Usbanov ARNASY
2.98K subscribers
10.2K photos
5.36K videos
4 files
1.45K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.
Download Telegram
Ауыл партиясы депутат Дайрабаевтың мандатын кері қайтармайды. Партия басшылығы: "Жигули Дайрабаевтың ұлдарының қылмысына өзінің еш қатысы жоқ",- деп мәлімдеді.
Forwarded from DALA INSIDE
🇺🇲 Теңізшевройл құпиясы. Аудиторлар ТШО-ның Қазақстанды алдап, қаржыны заңсыз шетелге шығарып келгенін дәлелдей ала ма?

DALA INSIDE қолына түскен «JANARU» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілі Бақтыбай Жұмаділдиннің хатына сәйкес, жергілікті қамту саясаты бойынша тендерлерді басымдықпен жергілікті компанияларға беруі тиіс «Теңізшевройл» жұмысшыларды тамақтандыру бойынша 700 миллион долларлық контрактты шетелдіктерге заңсыз беріп келген.

Қазір осы контракттың иесі «Compass Group Қазақстан» фирмасы. Ол 700 миллион долларға Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды тамақтандырады. Ал оның 100% акциясы британдық Compass Group International компаниясына тиесілі. Барлық табыс бірден шетелдік акционерге аударылып отыр. Бұдан, отандық компаниялар жұмысшыларды тамақтандыра алмай ма деген сұрақ туындайды.

Осының алдында, «Compass Group Қазақстан» фирмасы ҚазМұнайГаз-Сервис Компас деп аталып, оның 40 пайызы Қазақстан мемлекетіне тиесілі болған. Алайда, 2017 жылы осы үлес 2 миллиард теңгеге сатылды. Бір қызығы, үлесті бағалағанда фирманың ұзақ мерзімді контракттары, оның болашақ табысы ескерілмеген.

ТШО мәселесімен Жоғарғы аудиторлық палата айналысуы тиіс. Себебі, «ҚазМұнайГаз-Сервис Компас» біріккен кәсіпорны бас директорының бұрынғы орынбасары Мұрат Тұрысбековтың айтуынша, осы схема арқылы ТШО-ның қазақстандық үлесінен кем дегенде 30 миллиард теңге сыртқа заңсыз шығарылған.

ТШО бүгін өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Оның бергі жағында жетістіктер, көрсеткіштер айтылып, қошеметтелгенімен, ар жағында шетелдіктердің жасап кеткен және жасап жатқан былықтары мен қылмыстары аз емес.

https://t.me/dalainside
Politico: Саакашвили өлім аузында жатқанын айтты.
Қазақстан Ресейге әскери техника жеткізіп отыр ма?

Осыған дейін Қазақстан мен Ресей шекарасы маңынан әскери техникалар көші байқалады деген ақпарат (видео) тараған. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Қазақстан Ресейге әскери техника жеткізіп отыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазақстанның Орталық әскери округінен Шығыс әскери округіне әскери техникаларды жоспарлы жөндеуден өткізу үшін апара жатқаны бейнеленген.

Ал Қазақстанда 2022 жылдың 27 тамызынан бастап әскери техника экспортына шектеу қойылған», - дейді Министрлік.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырымды азат ету - айнымас міндетіміз!, - деді Зеленский.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бахмут бағыты. Шашылып жатқан вагнерліктер...
Блинкен: Мәскеу мен Киевтің дәл қазір келіссөзге келуі мүмкін емес!
Қазақстанға АҚШ ТӘК-нің вице-адмиралы, АҚШ ТӘК-нің Орталық басшылығының қолбасшысы, АҚШ ТӘК-шің бесінші флотын басқаратын Чарлз Купер келді.
Қырғыз президенті Садыр Жапаров ауызашар беріпті. Бішкектегі орталық мешітте...
Ал бұл Ақордадағы ауызашар!
Ал бұл Зеленский. Ауызашарда отыр.
Шавкат ака Мирзиеев Нүкісте бір шаңыраққа барып, ауыз ашыпты деп таратыпты баспасөз қызметі.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бахмутқа бара жатқан жолдардың бірі...
Қазақстан Ресейді айналып өтіп, өз мұнайын Әзірбайжан арқылы саудаламақ. Орыс басылымдары әл-әзірден ойбайға басып жатыр.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытайлық БАҚ: "Біз Тайуанды осылай шабуылдаймыз!", - дейді.
Бүгін Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
Usbanov ARNASY
Бүгін Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді. Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
Қош бол, Ресей! Арма, Баку!

Бүгін бізге Әзербайжан басшысы Илхам Әлиев келеді. Солай деген... Бұл сапардың маңызы зор. Әсіресе, осыған дейін 30 жыл бойы өзінің негізгі экспорт шикізаты - мұнайды солтүстіктегі сойы бөлек көршілерге тәуелді етіп қойған (80 пайызы Ресей құбыры арқылы тасымалданған) Қазақстан үшін.

Сөйтсек, бізде Ресейді айналып өтетін жол бар екен. Оны Астанадағылар отыз жыл бойы көрсе де көрмегендей болып келген (саяси ерік-жігердің тәуелділігі). Кремльдің импершіл билігінің Украинаға қарсы соғыс ашуы, әлемнің өркениетті елдерінің Ресейді санкция соққысының астына алуы, Ресейдің соңғы 1-2 жылдағы КТК-дағы (Каспий құбыры) қисынсыз арандатулары т.б. бірнеше фактор Ақордаға мұнай ағызудың балама жолын іздеуге итермеледі. Сөйтіп, тапты. Каспийдің арғы бетінде (ұшақпен ұшқанда 45 минуттық жерде) әзері қардашларымыз бар екен.

Осы жолы әзері қардашларымыз: "Баку-Супса құбыры арқылы 5 млн т қазақ мұнайын экспорттаңдар", - деп ұсыныстапты. БАҚ солай дейді.

Қазірдің өзінде Баку-Тблиси-Жейхан бағыты бойынша мұнай шикізатын экспорттау туралы келісім іске асырылып жатыр. Әрине, қазақ мұнайының 80 пайызы Ресейдің Жаңасібірі арқылы экспортталып келген. Ол көлемді бір дегенде Баку бағытына ауыстырып жіберу қиын. Бірақ, алған бағыт дұрыс. Егер осылай жүрсек, бірнеше жылдан соң: "Қош бол, Жаңасібір! Қош бол, Ресей", - дейтін күн де туар.
Жыл басынан бері 4 жарым мың қандас оралды

Биылғы жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың тең жартысы (52,4%) – Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден келді.
Түркия Қарулы күштері күшейіп жатыр...

Түркия әлемде алғаш болып әскери соққылаушы дрондарға арналған кемені Қарулы күштер қатарына қоспақ.

TCG Anadolu: Бұл әмбебат десанттық кеме. Түркия ҚК сапына бүгін қосылады.

Кемеде 10 тікұшақ, 11 өзұшар аппарат бар. Жалпы сыйымдылығы 19 тікұшақ пен 30 өзұшар аппарат. Бұл кемені түріктер 1 жылдың ішінде құрастырып шыққан.