Usbanov ARNASY
3.46K subscribers
16.4K photos
7.61K videos
5 files
2.57K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
The Times: Ресей соққы жасау тактикасын өзгертті...

Енді Ресей шабуылдары тоқтаусыз 24 сағатқа дейін созылуы және оған 1000-ға дейін дрон қолданылуы мүмкін.

Украиналық әскерилердің айтуынша, басты мақсат — тек нысандарды жою емес, сонымен қатар Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) жүйесін қажыту.

Шабуылдар кезінде «Shahed» дрондарымен бірге өзге де еліктеуші дрондар (соның ішінде «Gerbera») көп қолданылмақ.

Жағдайды Иранмен арадағы шиеленіс қиындатып отыр: АҚШ пен одақтастар ӘШҚҚ жүйелерін қайта бөлуде, соның салдарынан Украина зымыран тапшылығына тап болуы мүмкін.
🖕25🤔13👍3😡1
Трамп Иранға келісімге келу үшін шектік мерзім белгіледі...

- Сейсенбі. 20:00, - деп жазды Трмап.
😁32🤡17👍5🔥4
Соңғы мүмкіндік: АҚШ пен Иран 45 күндік атысты тоқтату шарттарын талқылауда...

АҚШ, Иран және аймақтық делдалдар тобы қақтығысты түпкілікті тоқтатудың бастамасы болуы мүмкін 45 күндік атысты тоқтату шарттары бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Axios басылымы хабарлады. Ол бойынша, бұл келіссөздерде Мысыр, Түркия және Пәкістан өкілдері делдал ретінде әрекет етуде. Сондай-ақ, Трамптың арнайы өкілі Уиткофф пен Иранның Сыртқы істер министрі Арагчи арасында жазбаша диалог жүріп жатыр.

Келіссөздердің белсенділігіне қарамастан, Axios алдағы 48 сағат ішінде аралық келісімге қол жеткізу мүмкіндігін «төмен» деп бағалайды.

Келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда, қақтығыс Иранның азаматтық инфрақұрылымына ауқымды шабуылдар жасау фазасына өтуі мүмкін, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінің энергетикалық және су нысандарына жауап соққылары берілу қаупі бар.

Сонымен қатар, басқа дереккөздер Иран уақытша атысты тоқтату үшін өзінің басты «көзірлерінен» — Ормуз бұғазын жабу және байытылған ураннан — бас тартуы екіталай екенін атап өтуде.
🔥21😁43🤔2
Ал түнде Украина Новороссийсктегі мұнай жөнелту терминалыны, портқа соққы жасады...
🔥40👍203
Forwarded from Mezgil.kz
Кешегі мен бүгінгіде Ілияс Жансүгіровті білмейтін қазақ жоқ десек артық айтпаған болар ек. Қазақ әдебиетінің құлагері, көркем сөздің хас шебері – Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінде Абай негізін салған көркем аударма ісін жиырмасыншы ғасырдың басында қолға алып, орыс және дүниежүзі классиктерінен біршама аудармалар жасаған.

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7981
👍251
Ирандағы Сақшылар корпусы АҚШ соққыларынан Иранның барлау қызметінің басшысының қаза тапқанын растады...

Бүгін таңертең Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары нәтижесінде Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) барлау басқармасының басшысы Маджид Хадеми қаза тапты. Бұл туралы Корпустың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

Хадеми ИРСК барлау басқармасының тізгінін 2025 жылдың маусым айының соңында, 12 күндік соғыс кезінде өзінен алдыңғы басшының көзі жойылғаннан кейін қолға алған болатын.
👍277👎4
Forwarded from Mezgil.kz
Соңғы жылдары Орталық Азия аймағына деген халықаралық қызығушылық айтарлықтай күшейді. Әсіресе Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері бұл өңірге әлемдік державалардың назары бұрынғыдан да жиі ауа бастады.

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7982
👍17🤔4👎1
«Артемида-2» миссиясының астронавттары Жерге қарағанда Айға жақынырақ!

Orion кемесі Айдың гравитациялық ықпал ету аймағына енді — енді Ай оны Жерге қарағанда қаттырақ тарта бастады.

Алдыда ең маңызды сәт күтіп тұр: Айдың арғы бетін айналып өту. Ұшу кезінде Жермен байланыс шамамен 40 минутқа үзіледі.
👍494🤪3
Украина алғаш рет дрон шабуылдарының саны бойынша Ресейден асып түсті!

Наурыз айында Киев Ресей аумағына мыңдаған дронмен шабуыл жасаған. Бұл Мәскеудің Украинаға жасаған соққыларынан да көп. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Тараптардың мәліметінше:

Ресей Украинаның 7347 дронын атып түсіргенін мәлімдеді.

Украина Ресей тарапынан ұшырылған 6462 дрон мен 138 зымыран туралы хабарлады.
🔥41👍98🤔2😱1
Иран бітімнен бас тартты!

Теһеран ұрысты уақытша тоқтатудан бас тартып, соғыстың «түпкілікті аяқталуын» талап етіп отыр. Иран тарапының жауабында осындай ұстаным білдірілді.

Құжат 10 тармақтан тұрады. Олардың ішіндегі негізгілері:

* Аймақтағы қақтығыстарды тоқтату;

* Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өту хаттамасын жасау;

* Санкцияларды алып тастау және кейіннен экономиканы қалпына келтіру.
👍35🖕8🤔5🤣5
Иран шабуылы: Хайфадағы үйінділер астынан төрт адамның денесі табылды...

Иранның соққыларынан соң Хайфадағы тұрғын үйдің үйінділері астында қалған барлық 4 адамның денесі табылды.

Бүгін күндіз үйінділер астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын.
👍25👎6💔2😡1
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Бекаи:

«Теһеран Әзірбайжан мен Түркия аумағына ешқандай зымырандық немесе артиллериялық соққы жасаған жоқ»
, — деп мәлімдеді.
👍55🖕15🤡2
Reuters: Иран Ормуз бұғазын ашу туралы талапты орындамады!

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ пен Иран әскери қимылдарды тоқтату туралы жоспардың жобасын алған, бірақ Теһеран Ормуз бұғазын ашу туралы талапты бірден кері қайтарған.

Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп «егер келісім сейсенбінің соңына дейін жасалмаса, Иранның басына нағыз "тозақ" орнатамыз», - деді.

Ал ұсынылған Бейбітшілік жоспары екі кезеңнен тұратын:

Бірінші: Шұғыл түрде ұрысты тоқтату.

Екінші: 15-20 күн ішінде ауқымды келісімге қол қою.

Пәкістан армиясының қолбасшысы Асим Мунир «түні бойы» АҚШ вице-президенті Вэнспен, АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен және Иран Сыртқы істер министрі Аракчимен байланыста болған

Алайда Иран шенеунігі Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «Иран уақытша бітімгершілік аясында бұғазды ашпайды және ұсынысты зерттеу барысында ешқандай дедлайндарды қабылдамайды», — деп мәлімдеді.
👍41🖕73🤔2🤡1
Трамп Ирандағы америкалық ұшқышты құтқару операциясы туралы айтып берді

Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп ұшқышты құтқару үшін 21 әскери ұшақты жұмылдырғанын, олардың көбі өте төмен биіктікте ұшқанын айтты.

Ал екінші құтқару операциясына 155 ұшақ қатысқан: 4 бомбалаушы, 64 жойғыш, 48 жанармай құюшы ұшақ, 13 құтқару ұшағы және басқалары.  

Сондай-ақ, ол егер келісімге қол жеткізілмесе, ертең-ақ Иранды бір түнде толығымен жойып жіберетінін айтып, сес көрсетті.  

Трамп 7 сәуірді Иранмен мәміле жасасудың соңғы мерзімі деп жариялады.
👍39🤮10🤡6🖕4🤪31
Адамзат алғаш рет Айдың арғы бетін 4K форматында көрді

Айды айналып өту кезіндегі тікелей көрсетілімді шамамен 500 мыңнан астам адам онлайн режимінде тамашалаған екен.

Астронавттар «Apollo 13» миссиясының рекордын жаңартып, Жерден 400 171 шақырым қашықтыққа ұзап кетуге тырысады. Бұл — басқарылатын ұшулар тарихындағы ең алыс нүктелердің бірі.
👍501
Трамп бүгін бүйдеді:

- Мен Иранның энергетикалық нысандарын соққылау әскери қылмысқа жатады деп ойламаймын!

- Иранды бір-ақ түнде түгел жойып жіберуге болады, тіпті ертең-ақ.

- Сәрсенбінің таңында әлем картасында Иран деген ел болмауы мүмкін.

- НАТО-ның ұстанымы тіпті масқара. Бұл қара дақ оларға қара таңба боп, тарихта қалады. Мен тірі тұрғанда бұл масқаралықты еш ұмытпаймын, ұмыттырмаймын.

- Мен кәсіпкермін, мен Иранның мұнайын алғым келеді.

- Біз жеңімпазбыз. Жеңілген Иранға Ормуздан ақша табуға жол бермейміз, алым алуға жол бермейміз. Алымды біз аламыз.

- Біз мұнай тасымалының еркіндігі Ирамен ұрысты тоқтату келісімінің бөлігі болғанын қалаймыз.

- Келісімге берілген уақыт түгеген соң әрбір көпір, әрбір энергетикалық нысан жойылады.

- Мен Иранның инфрақұрылымын талқандағым келмейді. Сол үшін мені мәжбүрлемеңдер.

- НАТО - қағаз жолбарыс. Ол да, Оңтүстік Корей, Жапония мен Аустралия секілді бізге жәрдемдеспеді.
🤡42🤣20👍16🖕93🤔2🥴1