Usbanov ARNASY
3.12K subscribers
10.6K photos
5.53K videos
4 files
1.53K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.
Download Telegram
Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды!
Бақытжан Байжанов 4 жыл түрмеге кесілді!
ПАШИНЯНДА ТАҢДАУ ЖОҚ: «ҰЛЫ АРМЕНИЯНЫҢ» АРМАНЫ САЗҒА БАТТЫ

🔻АЛМАТЫДАҒЫ КЕЗДЕСУ: ТАРАПТАР НЕ ШЕШТІ?
АРМЕНИЯДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ СОҢЫ НЕ БОЛМАҚ?
АЛМАТЫ КЕЛІССӨЗІНЕН ОҢ НӘТИЖЕ БАЙҚАЛАДЫ
ПАШИНЯН: НАРАЗЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР – ӘЗЕРБАЙЖАНМЕН ЖАҢА СОҒЫСТЫ ҚАЛАЙТЫНДАР!


Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5401
Бишімбаев соты басқаларға сабақ бола ма?

Бірнеше ай бойы елдің назарында болған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іске бүгін нүкте қойылды.

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатыгездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іске сот үкім шығарды. Қуандық Бишімбаевқа 24 жыл, Бақытжан Байжановқа 4 жыл түрме жазасы кесілді.

Жан-жарын айуандықпен өлтірген адам заңнан қолдау іздеп, қанды қол қылмысынан құтылмақшы болғанын ешкім жақтырған жоқ. Бірақ бір кездегі билікте болғаны өзін ақтап шығады деген дәме де болғанын жасырып жабуға болмайды.

Әйелін өлтіріп, енді өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпекші болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта сөйлеген соңғы сөзі көптің жағасын ұстатты.

Бастапқыда Адольф Гитлерге тиесілі болған: «Біздің өтірігіміз қаншалықты қорқынышты болса, адамдар оған соншалықты оңай сенеді», - дегенді кейін Йозеф Геббельс жағы талмай қақсаған. Бишімбаев дәл осы дәйексөзді айтты.

Бишімбаев қалай тырманса да, сот тырп еткізбеді. Өйткені, бұл ашық сот болды. Тікелей эфирде өткен бұл соттың әр процессі қоғамның алдында ашық өтті. Қорғаушылардың құйтырқылықтары да, прокурорлардың айтыс-тартысы да, сот төрағасының залға кіргеннен-шыққанға дейінгі әрбір іс-қимылы жұрт назарында болды. Нәтижесі, жоғарыдағыдай. Бұл соттың шешімі дегендей әділ деуге келеді. 24 жыл аз ба, көп пе, оның әркім өзінше бажайлай жатар. Айтпағымыз: сот процесстерінің осылай ашық өтуі еліміздегі сот жүйесінің жұмысын ілгерілетуге айтарлықтай жәрдемдесері сөзсіз.
Forwarded from Mezgil.kz
Жерге сіңген 2 млрд доллар: Қырғыз сарапшылары не дейді?

БҰҰ мәліметі бойынша, Орталық Азия елдері жыл сайын су тапшылығынан және суды тиімсіз пайдалану әсерінен 2 млрд доллар пайдадан қағылуда.

Толық:

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5400
Әйелін өлтіріп, 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуаныш Бишімбаев 2040 жылға қарай шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.

"Қуандық Бишімбаев қазір сотталған аса ауыр қылмысы үшін жазаның 2/3 бөлігінен кейін арыз беру құқығы туындайды. Бұл 16 жыл, бұл 2039-2040 жылдар", – деді үйлестіруші судья Алма Есімова сот отырысында.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Харьков облысы. Волчанскі маңы. "Орыс еріктілері корпусы" басқыншыларға ет комбинаты тұсында соққы беруде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемде алағай да бұлағай кезең. Жар астында жау, жол шетінде бөтендер бары қашанда анық. Ел басына күн туа қалса, сенеріміз - әскер. Әскерді қуаттау керек!

Видеоны ҚР Қорғаныс министрлігі жариялапты. "Біздің әскер, Отанды қорғауға әркез дайын", - деп жазба қалдырыпты.
Испания Украинаға 10 дана Leopard 2 танктерін береді!

Бұл танктер 30 маусымға дейін беріліп болады. Испанияның әскери көмегінде:

◾️ Ірі калибрлы артиллериялық оқ-дәрілер,

◾️ Ауыр және жеңіл пулеметтер,

◾️ БМП-ларға арналған қорғаныш шанақтар,

◾️ Танкке қарсы қарулар мен снарядтар,

◾️ Бақылау жүргізуге арналған зенитті кешендер,

◾️ Дрон шабуылдарынан қорғануға арналған кешендер бар.
Армян БАҚ-тары: Арменияның Әзербайжанмен шекаралас аймақтарындағы Ресей әскери контингенті бүгіннен бастап өз посттарын өткізіп, кете бастайды.
Украина Радасының депутаты Алексей Гончаренко Зеленскийге үндеу жасап: "Шетелдік әріптестерімізден көмекке әскер кіргізуді сұраңыз!", - деді.
Ел Бишімбаевпен әлек болып жатқанда, "Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 5 жылға түрмеге кесілді.

Мырзахметовке: "Пара беруге селбесті", "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденді" және "алаяқтық" баптары бойынша айып тағылған.
Usbanov ARNASY
Харьков облысы. Волчанскі маңы. "Орыс еріктілері корпусы" басқыншыларға ет комбинаты тұсында соққы беруде.
Харьков майданындағы жағдай қалай?

Ресей әскері Харьков бағытындағы шабуылын үдете түсті. Харьков облысының Ресеймен шекаралас аймағындағы 6 елді-мекенді оккупациялаған Ресей әскері, Волчанск қалашығына жақындап, ұрыс салуда. Украина қорғаныс министрлігі жағдайдың қиын екенін мәлімдеді.

Толық:

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5398
Грузия парламенті елдегі наразылықтарға қарамастан "шетелдік агент" туралы заңды қабылдауға жақын қалды.

ЕО-ның 12 мемлекетінің СІМ басшылары ұжымдық хат жазып, Грузия билігін "Грузияның Еуропалық жолынан бұрып әкетпеуге" кеңес берді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Харьков майданы. Украина басқыншылардың пехотасына соққы беріп жатқан сәт.
НАТО Бас хатшысы Столтенберг: "Украина соғыста жеңіліп қалса, оны қайта қалпына келтірудің мәні де жоғалады. Біз Украинаны қалпына келтіруден бұрын, оның жеңіске жетуі үшін барлығын жасауымыз керек!", - дейді.
Бұл Астраханның этникалық қазағы Азамат Мұсағалиев. Ол жуырда бүйдепті:

"Мен қазақпын. Бірақ, Қазақстан жанкүйерлерінің көңіліне тисе де айтайын, Қазақстан құрамасына ешқашан жанкүйер болған жоқпын! Мен Ресей құрамасына жанкүйермін!".

Бұл пікірді Мұсағалиев Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеуіндегі және ұлттар лигасындағы соңғы жетістіктеріне қатысты айтқан.

No comment...
Usbanov ARNASY
Бұл Астраханның этникалық қазағы Азамат Мұсағалиев. Ол жуырда бүйдепті: "Мен қазақпын. Бірақ, Қазақстан жанкүйерлерінің көңіліне тисе де айтайын, Қазақстан құрамасына ешқашан жанкүйер болған жоқпын! Мен Ресей құрамасына жанкүйермін!". Бұл пікірді Мұсағалиев…
Бір нәрсені анық түсінген мақұл!

Ол Ресейде туып-өскен, солардың астамшылық идеологиясы санасына мықтап сіңіп, әбден зомбиланған адам. Ресейдің толық қанды азаматы.

Оны қазақ екен деп босқа арамтер болу адасқандық. Ол қазақ тілінен мүлдем мақұрым. Оны айтасыз, бір жолы қазақ тілін «курлы-мурлы» деп, ашықтан-ашық мазақ еткені бар. Енді бірде: «Маған Қазақстан мен Белорусьтің еш айырмашылығы жоқ», - деп соққанын да естігенбіз. Ол Ресейдің Украинадан оккупауияланған аумақтарына барып, кәнсерт берген. Ресейдің басқыншылығына бүйрегі бұрып, Путиннің таратқан шүленінен дәметіп жүргендігіне несіне таң қаламыз?..
Украина Бас штабы: Донецк облысында Ресейдің Су-25 ұшағы атып түсірілді!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Харьков облысынан эвакуацияланған әже: "Оларды қарғыс атсын! (Басқыншыларды). Мен соғыстан аман шыққанмын. Енді міне, көрген күніміз", - деп отыр...