Usbanov ARNASY
2.75K subscribers
9.24K photos
4.85K videos
4 files
1.25K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.
Download Telegram
Израильде Тель-Авив бастаған бірнеше қалада "Нетаняху отставкаға кет" деген шеру өтті. Наразы топ ХАМАС тұтқынындағыларды босатуды да талап етті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түнде Украина барлауы Ресейдің бірнеше стратегиялық нысанына дрон соққысын жасады.

Негізгі нысандар: Волгоград мұнай өңдеу зауыты, «Калуганефтепродукт» және Новолипецкі металлургиялық комбинаты.
Харьков бағытында қызу шайқастар жалғасып жатыр. Басқыншылар 6 елдімекенді өз бақылауына алған. Қазір шайқас Глубокое ауылында жүріп жатыр.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түнде Тблисиде өткен "Еуропалық марш" шеруі Грузия тарихындағы ең ауқымды наразылық акциясы болып тіркелді. Оған шамамен 300 мыңға жуық адам қатысқан.

Жұрт биліктегі "Гүржі арманы" партиясының қабылдап жатқан "шетелдік агент" туралы заңына қарсы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлт ұстазы - Ахаң - Ахмет Байтұрсынұлы жайлы фильм кинотеатрларда көрсетілмек.

31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні екенін білесіздер. Қараңғы Қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болған Ахаң, Жахаңдарды қанды жүйе, зұлым жүйе жақтым жала, жаптым күйемен нақақ құрбан етті. Бұл зұлымдық санасы қазақ деп сарнайтын, жүрегі қазақ деп соғатын ең соңғы адам өлгенше еш ұмытылмайды!

Өткен жылы Қазақ жұрты Міржақып туралы "Оян, Қазақты" көрді. Ұлт тарихының заңғар тұлғалары туралы беті ашылған шындыққа жақсы қолдау жасады. Енді Ұлт Ұстазы туралы туынды экранға шықпақ. 23 мамырдан бастап, барайық! Көрейік, қолдайық!
Харьков үшін Белгород жауап беріп жатқандай. Ресейдің Белгороды бүгін де соққының астында.
Бұл да Белгород. Бүгінгі жағдай. Ресей: "Украинаның атқан "Точка У-ын" әуеде қағып түсіргенбіз. Соның қалдығы тұрғын үйге түсіп, салдарынан тұрғын үй опырылды", - деп жатыр. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны өсіп жатыр.
Ал бұл Харьков облысының Волчанскі кентінің халқы. Басқыншылар шабуылынан эвакуацияланып жатыр. Кей деректерде 4 мыңнан көп адам эвакуацияланғаны айтылады.

Басқыншы әскер қазір осы бағытта қанқасап шабуыл жасауда.
Ресей президенті әскери салада ауыс-түйіс жасады.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қызметінен алынып, РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Андрей Белоусов. Ол әскери сала адамы емес. Мамандығы - экономист.