Usbanov ARNASY
3.48K subscribers
16.3K photos
7.59K videos
5 files
2.56K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Ал Иран бүгін Израильдің Раман-Ган ауданына (Тель-Авив маңы) кассеталық зымыранмен соққы жасады.
👍39👎6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль соққысы Теһерандағы еврей синагогасына да түскен екен...
👍37😁6
Иран ескерту жасады: «Егер АҚШ электр энергетикасы нысандарына соққы берсе, біз аймақтағы барлық энергетикалық нысандарға, соның ішінде Саудия Арабиясына да соққы береміз».
👍49🤣12🖕7🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
NASA-ның хабарлауынша, Artemis II миссиясының астронавтары адамзат тарихында алғаш рет Айдың арғы бетіндегі аймақтардың бірін толықтай өз көздерімен көрді.

Америкалық ғарыш агенттігі миссия мүшелері түсірген Жер серігінің видеосын жариялады. Бұл бейнежазбада Шығыс теңізі (Orientale Basin) деп аталатын аймақ көрінеді.
👍52
Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына күдікті тергеу изоляторына ауыстырылды...

Бұған дейін ол ауруханада емделіп жатқан болатын. Оған күзет қойылды. Құқық қорғау органдары оның жағдайы тұрақталғанын күткен.

«Үш адамның өліміне себепші болған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі — апатқа кінәлі азамат тергеу изоляторына (СИЗО) жіберілді (этапталды)», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.
👍29🤡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы Сақшылар корпусы американдық-израильдік әскери-әуе күштерінің соққы беруіне жол бермеу үшін электр станцияларының айналасында «жанды қалқандар» ұйымдастыруда.

Студенттер, жастар және барлық ниет білдірушілер маңызды инфрақұрылымды қорғауға шақырылды.
🤣18🤬17🤯6😱3🤡2🤔1
The Times газетінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Можтаба Хаменеи ес-түзсіз күйде жатыр.
👍38
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа әлемдік тәртіп: АҚШ Еуропадан 100 мыңнан астам американдық әскери қызметшіні шығаруды және қорғанысқа жұмсалатын триллиондаған долларлық жыл сайынғы шығындарды тоқтатуды жоспарлап отыр.
👍37👎7🖕7🤣4🤔21
Вэнс: Украина Мажарстан мен АҚШ-тағы сайлауға араласты!

АҚШ вице-президенті бұл мәлімдемені Будапеште 12 сәуірде өтетін сайлау қарсаңында Виктор Орбанды қолдау сапары кезінде жасады.

«Бізге Украинаның арнайы қызметтерінде Америка мен Мажарстандағы сайлау нәтижесіне әсер етуге тырысқан топтардың бар екені белгілі. Бұл дәл солардың іс-әрекетіне тән стиль», — деді Вэнс.
🤔18💩13🤣8👎6👍2🖕1
Usbanov ARNASY
Video
Израиль армиясы Ирандағы 8 көпірге соққы жасады...

Израиль әскери-әуе күштері Ирандағы қару-жарақ пен әскери техника тасымалдау үшін қолданылған деген 8 көпірге әуеден соққы берді. Шабуылдар Тегеран, Караж, Тебриз, Кашан және Құм қалаларында жүзеге асырылған.
👍20👎87🤔4
💥Иран БАҚ-тары: Биліктің үндеуінен соң Иран азаматтары энергетикалық нысандарды қорғау үшін тірі қалқан боп тұруға жиналып жатыр…
👍33🗿10😁7🤬3🤔2🤯2🤡1
Иран АҚШ-пен тікелей дипломатиялық байланысты тоқтатты!

The Wall Street Journal басылымы: «Трамптың «Ирандағы өркениетті жою» туралы қоқан-лоқысынан кейін, Теһеран АҚШ-пен тікелей байланысты үзгенін хабарлады. Сонымен қатар, ұрысты тоқтату мәселесі бойынша делдалдар арқылы келіссөздер жалғасуда», - деп хабарлады.
🔥33👍5🤡3😁1
Пезешкиан мен Галибаф Ирандағы «Жанқиярлық» науқанына қосылды!

Иран президенті Пезешкиан мен парламент спикері Галибаф АҚШ-Израиль тандеміне қарсы бағытталған «Janfada» («Жанқиярлық») атты ауқымды жалпыұлттық науқанға қосылды.
«Қазіргі уақытта 14 миллионнан астам айбынды ирандық Иранды қорғау үшін өз өмірін қиюға дайын екенін мәлімдеді. Мен де Иран үшін жанымды беруге дайын болғанмын, дайынмын және дайын бола беремін», — деді Пезешкиан.
23🤣20👍7🤡3
Вэнс Иранға ескерту жасады: АҚШ-тың әлі қолданылмаған құралдары бар!

АҚШ Теһераннан Ормуз бұғазын ашу туралы талап бойынша кешке дейін жауап күтеді. Егер ұстанымы өзгермесе, жаңа шаралар қолданылмақ.

«Олар мынаны білуі тиіс: біздің арсеналымызда осы уақытқа дейін қолдануға батпаған құралдарымыз бар. АҚШ Президенті оларды қолдану туралы шешім қабылдай алады және егер ирандықтар өз ұстанымын өзгертпесе, ол бұл шешімді қабылдайды», — деп мәлімдеді Вэнс.
👍30🤣21🖕146🤔1