Usbanov ARNASY
3.48K subscribers
16.3K photos
7.59K videos
5 files
2.56K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Борис Джонсон Запорожье бағытына жасырын келіп, Украинаның міндетті түрде қайтадан еркін ел болатынын мәлімдеді...

Ұлыбританияның экс-премьер-министрі майдан шебінде екі тәулік болған. Ол Украина Қарулы Күштерінің 65-бригадасының әскерилерімен кездесіп, майдан маңындағы елді мекендерді аралаған және жергілікті тұрғындармен сөйлескен.

Кездесулерден алған әсерін ол британдық Daily Mail басылымына арналған мақаласында жазады:

«Менің Запорожьеге келуімнің себебі — Путин бұл жерді басып алуға барынша тырысып жатыр, бірақ онысынан ештеңе шықпайды», — деп жазды Джонсон.

«Майданда өткізген 48 сағаттан кейін мен украиндардың жеңіске жететініне, бір күні олар Путиннің "орктарға" ұқсас әскерінен құтылатынына және бұл керемет бай өлке еркін болатынына бұрынғыдан да бетер сенімдімін», - дейді.
👍815🙏5
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «тазарту» процесін бастайтынын жариялады...

«Қазір біз бүкіл әлем елдеріне, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия және басқа да көптеген мемлекеттерге жақсылық жасап, Ормуз бұғазын тазарту процесін бастап жатырмыз. Таңқаларлығы, олардың бұл жұмысты өз бетінше істеуге батылы да, ерік-жігері де жоқ. Дегенмен, көптеген елдердің бос мұнай танкерлері мұнай тиеу үшін АҚШ-қа қарай бет алғаны өте қызық жайт», — деп жазды Трамп.
🤣2610👍5🤡2
Usbanov ARNASY
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «тазарту» процесін бастайтынын жариялады... «Қазір біз бүкіл әлем елдеріне, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия және басқа да көптеген мемлекеттерге жақсылық жасап, Ормуз бұғазын тазарту процесін бастап…
Фуджейра (БАӘ) портынан Ормуз бұғазына қарай бағыт алған американдық эсминец Иранның ескертуінен кейін кері бұрылды. Fars агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Иран Қарулы күштері егер кеме қозғалысын жалғастыратын болса, оған соққы жасап, келіссөздерді тоқтататынын айтып сес көрсеткен.
👍40🤣24
Usbanov ARNASY
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «тазарту» процесін бастайтынын жариялады... «Қазір біз бүкіл әлем елдеріне, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия және басқа да көптеген мемлекеттерге жақсылық жасап, Ормуз бұғазын тазарту процесін бастап…
АҚШ-тың әскери кемелері Ормуз бұғазын шығыстан батысқа қарай кесіп өтіп, Парсы шығанағына кірген, содан кейін бұғаз арқылы Арабия теңізіне кері қайтқан. Бұл туралы Axios басылымы хабарлайды. Оның айтуынша, «операция халықаралық сулардағы кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған».
🤣267
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Армения. Ереванда бүгін ресейшіл күштер митингке шықты…

“Күшті Армения” партиясы өткізген акцияға Самвел Карапетян деген ресейлік олигарх бейне үндеу жолдап: “Мен Ресейдегі бизнестерімді бала-шағама тапсырып берем де, өзім Армения үшін қызмет етемін”, - деп уәдесін үйіп-төкті.

Ол тағы: “Пашинян мен оның командасы Армения мен Ресей арасындағы достық байланыстарға сызат түсірді. Ереванның шетелдегі диаспоралармен байланысын үзді”, - деп айыптап, сайлауда “Күшті Армения” партиясы жеңіске жетсе, осының барлығын қайта қалпына келтіретінін айтты.
🤡39👎135😁2🤔1
🇹🇷 Түркия прокуратурасы Нетаньяхуды 4 596 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті!

Ыстамбұл прокуратурасы Газа секторына бет алған «Сумуд флотилиясына» жасалған шабуылға қатысты тергеуді аяқтады.

Айыптау тарапы сырттай тұтқындалған Израиль премьері Нетаньяху мен тағы 34 жоғары лауазымды израильдік шенеуніктің әрқайсын 1 102 жылдан 4 596 жылға дейін түрмеге қамауды талап етті.

Айыпталушылар тізімінде Израиль Қорғаныс министрі Кац, оның ізашары Галант, Ұлттық қауіпсіздік министрі Бен-Гвир және басқа да тұлғалар бар.

Басылымның мәліметінше, Израиль шенеуніктеріне адамзатқа қарсы қылмыс, геноцид, бас бостандығынан айыру, қатыгездік көрсету, нұқсан келтіру, тонау және көлік құралдарын тәркілеу бойынша айыптар тағылып отыр.
🔥44🤮9😁5👏4🤡2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥 Не өзгерді, Маргоша?

2021 жылдың 11 сәуірі. Ресей телеэфирінің әйдік “айтақшысы” Маргоша Симонян: “Украина деген не тәйірі, біз 2-ақ күнде аламыз”, - деп сөйлеп жатқан-ды.

Содан бері 5 жыл өтті. Киев әлі орнында.

Содан бері Ресей Курскіден бір айырылып, Солтүстік Корейдің күшімен жарты жылдан соң әрең қайтты.

Содан бері 1,5 млн орыс сарбазы соғыс құрбаны болды. 3,5 мыңнан астамы өліп тынды.

Содан бері Киевтің дрондары Қырымды қойып, Мәскеуге дейін шабуылдай бастады.

Содан бері Ресейдің МӨЗ-дерінен тыныштық кетті. Құдайдың құтты күні соққыдан көз ашпай келеді.

Содан бері Ресейдің өз ішінде әскери бүлік болып, Пригожин Мәскеудің өзіне қарсы шапты.

Содан бері Ресей кемі 8-9 генералынан тірідей, тағы 7-8 генералынан тірідей айырылды.

Содан бері Маргошаның соғысқұмар байы өліп, өзі қатерлі ісікке шалдығып, тірі мен өлінің арасында өмір сүруде…

Содан бері тағы не өзгерді? Айта берсең көп…

Оны енді сіздер жазыңыздар, пікірге…
👏26😁65💯5🤣3
💥 Келіссөздер не боп жатыр?

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің кезекті кезеңі бүгін түнде немесе ертең өтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта екі елдің сарапшылардан құралған топтары өзара жазбаша пікір алмасып жатқанын БАҚ жазуда.

Сонымен қатар, Financial Times басылымы АҚШ пен Иранның келіссөз жүргізуші топтары Ормуз бұғазына байланысты «тығырыққа тірелгенін» хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, Тегеран су жолына бақылауды сақтап қалуды және ол арқылы өткені үшін ақы алуды талап етіп отыр.
👏36🤔72😁2
🇺🇸 АҚШ Таяу Шығысқа Ормуз бұғазын миналардан тазартуға арналған жабдықтарды жеткізіп жатыр

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты. Ол Америка Құрама Штаттарына Иранның миналарды қай жерлерге орнатқаны белгілі екенін және әскерилер оларды жою үшін тиісті жабдықтарды тасымалдап жатқанын атап өтті.

Бүгін The New York Times газеті Иранның өз миналарын таба алмай жатқандықтан, Ормуз бұғазын бұғаттаудан шығара алмай отырғанын жазған болатын.
👍242👎1🤔1
🚢 Үш супертанкер Ормуз бұғазынан өтті

АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату туралы тікелей келіссөздердің басталуынан соң Ормуз бұғазынан үш супертанкер өтті.

Олар: Либерия туын көтеріп жүщген Serifos, Қытай туын ілген Cospearl Lake және He Rong Hai. Бұл кемелердің әрқайсысы 2 миллион баррельге дейін мұнай тасымалдай алады, деп хабарлады Reuters.

Агенттіктің мәліметінше, Serifos наурыз айының басында Сауд Арабиясы мен БАӘ мұнайын, Cospearl Lake — Ирак мұнайын, ал He Rong Hai — Сауд Арабиясының мұнайын тиеген.

Бұл кемелер АҚШ пен Иран арасындағы бітімгершілік басталғаннан бері Ормуз бұғазынан өткен алғашқы кемелер болды.
👍271
🇺🇸🇮🇷 Вэнс Пәкістандағы келіссөздерде Иранмен келісімге қол жеткізілмегенін мәлімдеді

«Біз 21 сағат бойы келіссөз жүргізіп жатырмыз және ирандықтармен бірқатар мазмұнды пікірталастар өткіздік. Бұл — жақсы жаңалық. Жаман жаңалық сол — біз келісімге келген жоқпыз. Меніңше, бұл АҚШ-қа қарағанда Иран үшін әлдеқайда жаман жаңалық. Сондықтан біз ешқандай келісімге қол жеткізбестен АҚШ-қа қайтып барамыз», — деді Исламабадта өткен баспасөз мәслихатында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс.

Вэнс Иранның АҚШ ұсынған келісім шарттарын қабылдаудан бас тартқанын айтты.

Вэнстің сөзінше, басты мәселе — Иранның өз ядролық бағдарламасынан бас тарту туралы «нақты міндеттеме» алуға дайын еместігінде.

Ол сондай-ақ АҚШ жасаған ұсыныс «соңғы және ең тиімді нұсқа» екенін атап өтті.

Иран тарапы келіссөздер жексенбі күні жалғасатынын мәлімдеді. Алайда Вэнс бұл туралы ештеңе айтпады.
13👍9👎4🤔4🖕1
‼️Трамп АҚШ тарапынан Ормуз бұғазына блокада жариялады!

Дональд Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазына кіретін және одан шығатын кемелерді бұғаттайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операцияға басқа елдер де қосылуы мүмкін.

Бұл бастаманың мақсаты — Иранды танкерлердің өтуінен түсетін табыстан айыру.
Америкалық кемелер өтіп бара жатқан су көліктерін, әсіресе Иранға ақы төлеген кемелерді тоқтатып, тексеруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, АҚШ бұғазды миналардан тазартуды көздеп отыр. Трамп кез келген шабуыл жасалған жағдайда қатаң жауап қайтаратынын айтып, сес көрсетті.
😁30👍21🖕6🤣43🤔2
Венгриядағы сайлауда дауыс берушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Күннің ортасына қарай сайлаушылардың 66%-ы дауыс беріп үлгерген. Бұл өткен сайлаулармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Сайлау учаскелерінде кезек қалыптасқан. Дауыс беруге ниеттілердің саны өте көп.
👍473
Usbanov ARNASY
Венгриядағы сайлауда дауыс берушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті… Күннің ортасына қарай сайлаушылардың 66%-ы дауыс беріп үлгерген. Бұл өткен сайлаулармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Сайлау учаскелерінде кезек қалыптасқан. Дауыс беруге…
Оппозиция алға шықты: дауыстардың 20%-дан астамы есептелді

Петер Мадьярдың Tisza партиясы айтарлықтай басымдықпен алда келеді: оларда 132 мандат, ал Fides zпартиясында 59 мандат бар.


Оппозицияға Конституциялық көпшілікке жету үшін небәрі бір мандат жетпей тұр.

Оппозиция жақтастары Будапешт көшелерінде жеңісті тойлауды бастап кетті.

Оңшыл популистік «Біздің Отанымыз» партиясы парламентке өтеді, бірақ ешкіммен коалиция құруға ниетті емес. Олар өздерін «үшінші күш» ретінде жариялағанымен, іс жүзінде Орбанның шешімдерін жиі қолдайды.

Дегенмен, сайлау жүйесінде ауылдық округтерден түскен дауыстардың салмағы қалалықтарға қарағанда жоғары, сондықтан бұл нәтижелерге әсер етуі мүмкін.
19👍14🔥1
⚡️Будапешт Орбанның жеңілісін әл-әзірден тойлап кетті…
🔥43👍14