СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің басым бөлігі ауылды жерлерде орналасқан. Айталық Қызылжар ауданының Большая малышка мектебінің білім ошағына биыл бюджеттен 130 млн теңге бөлінді. Мектеп 1975 жылы тұрғызылып, бүгінгі күнге дейін бір-ақ рет күрделі жөндеуден өткен. 2013 жылы білім ошағын қалпына келтіру үшін 13 млн теңге бөлінсе осы жолы 10 есе көп қаражат жұмсалмақ. Жұмыс аумағы да 10 есе артты. Жоба бойынша мектептің шатыры жаңартылады. Жылыту жүйесі мен жарықтандыру ауыстырылып жатыр. 2013 жылы көше жаққа шығатын терезелер пластикке ауыстырылса, енді қалған терезелер де жаңартылады. Бұл жөндеуді ұжымымыз, балалар мен олардың ата-аналары көптен күтті. Көптен күткен жөндеу «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп келеді. Биыл мектепте 169 бала оқыды. Білім беру мекемесінде шағын орталық пен интернат бар. Интернатта жақын маңдағы 5 елдімекеннің балалары келіп оқиды. Мектеп биоотынмен жағылатын қазандықпен жылытылады.