Usbanov ARNASY
3.49K subscribers
16.3K photos
7.58K videos
5 files
2.55K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Вэнс Иранға ескерту жасады: АҚШ-тың әлі қолданылмаған құралдары бар!

АҚШ Теһераннан Ормуз бұғазын ашу туралы талап бойынша кешке дейін жауап күтеді. Егер ұстанымы өзгермесе, жаңа шаралар қолданылмақ.

«Олар мынаны білуі тиіс: біздің арсеналымызда осы уақытқа дейін қолдануға батпаған құралдарымыз бар. АҚШ Президенті оларды қолдану туралы шешім қабылдай алады және егер ирандықтар өз ұстанымын өзгертпесе, ол бұл шешімді қабылдайды», — деп мәлімдеді Вэнс.
👍30🤣21🖕146🤔1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Трамптың Иранға қойған дедлайндары

7 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "келісімге келмесеңдер түнде тұтас бір өркениетті жойып жіберемін" деді. Ол Тегеранға бұған дейін де бірнеше рет талап айтқан:

21 наурыз: Иран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса Иранның электр станцияларына соққы жасап, қирататынын жазған. Кейін Тегеранмен "келіссөз жүріп жатқанын" айтып, бұл дедлайнды 6 сәуірге дейін ұзартқан. Ал Иран АҚШ-пен келіссөзді жоққа шығарған еді.

3 сәуір: 6 сәуірге қойылған уақыт тақап қалған тұста Трамп тағы да "Иран тозаққа айналмас үшін 48 сағат уақыты бар" деді.

🕗 4 сәуір: Трамп тағы да пост жариялап "7 сәуір – электр станциялары мен көпір күні болады. Сәрсенбі. АҚШ-тың шығысындағы уақытпен кешкі 8!" деп жазды.

🕗 7 сәуір: "Кешкі 8" деген уақытқа бірнеше сағат қалғанда Трамп Truth Social желісінде "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.
🤣25🖕12👍65
NYT: Ядролық соғыс осы түнде басталуы мүмкін. АҚШ Иранға ядролық соққы беруге 100% дайындалып жатыр...

"Бұған бірден-бір көрсеткіш — Иранның АҚШ-пен бейбіт келіссөздерден үзілді-кесілді шығуы және атысты тоқтату туралы келіссөздерге қатысу ниетінің жоқтығы", - деп жазады NYT.
🤣23🤔1910🔥7🥱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Америкалық журналист Такер Карлсон АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық қару қолдану қаупі бар екенін мәлімдеп, әскерилер мен Ақ үй қызметкерлерін Трамптың бұйрықтарын орындамауға шақырды.

Такер Карлсон: «Бұл неге әкеп соқтырады? Жаппай қырып-жою қаруын қолдануға. Біздің бақылап отырғанымыз — кәдімгі әскери қуатымыз сарқылды. Не қалды? Ядролық қару.

Біз жаһандық ядролық соғысқа тап болуымыз мүмкін. Бұл — ессіздік. Біз жаһандық депрессия мен ашаршылыққа бара жатырмыз... Бұл үрей емес, бұл — математика», - дейді.
👍30🔥23👎5🤔51🤡1🖕1
Ресей мен Қытай Бахрейннің Ормуз бұғазының жұмысын қайта бастауға бағытталған қарар жобасына вето қойды.

Сол себепті бұл құжат қабылданбады. Пәкістан мен Колумбия дауыс беруден қалыс қалды.
👎20🔥11👏42
Қазақстанның батысында Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында өрт шықты...

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттың шатыры жанып жатыр, оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
🤔23🤣7🔥3
Ресейдің арқасында Иранның Израильге жасаған соққыларының дәлдігі 9 есе жақсарған!

Барлау-соққы беру кешені жүйесінің көмегімен зымырандардың тиімділігі 3%-дан 27%-ға дейін өскен. Бұл жүйе нысаналарды жылдам табуға және соққыларды дәлірек бағыттауға мүмкіндік береді.

Иран соққы жасап жатыр, ал Мәскеу деректермен қамтамасыз етіп, шешім қабылдауға көмектесуде. Осылайша, Ресей қақтығысқа физикалық түрде қатыспаса да, іс жүзінде атсалысып отыр.
👍35🤬21💯4😁2😱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Трамптың дедлайны аяқталуға жақын. Ал Израиль телеарналары кері санақты бастап кетіпті…

Қалай дейсіз, соққылар бола ма, әлде тараптап келісімге келе ме?
🤣25🔥8
🇮🇷 Иран Трамптың қоқан-лоққысы туралы: Иран «сәйкес жауап шараларын» қабылдайды!

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Иравани Қауіпсіздік Кеңесінің Ормуз бұғазына арналған отырысында Трамптың «мәміле жасалмаса, бүкіл цивилизацияны жойып жіберу» туралы сөзі «соғыс қылмыстары мен ықтимал геноцидке итермелеу» болып табылады деп мәлімдеді.

Ол Тегеранның қарап отырмайтынын және қажет болған жағдайда «дереу сәйкес жауап шараларын қабылдайтынын» атап өтті.
👍33👎8🤡8
Демократтар Трамптың Иранға жасаған қоқан-лоққысынан кейін оны қызметінен шеттетуді талқылай бастады

Axios басылымының жазуынша, Трамп Иранда «түнде тұтас бір цивилизация жойылады» деп мәлімдегеннен кейін, демократтар арасында оны биліктен тайдыру туралы үндеулер күшейді. Олар импичмент мүмкіндігін немесе тіпті Конституцияға енгізілген 25-түзетуді қолдануды айтып жатыр (бұл түзету вице-президент пен министрлер кабинеті мүшелерінің көпшілігіне «өкілеттігін орындай алмайтын» президентті уақытша қызметінен шеттетуге мүмкіндік береді).

25-түзету қолданылған жағдайда, шеттету туралы шешімді Конгрестің әр палатасы мүшелерінің үштен екісі дауыс беру арқылы растауы тиіс.

Axios басылымы Конгрестегі республикашылдардың және Трампқа адал адамдардан құралған министрлер кабинетінің айтарлықтай қолдауынсыз ештеңе өзгермейтінін баса айтты.
👍37😁5🙏1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Америкалық бомбалаушы ұшақтар Иранға қарай бағыт алды

B-52 ұшақтары Ұлыбританиядағы базадан ұшып шыққан және 6 сағаттан кейін соққы жасау позицияларына жетуі мүмкін.
25🖕16🔥10🤣7
Forwarded from PARANOIA.KZ
Трамп Иран мен АҚШ Пәкістанның делдал болуымен екі аптаға ұрысты тоқтатқанын айтты. Осы екі апта ішінде тараптар нақты келісімге келуге тырысады. Ал Иран дереу арада Ормуз бұғазын ашады.

Мәлімдемеден кейін, Иран билігі АҚШ-тың шегінгенін айтып, “жеңіске жеттік” деп мәлімдеді.

Израиль келісімге қосылып, Иран мен Ливанды атқылауды тоқтатады. Иранның прокси күштері де шабуылдарды тоқтатуда.

Уақытша келісімге байланысты мұнай бағасы күрт құлдырауда.
👍28🤡8🤣6🤬1
Forwarded from Aibek Smadiyar
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
👍22🖕7🤔2👎1
‼️ Ормуз бұғазының біртіндеп ашылуы мен ұрыстың 14 күнге тоқтауы туралы хабардан соң мұнай бағасы құлдырап жатыр…
👍37
Forwarded from Mezgil.kz
Кеше кешкісін бір-біріне айбат шегіп, бұрын-соңды әлем көрмеген жойқын қаруларды қолданатынын айтқан АҚШ пен Иран түн ішінде бітімге келді. Бұл – уақытша бітім. Мерзімі – 14 күн. Арағайындық жасаған ел – Пәкістан.

ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ?
АҚШ-ТЫҢ СӨЗІ:
ИЗРАИЛЬДІҢ СӨЗІ:
ИРАННЫҢ СӨЗІ:
ПӘКІСТАННЫҢ СӨЗІ:
ҚАЗАҚСТАН БІТІМГЕРШІЛІКТІ ҚҰПТАЙДЫ
КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?
10 ТАРМАҚТАН ТҰРАТЫН ҰСЫНЫС НЕ ТУРАЛЫ?

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7989
👏122🤔1