Usbanov ARNASY
3.47K subscribers
16.4K photos
7.63K videos
5 files
2.57K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ЗЕЛЕНСКИЙ: УКРАИНАСЫЗ ЕО АРМИЯСЫ МЫҚТЫ ЕМЕС!

Украина Президенті егер АҚШ шынымен де НАТО-дан шығуды ойласа, онда Еуропаның қауіпсіздігі тек Еуропалық Одаққа негізделетінін айтты.

Мұндай жағдайда ЕО-ға қосымша күш қажет болады.

«Ұлыбритания, Украина, Түркия және Норвегия. Бұл — Еуропаның бір бөлігі болып табылатын төрт мықты мемлекет. Ұлыбритания, Украина және Түркия армиялары біріксе, Ресей армиясынан әлдеқайда қуатты. Украина мен Түркиясыз Еуропа Ресеймен тең келе алмайды. Ал осы төрт елмен бірге теңіздерді бақылауда ұстауға, аспан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ең ірі құрлықтық күштерге ие болуға болады», — деді Зеленский.
👍72💯143🤔3👎1
ЕО Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Ресейден СТГ сатып алуды арттырды...

Еуроодақ елдері Таяу Шығыстағы дағдарыс салдарынан туындаған энергетикалық тапшылыққа байланысты сұйытылған табиғи газ (СТГ) импортын ұлғайтты. Сібірдегі «Ямал СТГ» зауытынан келетін импорт көлемі жылдық есеппен алғанда 17%-ға өсіп, қаңтар-наурыз айларында шамамен 5 млн тоннаға жетті.

«Ямал СТГ» жеткізілімдерінің 97%-ы ЕО елдерінің үлесіне тиді; еуропалық сатып алушылар отынның 71 партиясының 69-ын алған.
🤬14🤔102
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
+21 кадр. Ресейдің басқыншылық соғысынан бір кадр. Қу ақша, ит өлім...
💯42🔥9🤣1
Португалия Ресейдің Украинаға қарсы қылмыстары жөніндегі Арнайы трибуналға қосылған 15-ші ел болды!

Украина СІМ басшысы мәлімдегендей, Арнайы трибуналды заңды түрде рәсімдеу мәселесі бойынша дауыс беруге қатысушылардың ең аз санын жинау үшін небәрі бір ел ғана қажет.

Бұған дейін Арнайы трибунал құруды Хорватия, Эстония, Германия, Латвия, Литва, Люксембург, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Словения, Испания, Швеция, Ұлыбритания, сондай-ақ Коста-Рика қолдаған болатын.
👏44👍161
Аятолла Можтабаның ресми өкілі: Иран Ормуз бұғазын АҚШ және Израильмен арадағы соғыс аяқталғаннан кейін ашады!

Сонымен қатар, Иран СІМ-і қарсыластарға қайта қарулануға мүмкіндік беретін кез келген бітімге қарсы екенін мәлімдеді.
👏35🖕11👍4🤡2
Иран активтерін бұғаттан шығару және Ливандағы ұрыс қимылдарын тоқтату — келіссөздерді бастаудың алғышарттары, деп мәлімдеді Иран парламентінің төрағасы Галибаф.
👍36😁9🤡71
🇺🇸🇮🇷 Трамп: Иранның ешқандай көзірі жоқ!

«Ирандықтар халықаралық су жолдарын пайдаланып, бүкіл әлемнен қысқа мерзімді ақша бопсалады. Олардың қолдарында бұдан басқа ешқандай көзірлері жоқ екенін түсінбейтін сияқты. Олардың бүгінге дейін аман қалуының жалғыз себебі — келіссөздерге көнуі!» — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ, ол ирандықтардың соғыс қимылдарына қарағанда, БАҚ-тағы жалған жаңалықтармен және «қоғаммен байланыс» (PR) жұмыстарымен жақсырақ айналысатынын айтып өтті.
🤡37💯117🖕5🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Украина майданы. Бір-бірін жау оғына тосып, бір-бірін өлімге байлап беріп жатқан басқыншылар…
👍303😱3😐1
🇺🇦 Зеленский: Ядролық қарудан бас тартқанымыз стратегиялық қателік болған!

Оның айтуынша, Украина қауіпсіздік кепілдіктері үшін Будапешт меморандумына қол қойды, бірақ іс жүзінде ешқандай кепілдік алған жоқ.

Анығы сол кезде НАТО-ға мүшелік немесе нақты «қауіпсіздік қолшатыры» берілуі керек еді. Алайда, Украина сол кезде тек бос уәделер ғана алған.

КСРО ыдырағаннан кейін Украина әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың біріне ие болған еді. Кейін юұл арсенал Будапешт келісімдері арқылы Ресейге берілді. Сол кезде Украина қауіпсіздігіне кепілдік берген Ресей кейін жылдар өте келе Украинаға қарсы соғыс ашты.
💯694🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Түнде Украина Каспий теңізіндегі Ресейдің екі бірдей мұнай бұрғылау платформасына шабуыл жасады

Ресейлік әскери тілшілер бұл шабуылдардың Starlink арқылы үйлестірілгенін алға тартуда.
👍57🔥14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Иранда әлі мыңдаған баллистикалық зымыран бар!

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Ирандағы зымыран ұшыру қондырғыларының жартысынан астамы зақымдалған немесе жер астына жасырылған, алайда олардың көбін қалпына келтіріп, жөндеуге болады.

Қазіргі үзіліс кезінде Тегеран өзінің арсеналын қайта түгендеумен айналысуы мүмкін.

Ал Трамп The New York Post басылымына берген сұхбатында: егер Исламабадтағы келіссөздер сәтсіз аяқталса, екі апталық бітім мерзімі біткен бойда АҚШ Иранға «ең қуатты қарумен» соққы беретінін мәлімдеді.
🤣32👍15🖕9🤔31
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың вице-президенті Вэнс Иранмен өтетін күрделі келіссөздер үшін Пәкістанға ұшып жетті...

Бұған дейін Иран делегациясы да Исламабадқа ұшып барған.

Axios
басылымы бұл Вэнстің мансабындағы ең қиын миссия екенін айтады. Әсіресе оның Зеленскиймен болған даулы сөз таласынан кейін бұл келіссөз Венс үшін әжептәуір сынақ болмақ.
😁26🤔2🕊2🤡1
Бүгін Пәкістанда АҚШ-Иран келіссөздері басталмақ...
👍17👏3🕊1
Эстония Ресеймен соғысқа дайындалуда...

Эстония билігі Ресеймен соғыстың ең қиын сценарийлеріне дайындықты қызу бастап кетіпті.

Елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясына енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Таллин ұрыс жағдайында жан-жақтан қоршауда қалса, соның ішінде әуеден, теңізден және құрлықтан толық оқшауланса, ол жауға кем дегенде 30 күн өз бетінше шыдап беруі тиіс.

Қарапайым халыққа да жаңа талаптар қойылып жатыр. Атап айтқанда: Эстонияның әрбір тұрғыны енді сырттан келетін көмексіз кем дегенде 7 күн өмір сүре алатындай дайын болуы тиіс.

Таллин басты қауіп ретінде тікелей Ресейді атап отыр.
🔥39💯13👏10🤔21🤡1
«Болжамды соғысқа» дайындық: Қазақстан қарулану шығындарын күрт көбейтпекші

Биыл елдің қорғаныс саласына 3 трлн теңге бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков бөлінген қаржының қайда жұмсалатынын айтты. 

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары тәрізді заманауи, жаңа техника сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қаражат әуе техникасы жаңалауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасын сатып алуға жұмсалады», – деді вице-министр.

Үкіметтің жоспары бойынша, биыл қорғанысқа бөлінген шығын ЖІӨ-нің 1%-ы шамасында болуы қажет. 2025 жылы бұл саланың бюджеті 666 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 0,68%-ына тең болды.Депутаттар бұл сома елді «болжамды соғысқа» дайындау үшін жеткіліксіз деп, қосымша қаражат бөлуді ұсынған.

Дереккөзі: Ел дауысы
👍36🤔186👏2
АЙДЫ АЙНАЛЫП ЖЕТКЕНДЕР...

Artemis II ай миссиясы Жерге оралды. NASA-ның хабарлауынша, Orion ғарыш кемесі Сан-Диего жағалауына жақын маңда, Тынық мұхитына қонды.

Осылайша, америкалық-канадалық астронавттар тобы Айды айналып өтудің тарихи 10 күндік миссиясын аяқтады. Бұл — 1972 жылдан бері адамзаттың алғаш рет Жер маңындағы орбита шегінен тысқары шығуы.
👍483