Usbanov ARNASY
3.46K subscribers
16.4K photos
7.63K videos
5 files
2.57K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы Сақшылар корпусы американдық-израильдік әскери-әуе күштерінің соққы беруіне жол бермеу үшін электр станцияларының айналасында «жанды қалқандар» ұйымдастыруда.

Студенттер, жастар және барлық ниет білдірушілер маңызды инфрақұрылымды қорғауға шақырылды.
🤣18🤬17🤯6😱3🤡2🤔1
The Times газетінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Можтаба Хаменеи ес-түзсіз күйде жатыр.
👍38
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа әлемдік тәртіп: АҚШ Еуропадан 100 мыңнан астам американдық әскери қызметшіні шығаруды және қорғанысқа жұмсалатын триллиондаған долларлық жыл сайынғы шығындарды тоқтатуды жоспарлап отыр.
👍37👎7🖕7🤣4🤔21
Вэнс: Украина Мажарстан мен АҚШ-тағы сайлауға араласты!

АҚШ вице-президенті бұл мәлімдемені Будапеште 12 сәуірде өтетін сайлау қарсаңында Виктор Орбанды қолдау сапары кезінде жасады.

«Бізге Украинаның арнайы қызметтерінде Америка мен Мажарстандағы сайлау нәтижесіне әсер етуге тырысқан топтардың бар екені белгілі. Бұл дәл солардың іс-әрекетіне тән стиль», — деді Вэнс.
🤔18💩13🤣8👎6👍2🖕1
Usbanov ARNASY
Video
Израиль армиясы Ирандағы 8 көпірге соққы жасады...

Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы қару-жарақ пен әскери техника тасымалдау үшін қолданылған деген 8 көпірге әуеден соққы берді. Шабуылдар Тегеран, Караж, Тебриз, Кашан және Құм қалаларында жүзеге асырылған.
👍20👎87🤔4
💥Иран БАҚ-тары: Биліктің үндеуінен соң Иран азаматтары энергетикалық нысандарды қорғау үшін тірі қалқан боп тұруға жиналып жатыр…
👍33🗿10😁7🤬3🤔2🤯2🤡1
Иран АҚШ-пен тікелей дипломатиялық байланысты тоқтатты!

The Wall Street Journal басылымы: «Трамптың «Ирандағы өркениетті жою» туралы қоқан-лоқысынан кейін, Теһеран АҚШ-пен тікелей байланысты үзгенін хабарлады. Сонымен қатар, ұрысты тоқтату мәселесі бойынша делдалдар арқылы келіссөздер жалғасуда», - деп хабарлады.
🔥33👍5🤡3😁1
Пезешкиан мен Галибаф Ирандағы «Жанқиярлық» науқанына қосылды!

Иран президенті Пезешкиан мен парламент спикері Галибаф АҚШ-Израиль тандеміне қарсы бағытталған «Janfada» («Жанқиярлық») атты ауқымды жалпыұлттық науқанға қосылды.
«Қазіргі уақытта 14 миллионнан астам айбынды ирандық Иранды қорғау үшін өз өмірін қиюға дайын екенін мәлімдеді. Мен де Иран үшін жанымды беруге дайын болғанмын, дайынмын және дайын бола беремін», — деді Пезешкиан.
23🤣20👍7🤡3
Вэнс Иранға ескерту жасады: АҚШ-тың әлі қолданылмаған құралдары бар!

АҚШ Теһераннан Ормуз бұғазын ашу туралы талап бойынша кешке дейін жауап күтеді. Егер ұстанымы өзгермесе, жаңа шаралар қолданылмақ.

«Олар мынаны білуі тиіс: біздің арсеналымызда осы уақытқа дейін қолдануға батпаған құралдарымыз бар. АҚШ Президенті оларды қолдану туралы шешім қабылдай алады және егер ирандықтар өз ұстанымын өзгертпесе, ол бұл шешімді қабылдайды», — деп мәлімдеді Вэнс.
👍30🤣21🖕146🤔1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Трамптың Иранға қойған дедлайндары

7 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "келісімге келмесеңдер түнде тұтас бір өркениетті жойып жіберемін" деді. Ол Тегеранға бұған дейін де бірнеше рет талап айтқан:

21 наурыз: Иран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса Иранның электр станцияларына соққы жасап, қирататынын жазған. Кейін Тегеранмен "келіссөз жүріп жатқанын" айтып, бұл дедлайнды 6 сәуірге дейін ұзартқан. Ал Иран АҚШ-пен келіссөзді жоққа шығарған еді.

3 сәуір: 6 сәуірге қойылған уақыт тақап қалған тұста Трамп тағы да "Иран тозаққа айналмас үшін 48 сағат уақыты бар" деді.

🕗 4 сәуір: Трамп тағы да пост жариялап "7 сәуір – электр станциялары мен көпір күні болады. Сәрсенбі. АҚШ-тың шығысындағы уақытпен кешкі 8!" деп жазды.

🕗 7 сәуір: "Кешкі 8" деген уақытқа бірнеше сағат қалғанда Трамп Truth Social желісінде "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.
🤣25🖕12👍65
NYT: Ядролық соғыс осы түнде басталуы мүмкін. АҚШ Иранға ядролық соққы беруге 100% дайындалып жатыр...

"Бұған бірден-бір көрсеткіш — Иранның АҚШ-пен бейбіт келіссөздерден үзілді-кесілді шығуы және атысты тоқтату туралы келіссөздерге қатысу ниетінің жоқтығы", - деп жазады NYT.
🤣23🤔1910🔥7🥱2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Америкалық журналист Такер Карлсон АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық қару қолдану қаупі бар екенін мәлімдеп, әскерилер мен Ақ үй қызметкерлерін Трамптың бұйрықтарын орындамауға шақырды.

Такер Карлсон: «Бұл неге әкеп соқтырады? Жаппай қырып-жою қаруын қолдануға. Біздің бақылап отырғанымыз — кәдімгі әскери қуатымыз сарқылды. Не қалды? Ядролық қару.

Біз жаһандық ядролық соғысқа тап болуымыз мүмкін. Бұл — ессіздік. Біз жаһандық депрессия мен ашаршылыққа бара жатырмыз... Бұл үрей емес, бұл — математика», - дейді.
👍30🔥23👎5🤔51🤡1🖕1
Ресей мен Қытай Бахрейннің Ормуз бұғазының жұмысын қайта бастауға бағытталған қарар жобасына вето қойды.

Сол себепті бұл құжат қабылданбады. Пәкістан мен Колумбия дауыс беруден қалыс қалды.
👎20🔥11👏42