Usbanov ARNASY
3.12K subscribers
10.6K photos
5.53K videos
4 files
1.53K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.
Download Telegram
РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев қызметсіз қалды. Оның қайда тағайындалатыны жуырда белгілі болады. Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз хатшысы Песков айтты.
Usbanov ARNASY
Video
❗️Белгородтағы зымыран түсіп, қираған үйде қаза тапқандар саны 13-ке жетті.
Usbanov ARNASY
Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Андрей Белоусов. Ол әскери сала адамы емес. Мамандығы - экономист.
❗️❗️❗️Андрей Белоусов кім?

Ол әскери саланың адамы емес. Әскерде болмаған және әскери шені жоқ.

Осыған дейін: Ресей Президентінің экономика саласы бойынша кеңесшісі болған.

РФ Экономика министрлігінде 2006 жылдан бастап, вице-министр, министр қызметтерін атқарған. Онан соң РФ Президентінің көмекшісі, РФ Вице-премьер-министрі болған.

Мамандығы: Экономист-ғалым.

Саяси шені: 1-ші дәрежеді мемлекеттік кеңесші. Бірақ, партияға мүше емес.

Жасы: 65-те.

Санкция:

▪️2022 жылдың маусымында Украинаның жекелеген санкциясына ілінген. Себеп: Украинаға басқыншылық және сол басқыншылықты бастаған РФ Президентіне жақын адам ретінде.
▪️2022 жылдың шілдесінде ЕО-ның жекелеген санкциясына ілінген. Себеп: Қырым аннекциясын қолдағаны үшін және санкциядағы банктерді жақтап, олигархтарға санкциядағы банктермен жұмыс жасай беруге шақырғаны үшін.
▪️2022 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың қаңтарында Жапонияның жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың ақпанында Канаданың жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың мамырында Ұлыбританияның жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың шілдесінде Аустралияның жекелеген санкциясына ілінген.
Украина Бас штабы: Ресей Волчанскі қаласын алу үшін кемі 5 батальонды жұмылдырған. Қазір қала үшін қиянкескі шайқас жүріп жатыр. 1 тәулікте басқыншылардың 1740 сарбазының көзі жойылды.
Бүгін Ереван жұрты да ереуілдеп жатыр. Олар Тавуштағы 4 ауылды Әзербайжанға беруге қарсы. Пашинян үкіметіне қарсы. Қазірге дейін 100 шақты адам тұтқындалған.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды!
Бақытжан Байжанов 4 жыл түрмеге кесілді!
ПАШИНЯНДА ТАҢДАУ ЖОҚ: «ҰЛЫ АРМЕНИЯНЫҢ» АРМАНЫ САЗҒА БАТТЫ

🔻АЛМАТЫДАҒЫ КЕЗДЕСУ: ТАРАПТАР НЕ ШЕШТІ?
АРМЕНИЯДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ СОҢЫ НЕ БОЛМАҚ?
АЛМАТЫ КЕЛІССӨЗІНЕН ОҢ НӘТИЖЕ БАЙҚАЛАДЫ
ПАШИНЯН: НАРАЗЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР – ӘЗЕРБАЙЖАНМЕН ЖАҢА СОҒЫСТЫ ҚАЛАЙТЫНДАР!


Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5401
Бишімбаев соты басқаларға сабақ бола ма?

Бірнеше ай бойы елдің назарында болған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске бүгін нүкте қойылды.

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатыгездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іске сот үкім шығарды. Қуандық Бишімбаевқа 24 жыл, Бақытжан Байжановқа 4 жыл түрме жазасы кесілді.

Жан-жарын айуандықпен өлтірген адам заңнан қолдау іздеп, қанды қол қылмысынан құтылмақшы болғанын ешкім жақтырған жоқ. Бірақ бір кездегі билікте болғаны өзін ақтап шығады деген дәме де болғанын жасырып жабуға болмайды.

Әйелін өлтіріп, енді өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпекші болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта сөйлеген соңғы сөзі көптің жағасын ұстатты.

Бастапқыда Адольф Гитлерге тиесілі болған: «Біздің өтірігіміз қаншалықты қорқынышты болса, адамдар оған соншалықты оңай сенеді», - дегенді кейін Йозеф Геббельс жағы талмай қақсаған. Бишімбаев дәл осы дәйексөзді айтты.

Бишімбаев қалай тырманса да, сот тырп еткізбеді. Өйткені, бұл ашық сот болды. Тікелей эфирде өткен бұл соттың әр процессі қоғамның алдында ашық өтті. Қорғаушылардың құйтырқылықтары да, прокурорлардың айтыс-тартысы да, сот төрағасының залға кіргеннен-шыққанға дейінгі әрбір іс-қимылы жұрт назарында болды. Нәтижесі, жоғарыдағыдай. Бұл соттың шешімі дегендей әділ деуге келеді. 24 жыл аз ба, көп пе, оның әркім өзінше бажайлай жатар. Айтпағымыз: сот процесстерінің осылай ашық өтуі еліміздегі сот жүйесінің жұмысын ілгерілетуге айтарлықтай жәрдемдесері сөзсіз.
Forwarded from Mezgil.kz
Жерге сіңген 2 млрд доллар: Қырғыз сарапшылары не дейді?

БҰҰ мәліметі бойынша, Орталық Азия елдері жыл сайын су тапшылығынан және суды тиімсіз пайдалану әсерінен 2 млрд доллар пайдадан қағылуда.

Толық:

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5400
Әйелін өлтіріп, 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуаныш Бишімбаев 2040 жылға қарай шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.

"Қуандық Бишімбаев қазір сотталған аса ауыр қылмысы үшін жазаның 2/3 бөлігінен кейін арыз беру құқығы туындайды. Бұл 16 жыл, бұл 2039-2040 жылдар", – деді үйлестіруші судья Алма Есімова сот отырысында.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Харьков облысы. Волчанскі маңы. "Орыс еріктілері корпусы" басқыншыларға ет комбинаты тұсында соққы беруде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемде алағай да бұлағай кезең. Жар астында жау, жол шетінде бөтендер бары қашанда анық. Ел басына күн туа қалса, сенеріміз - әскер. Әскерді қуаттау керек!

Видеоны ҚР Қорғаныс министрлігі жариялапты. "Біздің әскер, Отанды қорғауға әркез дайын", - деп жазба қалдырыпты.
Испания Украинаға 10 дана Leopard 2 танктерін береді!

Бұл танктер 30 маусымға дейін беріліп болады. Испанияның әскери көмегінде:

◾️ Ірі калибрлы артиллериялық оқ-дәрілер,

◾️ Ауыр және жеңіл пулеметтер,

◾️ БМП-ларға арналған қорғаныш шанақтар,

◾️ Танкке қарсы қарулар мен снарядтар,

◾️ Бақылау жүргізуге арналған зенитті кешендер,

◾️ Дрон шабуылдарынан қорғануға арналған кешендер бар.
Армян БАҚ-тары: Арменияның Әзербайжанмен шекаралас аймақтарындағы Ресей әскери контингенті бүгіннен бастап өз посттарын өткізіп, кете бастайды.
Украина Радасының депутаты Алексей Гончаренко Зеленскийге үндеу жасап: "Шетелдік әріптестерімізден көмекке әскер кіргізуді сұраңыз!", - деді.
Ел Бишімбаевпен әлек болып жатқанда, "Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 5 жылға түрмеге кесілді.

Мырзахметовке: "Пара беруге селбесті", "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденді" және "алаяқтық" баптары бойынша айып тағылған.
Usbanov ARNASY
Харьков облысы. Волчанскі маңы. "Орыс еріктілері корпусы" басқыншыларға ет комбинаты тұсында соққы беруде.
Харьков майданындағы жағдай қалай?

Ресей әскері Харьков бағытындағы шабуылын үдете түсті. Харьков облысының Ресеймен шекаралас аймағындағы 6 елді-мекенді оккупациялаған Ресей әскері, Волчанск қалашығына жақындап, ұрыс салуда. Украина қорғаныс министрлігі жағдайдың қиын екенін мәлімдеді.

Толық:

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5398