الفتاة الملتزمة حال الصبا إذا كان لها ورد من القرآن الكريم، وقيام الليل، والذكر، وكانت تنوّع العبادات، وتطرق أبواب الخير، وتتقرّب بالنوافل، وتستفرغ الوسع في قضاء الوقت في طاعة.. تقع في حزن إذا تزوجت!
تظن أن الزوج والطفل منعاها الخير، فتحنّ لتلك الجلسات الروحية، والأوقات العامرة، وتجلس تتعوذ من الحور بعد الكور، وتبدُّل الحال من الزيادة للنقصان، فلا يزيدها هذا التصور إلا حزنًا وألمًا.
فإذا اجتمع لها صديقات السوء وآنسات الدروس الجاهلة زدنَ في اللوم والعتاب والتأنيب للتقصير.!
أختي الكريمة زوجك وِردك، وطفلك فرضك، وكل ما في الأمر أنك انتقلت من طاعة إلى طاعة، ولو أحسنتِ فهم هذا لتذوقت تلك النفحات الإيمانية ذاتها في جلسات أسرتك، وربما كان لك فيها من الأجر والتوفيق ما لا يكون في العبادات التي يدخلها الكبر والرياء.
فهوّني عليك، وانظري فيما أقامك سبحانه وكوني كما أمر، واجعلي لنفسك خبيئة يسيرة من نافلة تتقوى بها روحك على ماديات الحياة.!

🔥4👏4
Abylaikhan Suiindik
الفتاة الملتزمة حال الصبا إذا كان لها ورد من القرآن الكريم، وقيام الليل، والذكر، وكانت تنوّع العبادات، وتطرق أبواب الخير، وتتقرّب بالنوافل، وتستفرغ الوسع في قضاء الوقت في طاعة.. تقع في حزن إذا تزوجت! تظن أن الزوج والطفل منعاها الخير، فتحنّ لتلك الجلسات الروحية،…
Жас кезінде Құраннан күнделікті уақыты бар, түнгі намазын қаза қылмайтын, зікір айтатын, құлшылық түрлерін түрлендіріп, қайырлы амалдардың есігін қағып, нәпілдермен Раббысына жақындап, уақытын түгелдей құлшылыққа арнаған тақуа қыз — тұрмысқа шыққан соң кейде мұңға батып қалады.
Өзінің ойынша, күйеуі мен баласы оны игіліктен айырғандай көрінеді. Бұрынғы рухани сәттерін аңсап, «жақсылықтан кейінгі кемшілік» жайлы ойлап, «халім өзгеріп кетті» деп қамығады. Бұл ой оның мұңын арттыра түседі.
Ал егер ондай кезде жанына ілімі таяз, сөзі жеңіл құрбылар тап болса, олар кінәлап, «сен бұрынғыдай емессің» деп үстемелеп кінә артқан сайын жүрегі одан сайын ауырлайды.
Ақиқатында, ардақты әпке, күйеуің — сенің зікірің, балаң — сенің парызың. Сен тек бір құлшылықтан екінші құлшылыққа көштің. Егер мұны дұрыс ұқсаң, отбасыңдағы сәттердің өзінен бұрынғыдай имани ләззат табасың. Тіпті, ол жерде кеудеге кіретін рия мен тәкәппарлықтан таза, әлдеқайда мол сауап болуы да мүмкін.
Сондықтан өзіңді қинама. Алла Тағала сені қайда қойған болса, соған разы болып, әмір еткенін атқар. Жүрегіңді мына дүние тіршілігінен әлсіретпеу үшін өзіңе аз да болса жасырын нәпіл ғибадат белгілеп қой. Сол сенің рухыңды тірілтіп, өміріңді берекелі етеді.

👍31🔥9👏4❤🔥3😍1
Бір етістіктің, әсіресе үш әріптен тұратын етістіктің, бірнеше масдары (түбірінен шыққан есім түрлері) болуы мүмкін. Мысалы, «لَقِيَ» (кездесті) етістігінің масдарлары: لَقًى, لِقاء, لُقيان, لَقْي.
Бұл көптүрліліктің негізгі екі себебі бар:
1. Араб тайпалары тіліндегі айырмашылықтар.
Белгілі болғандай, араб тайпалары кей сөздерді әртүрлі қолданған. Бір тайпа белгілі бір масдарды қолданса, екінші тайпа басқа нұсқасын қолданған.
Мысалы, Сибауайһ «كَتَبَ» (жазды) етістігінің масдары ретінде «كتاب»-ты келтіреді. Кейін ол: «Кейбір арабтар «كَتْبًا» деп те айтады, бұл – өлшемге (қағидаға) сәйкес келетін нұсқа», – дейді.
Сондықтан, етістіктің масдарына қатысты арабтарда қолданылуда айырмашылық көп болған сайын, оның масдарлары да көбейіп отырған.
2. Мағыналық айырмашылықтар.
Бұл – масдардың әртүрлі болуындағы ең маңызды себептердің бірі. Кейде екі масдардың әрқайсысы өзіндік ерекше мағынаға ие болып, бірінің орнына екіншісін қолдану дұрыс болмайды.
Мысалы: الضَرّ және الضُرّ
• Фатха «а» (ضَرّ) – кез келген нәрседегі зиянды білдіреді.
• Дамма «у» (ضُرّ) – адамның өз басына келген зиянды, ауру мен әлсіздікті білдіреді.
Қасиетті Құран Кәрімде:
وَأَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
Және (дерт меңдеген) Айюбты да есіңе ал! Сол кезде ол Раббысына: «Шынында да, маған бір зарар тиді. Ал Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің!» — деп жалбарынған еді.
وَلَا يَمْلِكُونَ لِأَنفُسِهِمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا
Олар өз-өздеріне зиян да, пайда да келтіруге қауқарсыз.
Яғни, ضَرّ – жалпы зиян, نَفْع (пайда) ұғымына қарсы қойылады. Ал ضُرّ – адамға тікелей келген дерт пен әлсіздікті білдіреді. Осылайша, мағынаның өзгеруі себепті сөз тұлғасы да өзгерді.

👍12🔥4
وكلِّف نفسك الصبرَ على طاعة الله يومًا فيومًا، فإنك لو قدرت البقاء خمسين سنة، وألزمتَها الصبر على طاعة الله تعالى نفرت واستعصت عليك.
فإن فعلتَ ذلك فرحتَ عند الموت فرحًا لا آخر له. وإن سوَّفتَ وتساهلتَ جاءك الموت في وقت لا تحتسبه، وتحسّرتَ تحسّرًا لا آخر له، وعند الصباح يحمد القوم السُّرى، وعند الموت يأتيك الخبر اليقين، ولتعلمنَّ نبأه بعد حين!
الحجة الغزالي (رحمه الله)

🔥6
Abylaikhan Suiindik
وكلِّف نفسك الصبرَ على طاعة الله يومًا فيومًا، فإنك لو قدرت البقاء خمسين سنة، وألزمتَها الصبر على طاعة الله تعالى نفرت واستعصت عليك. فإن فعلتَ ذلك فرحتَ عند الموت فرحًا لا آخر له. وإن سوَّفتَ وتساهلتَ جاءك الموت في وقت لا تحتسبه، وتحسّرتَ تحسّرًا لا آخر له،…
Әр күніңді Алла Тағалаға құлшылықта сабырмен өткізуге өзіңді машықтандыр. Өйткені егер сен елу жыл өмір сүрер болсаң да, нәпсіңді Аллаға құлшылық етуге мәжбүрлесең, ол саған қарсы шығып, қашқақтайды.
Ал егер сабырмен шыдай білсең, өлім келгенде шексіз қуанышқа кенелесің. Ал керісінше, жалқауланып, кейінге қалдырсаң, ажал сені күтпеген сәтте келіп, өкінумен қаласың.
Түнді жүріп өткен жолаушыға таң атқанда ғана сапарының жемісі мәлім болатыны сияқты, адам да өлім сәтінде ақиқатпен бетпе-бет келеді. Сонда анық хабарды аласың, ал оның сырын уақыт өте білесің!
— Имам әл-Ғазали, Алла рақым етсін.

❤🔥16😭2
Abylaikhan Suiindik
Бір етістіктің, әсіресе үш әріптен тұратын етістіктің, бірнеше масдары (түбірінен шыққан есім түрлері) болуы мүмкін. Мысалы, «لَقِيَ» (кездесті) етістігінің масдарлары: لَقًى, لِقاء, لُقيان, لَقْي. Бұл көптүрліліктің негізгі екі себебі бар: 1. Араб тайпалары…
🎙️ Жазбаға қосымша аудио түсіндерме.
🔥6
Forwarded from Әмсилә أمثلة
✨ Пайғамбарымыз ﷺ – жүректердің көктемі ✨
Көктемнің ең асыл мәні – жарқырап жайнаған, суы мөлдір, тіршілік атаулыға нәр беріп, шөлді қандыратын ағынды өзен іспеттілігі.
Ол – жер бетін көктетіп, жан бітіретін алғашқы жауын.
Ол – топырақ төсін гүлге бөлеп, жұп-жұбымен жайқалып, тербеле өскен әсем өсімдіктер.
Расында, ардақты Пайғамбарымыз ﷺ өмірінің әрбір сәті де, бүкіл ғұмыры да көктемдей болды.
Оның өмірі – мәңгілік көктемдей мағынаға толы, бәлкім, одан да артық еді.
Пайғамбарымыз Мұстафа ﷺ жүректердің көктемі болатын.
Ол ﷺ дұғасында: «Аллахым, Құранды жүрегімнің көктемі ет!» – деп жалбарынатын.
Бұл – Құран жүректің қуанышы, рухтың шуағы, кемелдікке бастайтын даналықтың тұрағы екенін меңзейтін сөз.
Шындығында, Алла Тағала Құран арқылы өлі жүректерге жан берді.
Ол ﷺ – әлемге нұр мен сұлулық алып келген елші.

❤🔥11👍5
Abylaikhan Suiindik
Video
Білім – ұзақ сапар
Біреу: «Білім ұзақ сапар» — дейді. Иә, расымен де білім – ұзақ сапар.
Мен отыз жылдан астам уақыт бойы оқып келемін, бірақ бұл ғылымдарды толық меңгеріп болғам жоқ. Дегенмен біз тырысып келеміз.
Арабтың ұлы ақыны Имрул Қайс былай дейді:
فَلَو أَنَّ ما أَسعى لِأَدنى مَعيشَةٍ
كَفاني وَلَم أَطلُب قَليلٌ مِنَ المالِ
وَلَكِنَّما أَسعى لِمَجدٍ مُؤَثَّلٍ
وَقَد يُدرِكُ المَجدَ المُؤَثَّلَ أَمثالي
Бұл – біздің ұранымыз! Сенің де ұраның осы болсын. Білімде азға қанағаттанба!
©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)

🔥12😭3🙏1
Forwarded from Әмсилә أمثلة
فَلَو أَنَّ ما أَسعى لِأَدنى مَعيشَةٍ
Егер іздегенім – тұрмысым болса,
كَفاني وَلَم أَطلُب قَليلٌ مِنَ المالِ
Тіршілікке жетер аз ғана мал да.
وَلَكِنَّما أَسعى لِمَجدٍ مُؤَثَّلٍ
Бірақ мен аңсаған – мәңгілік даңқ,
وَقَد يُدرِكُ المَجدَ المُؤَثَّلَ أَمثالي
Сондай даңққа жете алады мендейлер де

😭14
وَما لِلمُسلِمينَ سِواكَ حِصنٌ إِذا ما الضُّرُّ مَسَّهُمُ وَنَابَا.
Мұсылмандарға қашан қиындық пен ауыртпалық тисе, оларға Сенен өзге қорған жоқ ﷺ.
Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!

❤🔥25😭4🔥2
Арнаға жазба шықпағанына да біршама уақыт болды. Оның себебі:
Алланың қалауымен, “Тасһил” кітабын үш айда толық запись жасап бітірдік.
Маған көп шәкірттер:
— Ұстаз, «Мутаммима» немесе «Қотр нада» кітабынан дәріс берсеңіз” — деп ұсыныс білдірді.
Осыған орай жақында “Мутаммима” кітабынан дәріс бастаймын.
Ол кітаптың артықшылықтары өте көп. Алла қаласа, кітаптың артықшылығы жайында жеке жазба шығады.

🔥21👏5⚡4👍1
Abylaikhan Suiindik
Video
«Мутаммима» — менің ең жақсы көретін кітаптарымның бірі. Өте маңызды кітап, алайда көп шәкірттер бұл кітапқа мән бермейді.
Бұл кітаптың авторы — Мәлики мәзһабының ғалымы Имам әл-Хаттаб.
«Мутаммима» кітабы — Ибн Ақилдің еңбегіне мазмұны жағынан ұқсас, бірақ онда талас мәселелер айтылмайды. Өте тамаша, қызықты және әдемі кітап.
Ол (мутаммима) — бастапқы және жоғары деңгейдегі кітаптардың арасындағы көпір секілді.
Бірақ мәселе — бұл кітаптың түсіндірмелерінде. Бар болғанымен, кейбірі өте қысқа (мысалы, Факиһидің шархы), ал кейбірі керісінше, тым ұзақ әрі күрделі (мысалы, Әһдәлдің шархы).
Сондықтан біз «Мутаммима» кітабына ерекше көңіл бөлуіміз қажет!
©️ Шейх Әли Һани (хафизаһулла)

Егер шәкірт «Әжрумиядан» кейін бірден «Қатр надаға» өтсе, қиындық көреді. Ал арада «Мутаммиманы» оқыса, ары қарайғы кітаптарды түсіну әлдеқайда жеңіл болады.
Бірақ мәселе — бұл кітаптың түсіндірмелерінде. Бар болғанымен, кейбірі өте қысқа (мысалы, Факиһидің шархы), ал кейбірі керісінше, тым ұзақ әрі күрделі (мысалы, Әһдәлдің шархы).
Сондықтан біз «Мутаммима» кітабына ерекше көңіл бөлуіміз қажет!
©️ Шейх Әли Һани (хафизаһулла)
🔥21❤🔥5😍4
Abylaikhan Suiindik
Audio
فَإِذَا قَرَأْتَ الْقُرْآنَ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ
Һәм қашан сен (уа, мүмін) Құран оқысаң, Алланың атымен қуылған шайтаннан сақтан. («Нәхл» сүресі, 98-аят)
Шындығында, бұл аяттың мағынасы — «Құран оқығың келсе, Алланың атымен қуылған шайтаннан сақтан». Бірақ Құранда «егер оқығың келсе» деп емес, «оқысаң» деп айтылған.
Бұл өзгерістің сыры не?
Осы секілді:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ
Уа, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуып, бастарыңды сипаңдар һәм аяқтарыңды да тобықтарына дейін (жуыңдар). («Мәида» сүресі, 6-аят)
Мен намазды оқып болғаннан кейін бетімді жуып, дәрет аламын ба? Жоқ. Аяттың мағынасы — «Егер намаз оқуға ниеттенсеңдер, беттеріңді жуыңдар».
Бірақ Алла Тағала бізге «Егер намазға ниет етсеңдер» деп емес, «Намазға тұрсаңдар» деп айтты.
Имам Әбу Су‘уд осы жайлы былай деген:
والتنبيه على أن من أراد الصلاة حقه أن يبادر إليها بحيث لا ينفك عن إرادتها.
«Бұл жерде Алла Тағала намазға шын ниет еткен адамның міндеті – оны кейінге қалдырмай, дереу орындау керектігін ескертіп тұр».

Себебі Құран сені тек оқуға ниеттенуге емес, оған толық берілуге шақырады.
Құран оқу — жай ғана “қаласам оқимын” деген іс емес, оған жан-тәніммен, жүрегіммен ұмтылуым қажет!
Осы секілді:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ
Уа, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуып, бастарыңды сипаңдар һәм аяқтарыңды да тобықтарына дейін (жуыңдар). («Мәида» сүресі, 6-аят)
Мен намазды оқып болғаннан кейін бетімді жуып, дәрет аламын ба? Жоқ. Аяттың мағынасы — «Егер намаз оқуға ниеттенсеңдер, беттеріңді жуыңдар».
Бірақ Алла Тағала бізге «Егер намазға ниет етсеңдер» деп емес, «Намазға тұрсаңдар» деп айтты.
Оның сыры
— сен намаз оқуға жай ғана ниеттенбеуің керек; намазға дереу, шын ықыласпен ұмтылуың қажет!
Имам Әбу Су‘уд осы жайлы былай деген:
والتنبيه على أن من أراد الصلاة حقه أن يبادر إليها بحيث لا ينفك عن إرادتها.
«Бұл жерде Алла Тағала намазға шын ниет еткен адамның міндеті – оны кейінге қалдырмай, дереу орындау керектігін ескертіп тұр».
❤🔥13🔥4😍2
Шейх Әли Һәни (хафизаһулла) былай деген еді:
“Кім «Мутаммима» кітабын оқыса, Ибн Һишамның «Қатр ан-нада» кітабының түсіндірмесін береке үшін ғана оқиды.
Себебі «Қатр ан-нада» — Сужағи, Әлуси, Фәкиһи секілді хашияларымен күрделі кітап”.

🔥11❤🔥5😍2
Forwarded from Abylaikhan Suiindik
Көптеген шәкірттер: «Ұстаз, «Қотр нада» кітабынан курс ашсаңыз» — деп жазып жатыр.
Бауырым, бұл еңбек — тек Ибн Һишамның түсіндірмесімен шектелетін қарапайым кітап емес. Оны толық игеру үшін Сижағи мен Әлусидің түсіндірмелерімен бірге оқып, терең талдау жасау қажет.
Бұл — үлкен теңізге шығаратын кеме секілді. Ал оған міну үшін алдымен жағалауда мықты дайындық керек. 🌊📖

🔥18💯5👏4
أما التعليم، فليس كلُّ مَن عَلِمَ شيئا استطاع أن يُعَلِّمَه، وما كُلُّ عالِمٍ يَصير مُعَلِّما، فالتعليمُ أنْ تختار الأسلوبَ الذي توصل به هذه المعارف إلى أذهان المتعلمين، وذلك يقتضي معرفةً بمدى إدراك الطالب، فلا تكلفه بما هو فوق إدراكه، وبمدى قبوله ما تُلقيه عليه وإلا أَغْلَقَ ذهنَه دونك فقرعتَ بابًا لا يُفتح أبدا، وأنْ تزيح من طريقه العوائقَ التي تعيق فهمَه عنك وينشغل بها عما تقول، ومِن هذه العوائق ما يكون فيك أنتَ أيها المدرس، فلا ينبغي أن يكون في هيئتك ولا في لهجتك ولا في أسلوب معاملتك شيءٌ غريب يقف فكرُه عندَه فلا تستطيع أن توصل إليه ما عندك.
علي الطنطاوي «ذكريات»
علي الطنطاوي «ذكريات»
🔥4
Abylaikhan Suiindik
أما التعليم، فليس كلُّ مَن عَلِمَ شيئا استطاع أن يُعَلِّمَه، وما كُلُّ عالِمٍ يَصير مُعَلِّما، فالتعليمُ أنْ تختار الأسلوبَ الذي توصل به هذه المعارف إلى أذهان المتعلمين، وذلك يقتضي معرفةً بمدى إدراك الطالب، فلا تكلفه بما هو فوق إدراكه، وبمدى قبوله ما تُلقيه…
Оқыту — бұл тек білім беру емес.
Бұл – ұстаздан шәкіртінің деңгейін жақсы білуді талап етеді. Шәкірттің түсінігі жетпейтін нәрсені жүктеме және жүрегі қабылдамайтын сөзді айтпа!
Егер шәкірттің ойы саған жабылса, сен қаққан есік мәңгі ашылмайтын болады.
Сондай-ақ оқытушы шәкірттің түсінуіне бөгет болатын барлық кедергілерді жоюы керек. Өйткені кейбір кедергілер шәкірттен емес, ей, оқытушы, сенің бойыңнан табылуы мүмкін. Сондықтан сенің сырт келбетіңде, сөйлеу мәнеріңде және қарым-қатынас тәсіліңде шәкірттің ойын бөлетін жат нәрсе болмауы тиіс!
Өйткені шәкірттің назары сол секілді нәрсеге ауып кетсе, сен айтқан ілім оның санасына жетпей қалады.
©️ Әли Тантауи «Естеліктер».
Бір нәрсені білген адамның барлығы үйрете алмайды, барлық ғалым ұстаз бола бермейді. Нағыз білім беру — білім талап етушілердің санасына білімді жеткізудің дұрыс тәсілін таба білу.

👍17👏5