Usbanov ARNASY
3.46K subscribers
16.4K photos
7.65K videos
5 files
2.57K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Трамп: АҚШ пен Иран баж салығы мен санкцияларды жеңілдету мәселесін талқылап жатыр...

«АҚШ режим ауысқан Иранмен тығыз жұмыс істейтін болады... Уран байыту тоқтатылады, сондай-ақ АҚШ Иранмен бірлесе отырып, жер қойнауына терең көмілген барлық ядролық "қоқысты" қазып алып, көзін жояды... Біз Иранмен тарифтер мен санкцияларды жою туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз және оны жалғастыра береміз. 15 тармақтың көбі қазірдің өзінде келісілді», - деп жазды АҚШ президенті Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Иранға қару-жарақ жеткізетін кез келген елге қарсы 50% көлемінде баж салығын енгізетінін хабарлады.
👍31🤡223😁3
Израильдің Ливанға жасаған соққысына байланысты Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерінің өтуі кідірістеді

Бұл туралы ирандық Fars агенттігі хабарлайды. Иран мен АҚШ арасында уақытша бітім жасалғаннан кейін екі мұнай тасымалдаушы кемеге бұғаз арқылы қауіпсіз өтуге рұқсат беріліп үлгерген.

Иран Ливанға жасалған шабуылдарға байланысты оқ атуды тоқтату режимінен шығатынын айтып, сес көрсетті.

Израильдің Ливанға жасаған бүгінгі соққылары — «Арыстан ақыры»операциясы басталғалы бергі Ливанның бүкіл аумағына жасалған ең ауқымды шабуыл саналады.
👍283👎1🤔1
The Telegraph: Украина алғаш рет дрондардың көмегімен көпірді жойды

Украина Қарулы Күштері шамамен екі айға созылған бірегей операция өткізді. Мақсат — басқыншылар өз позицияларын қамтамасыз етіп, Херсонды атқылап келген Конка өзені арқылы өтетін көпірді жару болатын.

Басында Украина әскери күштері өткелді үйреншікті әдістермен — әуе соққыларымен және HIMARS жүйесімен жоюға тырысқан. Алайда көпір тым төзімді болып шығып, бұл шабуылдар тиісті нәтиже бермеген.
Кейін ресейлік әскерилердің бірі көпір конструкциясының дәл астында түскен фотосын жариялағаннан кейін, сурет арқылы тіреуіштердің әлсіз тұстарын анықтап, соққыны дәл сол жерге жасау туралы шешім қабылданған.

Бұдан әрі операцияға Теңіз жаяу әскерінің 426-шы ұшқышсыз жүйелер полкі қосылған. Олар конструкцияны бұзуға арналған салмағы шамамен 50 кг болатын арнайы кумулятивті заряд әзірлеген. Ақыры көпірді жоғарыдан емес, астынан бұза бастаған.

Бұл үшін британдық ауыр Malloy T-150 дрондары пайдаланылған. Бұл аппараттар қомақты жүкті көтеруге қабілетті болғандықтан, олар «ұшатын платформа» ретінде қолданылды. Дрондар көпірге жақындап, арқандар арқылы зарядтарды тіреуіштердің астындағы әлсіз жерлерге ұқыпты түрде түсіріп отырған.
Мұндай миссиялар шамамен екі ай бойы ондаған рет қайталанған.

Осы уақыт ішінде бір жарым тоннаға дейін жарылғыш зат жеткізіліп, бұл конструкцияны біртіндеп шекті деңгейге дейін әлсіреткен.
Нәтижесінде, көпір зақымданып, беріктігін жоғалтқан кезде, оған соңғы зымыран соққысы жасалған.

Бір қызығы, Malloy T-150 бастапқыда қару ретінде емес, жүк таситын дрон ретінде жасалған болатын. Бірақ Украина армиясы азаматтық технологияларды соғыс жағдайына қалай бейімдеуге болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
👍56🔥119
🇮🇷 Иран АҚШ-ты «екіжүзді ойын» жүргізіп отыр деп айыптап, таңдау жасауды талап етті!

«Иран мен АҚШ арасындағы оқ атуды тоқтату шарттары анық әрі түсінікті: АҚШ таңдау жасауы тиіс — не оқ атуды тоқтату, не Израиль арқылы соғысты жалғастыру. Олардың екеуін бірдей таңдауы мүмкін емес. Әлем Ливандағы жаппай соққыларды көріп отыр. Доп АҚШ-тың жағында, енді әлем оның өз міндеттемелерін орындайтынын не орындамайтынын бақылап отыр», — деп жазды Арагчи өзінің X-аккаунтында.
👍55🖕9🤡3🔥2👎1
⚡️ АҚШ жақын сағаттарда НАТО-дан шығуы мүмкін

Дональд Трамп бүгін НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен тарихи мәселені — АҚШ-тың Альянстан ықтимал шығуын талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ақ үй.

«Бұл НАТО үшін сынақ болды — және олар одан өте алмады».

Ақ үйдің баспасөз хатшысы НАТО-ның «Америка халқынан теріс айналғаны» өте «өкінішті» екенін атап өтті, себебі альянстың қорғанысын негізінен дәл осы АҚШ қаржыландырып отыр.
🤣42👍6🥱63👎2🤔1
💥БАҚ: Иран Ормуз бұғазын қайта жапты! Себеп - Израильдің Ливанды соққының астына алуы.
👍66🖕8
Мұнай танкері Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекет жасады, бірақ оны Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Әскери-теңіз күштері тоқтатып, кері қайтарды. Бұл Ормуз бұғазының жабылғанын растайды.
👏38👍11👎1
Usbanov ARNASY
Қазір қос тарап келіссөзшілерін сайлай бастады. АҚШ делегациясында – Венс, Уиткофф пен Кушнер болатыны айтылса, Иран делегациясында – Аракчи мен Галибаф бар. Келіссөздер 10 сәуірде Пәкістан астанасында өтпек.
🇮🇷 Арагчи: «Келіссөздер — базардағы сауда сияқты»

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран тарихындағы ең ықпалды дипломаттардың бірі болып саналатын Иран Сыртқы істер министрі Арагчи 10 сәуірде Пәкістанда АҚШ-пен өтетін бейбіт келіссөздерде парламент спикеріне еріп барады. Оның айтуынша, «Ирандағы келіссөз жүргізу стилі базар саудасына ұқсайды, бұл төзімділік пен көп уақытты қажет етеді».

Өзінің 2024 жылғы «Келіссөздер күші» атты кітабында Арагчи дипломатиядағы шектен тыс тәуекелдің шығынға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтеді: «Келіссөздерде күн астында қар сатқандай, шектен тыс саудаласу шығынға айналады».

Батыс дипломаттары оны «салмақты, техникалық тұрғыдан білікті және тік мінезді адам» деп сипаттайды, ал оны көп жылдан бері білетін дереккөз оның «сабырлы әрі шыдамды, бірақ сонымен бірге жауынгер» екенін атап өтті.

Reuters Иранның саяси элитасы оның әлемдік державалармен келіссөздерде «өз карталарын ептілікпен және айламен ойната алатынына» сенімді екенін баса айтады.

Аббас Арагчи 2017-2021 жылдар аралығында реформатор-президент Рухани үкіметінде Иран Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болды. Ұзақ уақыт бойы Арагчи Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде ел делегациясын басқарды. Ресей СІМ лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін Мәскеуге бірнеше рет барған. Иран-Ирак соғысы (1980-1988) кезінде Ислам революциясы сақшылар корпусында (ИРСК) қызмет етті. Дипломаттық мансабын қалыптастырып, Ислам Республикасының Токио мен Хельсинкидегі елшісі болды.
👍37🖕3
🇺🇦 Зеленский америкалықтарға: Сіздер жалғыз қорғана алмайсыздар!

💥 «Мен америкалықтардың мынаны түсінгенін қалаймын: біз — сіздердің Еуропадағы одақтастарыңызбыз.
Қазіргі әлемде қашықтық деген ұғым қалмады — дрондар қазірдің өзінде мыңдаған шақырымға соққы беріп жатыр.
Бір, екі немесе үш жылдан кейін дрондар он, жиырма мың шақырымға соққы жасайтын болады. Реактивті қозғалтқыштары бар мұндай құрылғылар өте арзанға түседі. Тіпті, мұндай дрондардың тұтас үйірлері пайда болады.
Сіздер жалғыз қорғана алмайсыздар. Әлем бір-біріне қорғануға және агрессорды тойтаруға көмектесуі тиіс.
Сондықтан, меніңше, америкалықтарға біз керекпіз, ал бізге Америка Құрама Штаттары керек», - деді.
👍81🔥10🤡85
Forwarded from Abai.kz  (Nurgeldi Usbanov)
Қазір Трамптың шақшадай басы шарадай болып жатыр: Иранмен соғысты бастауын бастап алды, одақтастарының көбі оны қолдамады, оған Трамп «Көрсетемін сендерге көресіні» деп кіжінумен болды, НАТО‑дан кетемін деп қорқытты, Ресей де «бейбіт келіссөзді» сөзбұйдаға салып, соғысты жалғастыруда, АҚШ демократтары да жағаға жармаса кетті – «импичмент» деп айқайлап жатыр...

Толық:
https://abai.kz/post/214856
👍381🤔1🤣1
Зеленский Путинді тағы жекпе-жекке шақырды!

Украина президенті Зеленский бүйдеді:

«Мен Путинмен кездесуге дайынмын. Әрине, Мәскеуде де, Киевте де емес. Бірақ ол менімен кездесуге дайын болса, кездесетін орындар көп. Біз мұндай орынды Таяу Шығыстан, Еуропадан, АҚШ-тан — кез келген жерден таба аламыз», — деді..

Зеленский сонымен қатар: «Таяу Шығыстағы жағдайларға байланысты Ресеймен үшжақты форматтағы келіссөздер кейінге шегерілді, бірақ олар қайта жанданады», — деді.
👍25😁137🤡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлемнің мұнай компаниялары әзірге өз танкерлерін Ормуз бұғазына жіберуге тәуекел етпей отыр....

Әлемдегі басты «мұнай өткелі» қазір қаңтарылып тұр. Тек бірнеше жүк кемесі ғана өтіп жатыр.

Бұған дейін Үндістан мен Пәкістан өздерінің мұнай кемелерін Ормуздан өткізу туралы Иранмен бөлек келісімге келген болатын.
👍351
Forwarded from Mezgil.kz
Путин Мадагаскарды одақтас ете ме? Аралда не болып жатыр? Ресей қандай қару жеткізді?

Мадагаскардағы Туамасина порты Үнді мұхиты арқылы өтетін бағыттың бойында жатыр. Бұл портқа Мозамбиктегі газ ошақтары да жақын орналасқан. Аталған аймақ арқылы әлемдегі мұхит арқылы тасымалданатын шикі мұнайдың үштен бірі өтеді. Ал аралдың солтүстігінде Анциранана теңіз әскери базасы бар. Бұл база қазіргі сәтте қолданылмайды.

Толығырақ⬇️

https://www.mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7999
👍8👎5🤔3
Қадыров шешен бөлімшелерін Иранға жібермейтінін айтты


Шешенстан басшысы Қадыров ирандық қарулы күштерді қолдау үшін Иранға өз бөлімшелерін жібермейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, «егер Иран тек АҚШ пен Израильге қарсы соғыс қимылдарын жүргізгенде, бұл әбден мүмкін болар еді».

«Бірақ олар біздің бауырларымызға да шабуыл жасап жатыр. Күмәнсіз, мен жеке өзім Иранның жағын қолдаймын, бірақ бір «бірақ» бар — мен Иранның Парсы шығанағындағы араб елдерінің бейбіт нысандары мен азаматтық инфрақұрылымына соққы жасауын қолдамаймын... Осы және басқа да үшінші елдердің бейбіт тұрғындарының қақтығыстың жазықсыз құрбаны болғанын көру маған өте ауыр», - деді ол.

Сонымен қатар Қадыров БАӘ, Бахрейн және Сауд Арабиясы лидерлерімен бауырластық қарым-қатынаста екенін қадап айтты.
😁30🤡14🔥6👀61
Трамп НАТО-ға 2 күн берді!

АҚШ одақтастарынан Иранмен бітімгершілік орнағаннан кейін кеме қатынасын қорғау бойынша нақты ұсыныстарды шұғыл түрде ұсынуды талап етіп отыр.

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Трамптың наразылығынан соң Вашингтонға ұшып барған. Бұған дейін альянс бұл миссияға қатысудан бас тартқан болатын.

Әзірге тек жоспарлар талқыланып жатыр, бірақ АҚШ әскери қатысуын күшейтіп үлгерді және одақтастарынан нақты міндеттемелер күтуде.
🤣37😁10👍8🖕5
🇬🇧 Стармердің ашуы кернеді: Путин мен Трамп әлемді бөліске салып жатқанда, қарапайым отбасылар зардап шегуде

«Путин мен Трамптың іс-әрекеттерінің кесірінен біздің еліміздегі жәнк тұтас әлемдегі қарапайым отбасылар мен бизнес зардап шегіп, электр энергиясы шоттарының үнемі шарықтап кетуінен шаршадым», — деп мәлімдеді Британия премьер-министрі.
👍88😁82💯2
Forwarded from PARANOIA.KZ
Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф Ливанды атқылағаны үшін Израильге қатаң жауап қататынын айтуда.

«Ливан және басқа қарсыласу топтары Иранның одақтастары ретінде ұрысты тоқтату келісімінің ішіне кіреді. Пәкістанның премьері Шехбаз Шариф ресми және жария түрде Ливан мәселесін айтты. Бұл тұста сол мәлімдемеден тайқу жоқ. Ұрыс қимылдарын тоқтату келісімін бұзу қатаң жауапқа ұласады. Шабуыл жасауды дереу тоқтатыңдар», - дейді ол.
👍35😁6🖕6
💥Бір күндік үзіліс…

Путин Пасхаға байланысты ұрысты бір күнге тоқтатуда. Бұған дейін Украина бір күнге ұрысты тоқтатуды ұсынған еді.
👍17🤔12💩6🤣5🖕3
Forwarded from Abai.kz  (Nurgeldi Usbanov)
Forbes Women Kazakhstan сәуірдегі нөмірінде Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің алғашқы рейтингін жариялады. Олардың жиынтық капиталы $8,1 млрд-қа бағаланды, бұл ретте тиесілі байлықтың құрылымы ірі бизнесмендердің дәстүрлі тізімінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Толық:
https://abai.kz/post/214883
🤔5👍3👎1