушілердің гранттары.

🌟 Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

🌟 Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

☀️ Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

🌟 Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.

Сәттілік тілейміз! Бәрі жақсы болады!
354👍142👏22🤩8🥰6💯5😍4
Forwarded from Sayasat Nurbek
Уважаемые абитуриенты и родители!

Недавнее наводнение стало общим испытанием для всей страны. В связи с этой ситуацией мы выделили небольшую часть образовательных грантов для выпускников из пострадавших регионов. Всего 5112 грантов. Более 20 тысяч выпускников окончили школу в затопленных регионах, из них более 10 тысяч прошли по общему конкурсу наравне с остальными. Мы приложили все усилия, чтобы распределение было справедливым и прозрачным.

Вчера, видя слезы радости на лицах родителей и детей, мы тоже радовались вместе с вами. Однако, к сожалению, есть и те, кто не получил грант, и мы разделяем их огорчение. Многие пишут и звонят в министерство и мне лично, и, конечно, есть и те, кто спокойно воспринял результаты.

*Хочу сказать: не теряйте надежды! Возможности получить грант еще есть!*

🔹 В этом году количество участников конкурса увеличилось на 11 тысяч по сравнению с прошлым годом, поэтому конкуренция была очень высокой.

🔹 Хотя для регионов, пострадавших от наводнения, была предусмотрена квота, абитуриенты из этих регионов выиграли грант по общему конкурсу. Только 1130 человек, или 1,7% от получивших грант, воспользовались квотой. Чтобы поддержать эти регионы, абитуриентам были предоставлены дополнительные сроки для подготовки и подачи документов на конкурс, а также возможность представить сертификаты с лучшими результатами ЕНТ.

🔹 Например, на 1 место по подготовке учителей физической культуры претендовало 11 человек, по моде и дизайну — 9 человек, а на стоматологию — 35 человек на одно место.

*Уважаемые абитуриенты и родители, наша цель — подготовка кадров, необходимых для экономики страны.*

*Возможности получить грант все еще есть:*

🌟 До 3 тысяч абитуриентов могут отказаться от гранта по разным причинам, и они будут перераспределены следующим абитуриентам с высокими баллами.

🌟 Гранты местных исполнительных органов, то есть акиматов.

🌟 Гранты Ассоциации KazEnergy.

🌟 500 грантов от Турецкой Республики для обучения в Международном казахско-турецком университете имени Х.А.Яссави.

🌟 Гранты от работодателей.

🌟 Международный университет туризма и гостеприимства в Туркестане предлагает 800 целевых грантов.

🌟 Фонд «Қазақстан халқына» выделяет 850 грантов.

☀️ Гранты ректоров, например, университет Туран-Астана предоставляет гранты обладателям знака «Алтын белгі».

🌟 Возможность получения свободных грантов по итогам сессии.

Призываем выпускников, не получивших гранты, воспользоваться вышеуказанными возможностями.

Желаем удачи! Всё будет хорошо!
380👍172🥰18👏18🤩16💯11😍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін?

📌 Бұл сұраққа ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жауап берді.

💻 Грант куәлігі grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді. Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін жоо-ларға құжаттар тапсыру керек.

📑 Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
🔻 жеке куәлік,
🔻 3х4 көлеміндегі фото,
🔻 орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,
🔻 № 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
🔻 ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі,
🔻 білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда),
🔻 жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

🙌Сәттілік, болашақ студенттер!
272👍59😍11👏10🥰6💯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Я получил свидетельство о гранте, что делать дальше?

📌 Об этом рассказал советник министра науки и высшего образования РК Руслан Емелбаев.

💻 Свидетельство о гранте доступно на сайте grant.testcenter.kz. Далее абитуриенты должны подать документы в вузы для зачисления на грант или на платной основе до 25 августа (включительно).

📑 В приемные комиссии необходимо предоставить следующие документы:
🔻 удостоверение личности,
🔻 фото размером 3×4,
🔻 аттестат о среднем образовании или диплом для выпускников колледжей,
🔻 медицинская справка по форме № 075/у,
🔻 приписное свидетельство из военкомата для юношей,
🔻 электронное свидетельство о присуждении образовательного гранта (при наличии),
🔻 подтверждающие документы по льготным категориям (при наличии).

🙌 Удачи, будущие студенты!
233👍72👏9🥰7🤩3😍3💯3
🎓Freedom Grants білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды

📚«Freedom Bank» «Freedom Grants» білім беру жобасын іске асырып жатқаны туралы хабарлайды. Биыл Банк талапкерлерге 400 грант бөлді.

🔎 Freedom Bank грантына үміткер болу үшін Сізге:

1-13 тамыз – өтініш тапсырып және https://bankffin.kz/docs/universities_kk.pdf?v=1.1 сілтемесінде көрсетілген ЖОО-ның қабылдау комиссиясына ҰБТ сертификатын қоса беру қажет;

14-18 тамыз – Instagram-да Банк парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хэштегімен пост немесе рилс жариялаңыз. Жазбада өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атауыңыз керек, неге осы мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

21 тамыз – Банктің @bankffin.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен Freedom Grants иелерін анықтау өтеді.

📌 Grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ ЖОО қабылдау комиссияларында іріктеудің толық шарттарымен танысуға болады.
80👍39😍10👏3🤩3💯1
🎓 Стартовал приём заявок на образовательные гранты Freedom Grants

📚 «Freedom Bank» объявляет о реализации образовательного проекта «Freedom Grants». В этом году Банк выделил абитуриентам 400 грантов.

🔎 Для того, чтобы стать претендентом на грант от Freedom Bank необходимо:

1-13 августа – подать заявку и приложить сертификат ЕНТ в приемной комиссии вуза, которые указаны по этой ссылке https://bankffin.kz/docs/universities_kk.pdf?v=1.1;

14-18 августа – опубликовать пост или рилс в Instagram с хештэгом #FreedomGrants, отметив страницу Банка @bankffin.kz. В публикации необходимо рассказать о себе, назвать вуз, в котором хотите учиться, объяснить почему выбрали ту или иную специальность и как хотите улучшить свой регион;

21 августа – в прямом эфире на официальной странице Банка @bankffin.kz методом генерации случайных чисел пройдет определение обладателей Freedom Grants.

📌 Ознакомиться с подробными условиями отбора можно на сайте grants.freedombank.kz, а также в приемных комиссиях вузов.
👍7344🤩28🥰4💯4😍2
🎓 «Тәшенев тартуы»: талапкерлерге 150 грант бөлінді

Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады.

💡 Негізгі ТАЛАПТАР:

ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.

Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;

Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.

Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер;

📍Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

📌 Ескерту: Егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.
84👍28🤩5🥰2👏2
🎓 «Тәшенев тартуы»: абитуриентам выделено 150 грантов

Университет имени Ж.Ташенева рад сообщить о присуждении образовательного гранта «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» абитуриентам, показавшим высокие результаты.

💡 ТРЕБОВАНИЯ:

Абитуриент должен пройти тестирование Национального центра тестирования Республики Казахстан и принять участие в конкурсе на государственный образовательный грант.

Необходимо набрать высокие баллы по Единому национальному тестированию (ЕНТ) по комплексу из пяти предметов.

Преимущество отдается участникам из сельской местности.

Абитуриент должен иметь успехи в предметных олимпиадах и различных конкурсах республиканского и международного уровня, а также высокие оценки по образовательным программам в 10-11 классах школы (за исключением творческих экзаменов).

📍 Решение о присуждении гранта принимается специально созданной конкурсной комиссией.

📌 Примечание: Если в конкурсе на выделенные места кандидаты набрали одинаковые баллы по ЕНТ, учитывается общий балл их успеваемости в аттестате.
84👍32🤩9🥰1