Зұлымдық…
Ресей Украинаның Сумскі облысына соққы жасады. Соққы балабақшаға жасалған…

😡68
Пашинян: Украина мәселесінде Армения Ресейдің одақтасы емес!
Армения премьері Пашинян дәп осылай деді. Ол өз сөзінде, КСРО тараған кездегі бұрынғы одақтас республикалардың шекараларын бекітетін 1991 жылғы Алматы декларациясын еске салды. Армения Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын айтты.

👏85👍26❤3👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
РЕСЕЙ ЕРЕВАНҒА ӨТЕ ӨКПЕЛІ...
Ресей Сыртқы істер министрлігі: "Ереван Ресейге қарсы әрекеттерге бармау туралы уәдесін бұзды", - деп мәлімдеді.
РФ СІМ өкілі Мария Захарова: "Армения билігінің қазіргі сыртқы саяси бағыты ерте ме, кеш пе Арменияны антиресейлік бағытқа әкеледі. Армения Брюссельдің антиресейлік риторикасына жегіледі", - дейді.
Бұған қоса, Захарова: "Зеленскийдің қоқан-лоққыларына Еревандағы еуропалық саммиттің русофобиялық атмосферасы әсер етті", - деп мәлімдеді.
По ее словам, нынешний внешнеполитический курс армянских властей «рано или поздно приведет к необратимому вовлечению Армении в антироссийскую линию Брюсселя».
Помимо этого, она заявила, что «на угрозы Зеленского оказала влияние русофобская атмосфера европейского саммита в Ереване».

😁44🤡15❤2
Ресейлік бизнесмен Самвел Карапетян: Сайлаудан соң мен Армения премьері боламын. Оған шүбәм жоқ!
Ресейлік ірі қалталы кәсіпкер, «Күшті Армения» партиясының лидері Самвел Карапетян: «Пашинянның рейтингі өте төмен. Бұл біздің абсолютті жеңісіміз. 25 пайыз қолаушылармен олар билік құра алмайды. Сайлаудан соң біз жеңеміз, мен Армения премьері боламын. Арменияны дұрыс бағытқа бұрамын", - дейді.

🤡56🖕15👎2😁1
Ресей өңірлері шетінен 9 мамыр парадтары мен шерулерін өткізбейтін болып жатыр...
«Вёрстка» басылымының деректеріне сүйенсек, әскери техника қатысатын толыққанды шерулер 85 аймақтың тек 18-інде ғана өтеді екен, әзірге.
Ал 27 қалада іс-шаралар мүлдем тоқтатылған. Олардың қатарында Белгород, Курск, Ростов-на-Дону, Краснодар, Воронеж және аннексияланған Симферополь мен Севастополь бар.
Тағы 37 өңірде шерулер техникасыз және көптеген шектеулермен өтеді.

🤣41👍9❤2
БАҚ: Қытайдың тағы бір бұрынғы Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ де өлім жазасына кесілді.
Вэй Фэнхэ - 2018-2023 жылдар аралығында ҚХР Қорғаныс министрлігін басқарған. Онан соң оның орнын Ли Шанфу басқан.
Ли Шанфу мен Вэй Фэнхэ Қытай коммунистік апртиясының қатырынан шығарылған. Оларға "аса ірі көлемде жемқорлық жасады" деген айып тағылуда.

😁15🤔8👎2👍1
Ресей СІМ-і: Бәрі кә-кәйлар, Ресей ғана әй-әй)
РФ Сыртқы іст ер министрлігінің бұл баспасөз маслихатының жалпы мазмұны осы болды. Ресми өкіл Мария Захарова Киевті де, Германияны да, басқаларын да агрессияға айыптап, бүйдеді:
- Егер Киев Жеңіс күнінде Мәскеуге шабуылдаса, біз Киевті аяусыз соққыға аламыз. Шетелдік дипмиссиялар қазірден Киевтен кете берсе болады;
- Біздің білуімізше, Зеленский өз әскеріне 5-6 мамырда ешқандай да бітім туралы бұйрық бермеген;
- Германияның жаңа әскери стратегиясы Қорғаныс министрі Писториустың ақыл-есінің бүтіндігіне күмән туғызады. Берлин Мәскеуге деген өшпенділіктің немен аяқталатынын ұмыта бастаған сияқты. Неғыса, біз естеріне сап бере аламыз;
- Арменияның ЕО-мен жақындасуы - жақсылыққа әкелмейді. Ереван Батыстың антиресейлік риторикасының қуыршағына айналып барады. Біз бауырлас ел деп жүрген Арменияның Зеленскийге мәнбер ұсынуы бізді қапа қылды.

😁41🖕22🤡5❤4
БАҚ: Иран мен АҚШ Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын біртіндеп қалпына келтіру және теңіз блокадасын жеңілдету бойынша алдын ала мәмілеге келді...
Al Arabiya арнасы: Қазіргі уақытта тараптар арасында жанама келіссөздер қарқынды жалғасуда. Бірақ, тікелей келіссөздер жүріп жатқан жоқ. Диалог делдалдар арқылы жүзеге асырылуда.

🔥18👏5🤔4
ПЕЗЕШКИАН НЕ ДЕЙДІ?
Иран президенті Масуд Пезешкиан Ормуз бұғазын толықтай ашу туралы кез келген келіссөздер тек АҚШ енгізген әскери-теңіз блокадасы алынып тасталған жағдайда ғана мүмкін болатынын мәлімдеді.
Иран президенті Пезешкиан Франция президенті Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, осылай деген.
Тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды, келіссөздер барысын және стратегиялық мәселелерді, соның ішінде Ормуз бұғазы аймағындағы ахуалды талқылаған.
Пезешкиан қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтын Францияның ұстанымын оң бағалап, Иранның барлық мәселелерді халықаралық құқық аясында шешуге дайын екенін айтқан.

👍24❤2👏2🤮1
«Досье» ресейлік орталығының жазуынша: Қазір Кремльдің кулуарларында Украинаға қарсы соғысты аяқтау жоспары әзірленіп жатыр-мыс.
Путин әкімшілігі Ресей халқына бұл соғысты «жеңіс» ретінде қалай өткізуге болатынын талқылай бастаған. Жоспар 2025 жылдың қысынан бастап әзірленген.
Атап айтқанда, ең ытимал нұсқалар ретінде мыналар айтылады:
Жер мәселесі: Донецк пен Луганск толықтай Ресей құрамында қалады, ал Херсон және Запорож облыстары майдан шебі бойынша «бөлінеді».
Әскерді шегіндіру және санкциялар: Ресей Сумскі және Харьков облыстарынан әскерін шығарады. Еуропа санкцияларды қалдырады, ал АҚШ санкцияларды алып тастайды.
Саяси шарттар: «Денацификация» ұғымы тек символикалық сипатқа ие болады, ал Зеленский Украина президенті болып қала береді.
Ішкі аудиторияны тыныштандыру: Оқиғалардың бұлайша өрбуіне көңілі толмайтын ресейліктерді цензураны жұмсарту (кино мен әдебиетте) және бұрынғы байланыс құралдарын (әлеуметтік желілерді) қайтару арқылы «алдау» көзделуде.

🤣66👍1
Usbanov ARNASY
Photo
БАҚ арқылы насихат жүргізу үшін де бірсыпыра тезистер әзірленген. Мысалы:
- Капитуляция жарияланбайды. БАҚ-та: "Бұл көптен бері соғысты аяқтаудың шарты емес. Тіпті, Германия капитуляциясынан кейін де Екінші жаһан соғысы жалғасқан. Жапонияның бірінші капитуляция туралы актісінен кейін де ұрыстар жалғасқан", - деп дәріптелмек;
- "Киевті алдық" деген сөз айтылмайды. БАҚ-та: "Кремльдің Киевті алу мақсаты болған жоқ", - деп насихатталмақ;
- Денацификация мен Зеленскийдің билікте қалуы туралы мүлде айтылмайды. БАҚ-та: "Денацификацияны майдан даласында жүзеге асырудамыз, ал Зеленскийді биліктен құлату міндеті әуелден болған жоқ", - деп тәпсірленеді;
- XXI ғасырда біржақты жеңімпаз жоқ. Ресей да, АҚШ та, Украина да өздерін жеңімпаз ретінде насихаттайды. БАҚ мұны АҚШ-Иран-Израиль соғысының мысалында талқылайды;
- Алдымен шартты келісімдер жасалады. БАҚ мұны: "Дәл осындай қиын қақтығыстарда алдымен шартты келісімдер жасалады. Тіпті, "жаңа Минскі келісімі" немесе "Хасавьюрт келісімі" секілді келісімдер жасалады", - деп насихатталады;
- Түпкілікті бітім - компромисстік келісім деп насихатталады.

🤡24😁9🤬9❤1👍1
АЙБЕК ДӘДЕБАЙДЫҢ САЯСИ САЛМАҒЫ
Бүгін Қазақстанның ақпараттық кеңістігі ызу-қызу талқылап жатқан мәселе – күні кешегі ПӘ басшысы Айбек Дәдебайдың бүгін партия басшысы атануы болып отыр...
«Әділет» партиясы бас қалада бір қауым өкілдерін жиып, сиез өткізіпті. Онда төрағалыққа Айбек Дәдебай сайланыпты. Құрылтай жасақталады дегеннің дәл қарсаңындағы мұндай қарбалас қимылды әркім сан саққа жоруда. Біреулер жақтап жатыр, біреулер ақтап жатыр, енді бірлеулер даттап жатыр. Е, хош. Бір данышпанның айтқаны бар ғой: «Ақиқат — әрқашан ортада, бірақ бүгінде бәрі біржақтылыққа салынып, мұны ұмыт қалдырды», - дейтін. Плюрализм дегеніңіз сол. Әркім әртүрлі айтады...Ендеше біз де бір ауыз сөз арнайық:
Айбек Дәдебай кім? Оның бұлайша партия жетекшісіне айналуы қандай өзгерістерден хабар тартады? Айбек Дәдебай –Қазақстан саясатындағы ауыр салмақты адамдардың бірі (тяжеловес). Онан соң, Президенттің сенімді тұлғаларының бірі ретінде қарастырылады. Демек, кеше ғана Ақорданың өзі: «Айбек Дәдебай қоғамдық-саяси жұмыстарға ауысты», - деп әйдіктеп жіберуінің сыры жоқ емес.
Дәдебайдың саяси мансап жолы да жұпыны дей алмайсың. Женевада, БҰҰ-да Қазақстанның өкілдігінде болған. Онан соң Сенатта сәл аялдап, Ақордаға кірген. Президенттің кеңсесінде, Іс басқармасында қызметтерде болып, онан әрі Президент Әкімшілігін басқарған. Қысқаша айтқанда, бұл «жүріс» қатардағы әңгіме емес, кәдімгідей салмақты «жүріс». Басқа-басқа, дәл Дәдебайдың партия тізгіндеуі – «Әділет» деп ат қойып, ақпараттық алаңға шыққан топтың болашақ Құрылтайдағы болашақ орнынан хабар береді. Бұл даусыз...
Сарапшылардың бірсыпырасы: «Әділет» партиясының едел-жедел құрылуы – жаңа қоғамдық-саяси дүниетанымды дамыту және реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін жауапкершілікті делегирлеу (беру) деп түсінуге болады», - дейді. Бір ойды бір ой ұштайды дегендей, бұл пікірді жоғарыдағы Ақорданың баспасөз қызметінің: «Айбек Дәдебай қоғамдық-саяси жұмыстарға ауысты», - деп таратуы растай түседі.
Бұл партия өзін «оппозиция емеспіз» деп жариялады. Мұны бастамашыл топтың өкілі Рауан Кенжеханұлының өзі айтты: «Біз біреумен сайысуды мақсат етпейміз, біз еліміздің дамуына кедергі келтіретін мәселелермен күрескіміз келеді. Біз ешкімге оппозиция емеспіз, жау іздемейміз. Біздің алдымызда үлкен ортақ міндеттер бар», - деді.
Осылайша, бұл жаңа партияның су жаңа төрағасы болып Айбек Дәдебайдың сайлануы – партияның саяси амбициясын ғана емес, сонымен қатар Президенттің стратегиялық бағыттарын институционалдық тұрғыда жүзеге асыруға жауаптылығын, яғни, Құрылтайдағы лидерлікке ұмтылысты көрсетеді.
Ал бұл партия Құрылтайдың лидері бола ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді...
Әрине, жаңа партияның құрылуына қатысты скептицизм де жоқ емес. Олай дейтініміз қазақ қоғамы кезекті сайлауда тек бір партияның ғана жеңіске жетуіне құралаған саяси қойылымнан тойып болды. Жаңа Ата Заң қабылдаған билік «қосылғыштың орны өзгерсе де, қосынды өзгермейді» деген тірлікке барып отыр деген пікірде әрі мұны «жоғарыдан жасалған жоба» (pro-government project) деп атап, оның қаншалықты дербес болатынына күмән келтіреді. Алайда, сиездің биік мінберінен желдей есіп айтылған амбициялық мақсаттар мен партияның жас, прогрессивті құрамы бұл сынға қандай нақты нәтижелермен жауап беруге дайын екенін байқатады. Әрі бұл партияның өздері айтқандай «Аманаттың» жетелеп қосқан тұлпары еместігін келесі сайлау танытпақ.
Қалай десек те, саяси көкжиекте «Әділет» партиясының пайда болуы — Қазақстандағы көппартиялық жүйенің дамуындағы маңызды қадам демеске амалымыз жоқ. Айбек Дәдебай бастаған команданың алдында үлкен сынақ тұр: олар тек қағаз жүзіндегі бағдарламаны емес, халықтың әл-ауқатын жақсартатын нақты реформаларды ілгерілетуі тиіс. Егер «Әділет» өз уәдесінде тұрса, ол жақын арада Парламенттегі ең ықпалды күшке айналуы әбден мүмкін. Өйтпесе, транзитті бекіту және бұрынғы саяси архитектураны бөлшектеу мүлде іске аспайды...
Нұргелді Әбдіғаниұлы

🤔15💩6❤4👎3🤡3😁1