Usbanov ARNASY
3.12K subscribers
10.6K photos
5.53K videos
4 files
1.53K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.
Download Telegram
Бұл да Белгород. Бүгінгі жағдай. Ресей: "Украинаның атқан "Точка У-ын" әуеде қағып түсіргенбіз. Соның қалдығы тұрғын үйге түсіп, салдарынан тұрғын үй опырылды", - деп жатыр. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны өсіп жатыр.
Ал бұл Харьков облысының Волчанскі кентінің халқы. Басқыншылар шабуылынан эвакуацияланып жатыр. Кей деректерде 4 мыңнан көп адам эвакуацияланғаны айтылады.

Басқыншы әскер қазір осы бағытта қанқасап шабуыл жасауда.
Ресей президенті әскери салада ауыс-түйіс жасады.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қызметінен алынып, РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Андрей Белоусов. Ол әскери сала адамы емес. Мамандығы - экономист.
РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев қызметсіз қалды. Оның қайда тағайындалатыны жуырда белгілі болады. Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз хатшысы Песков айтты.
Usbanov ARNASY
Video
❗️Белгородтағы зымыран түсіп, қираған үйде қаза тапқандар саны 13-ке жетті.
Usbanov ARNASY
Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Андрей Белоусов. Ол әскери сала адамы емес. Мамандығы - экономист.
❗️❗️❗️Андрей Белоусов кім?

Ол әскери саланың адамы емес. Әскерде болмаған және әскери шені жоқ.

Осыған дейін: Ресей Президентінің экономика саласы бойынша кеңесшісі болған.

РФ Экономика министрлігінде 2006 жылдан бастап, вице-министр, министр қызметтерін атқарған. Онан соң РФ Президентінің көмекшісі, РФ Вице-премьер-министрі болған.

Мамандығы: Экономист-ғалым.

Саяси шені: 1-ші дәрежеді мемлекеттік кеңесші. Бірақ, партияға мүше емес.

Жасы: 65-те.

Санкция:

▪️2022 жылдың маусымында Украинаның жекелеген санкциясына ілінген. Себеп: Украинаға басқыншылық және сол басқыншылықты бастаған РФ Президентіне жақын адам ретінде.
▪️2022 жылдың шілдесінде ЕО-ның жекелеген санкциясына ілінген. Себеп: Қырым аннекциясын қолдағаны үшін және санкциядағы банктерді жақтап, олигархтарға санкциядағы банктермен жұмыс жасай беруге шақырғаны үшін.
▪️2022 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың қаңтарында Жапонияның жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың ақпанында Канаданың жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың мамырында Ұлыбританияның жекелеген санкциясына ілінген.
▪️2023 жылдың шілдесінде Аустралияның жекелеген санкциясына ілінген.
Украина Бас штабы: Ресей Волчанскі қаласын алу үшін кемі 5 батальонды жұмылдырған. Қазір қала үшін қиянкескі шайқас жүріп жатыр. 1 тәулікте басқыншылардың 1740 сарбазының көзі жойылды.
Бүгін Ереван жұрты да ереуілдеп жатыр. Олар Тавуштағы 4 ауылды Әзербайжанға беруге қарсы. Пашинян үкіметіне қарсы. Қазірге дейін 100 шақты адам тұтқындалған.