УДП Дадебаев
958 subscribers
113 photos
21 videos
11 links
Достоверная информация о работе Управления Делами Президента Республики Казахстан
www.udp-rk.kz

https://feedback.udp-rk.kz/
Download Telegram
Совсем скоро начнет работать новый лечебный корпус Больницы Медицинского центра УДП РК.

Он будет терапевтическим, с лечением по следующим профилям: пульмонология и нефрология, гастроэнтерология и эндокринология, неврология, ревматология и кардиология.

Здесь также разместятся дневной стационар, блок интенсивной терапии и блок реабилитации пациентов после инсульта, инфаркта миокарда, кардиохирургических, нейрохирургических и ортопедических операций.
Первый корпус больницы решено целиком отдать под хирургию. Диагностическая база нового здания БМЦ УДП РК представлена новейшими технологиями исключительно экспертного класса. Есть много уникальных аппаратов. К примеру, здесь установлен сверхточный компьютерный томограф, который делает 640 срезов в минуту и позволяет исследовать практически каждый миллиметр тканей. Аналогов ему в Казахстане нет.

Также появился маммограф с функцией томосинтеза, который позволяет проводить сверхтонкую диагностику и отличает доброкачественную опухоль молочной железы от злокачественной.

Словом, новая медицинская техника значительно расширяет диагностические возможности медцентра. Специалисты для обслуживания оборудования были отобраны и обучены заранее в зарубежных клиниках. В данный момент проводится наладка и калибровка диагностических комплексов. Все строительные работы и установка медицинского оборудования завершены. Новый лечебный корпус начнет свою работу уже до конца этого месяца.
Қайырлы күн, әріптестер!
Жаңа аптаны жақсы жаңалықпен бастаудың орайы келіп тұр.
ҚР ПІБ Орталық клиникалық ауруханасында («Совминка» аталып кеткен) ғасырмен құрдас қария, соғыс ардагері Ізгілік Дабаев операциядан кейінгі сауықтырудан сәтті өтті.
Жарты жыл бұрын травматолог Асхат Қабдешов бастаған дәрігерлер тобы жамбас ұршығы сынған қарияның жамбас буынын эндопротездеу үшін ота жасаған еді. Дәрігердің айтуынша, жасы біразға келген, басқа да аурулары бар қарт адамды операцияға жатқызу тәуекелге баруға тура келетін шаруа. Дей тұрғанмен, сәттілік серік болып, операция ойдағыдай аяқталған.
Қазір қарияның жағдайы жақсы. Өмірге деген құлшынысы керемет! Тағы ширек ғасыр жасап 125-ке жетуден үмітті.

Орталық клиникалық аурухана журналистерге осындай ақпарат таратып отыр.

Осы орайда, Совминкада жыл сайын жүзден астам науқасқа жамбас буынын эндопротездеу үшін операция жасалатынын айта кеткім келеді. Бұл өте күрделі жұмыс. Оған травматологтар мен анестезиологтардан бөлек, науқастың жағдайына қарай кардиолог, эндокринолог, терапевт және басқа да мамандардан жасақталған тұтас дәрігерлер бригадасы қатысады. Протез қарттардың толыққанды жүріп-тұруына қатты көмектеседі.
Баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін! Ізгілік атадан үлгі алып, өз-өзімізді күтіп жүрейік!
Добрый день, коллеги! Рабочую неделю – чтобы она прошла максимально позитивно и плодотворно – рекомендуют начинать хорошими новостями.
В ЦКБ УДП РК (более известной всем как «Совминка») успешно прошел послеоперационную реабилитацию 100-летний пациент, ветеран ВОВ Изгилик Дабаев.

Полгода назад команда докторов клиники во главе с лечащим врачом травматологом Асхатом Кабдешовым сделала почетному пенсионеру эндопротезирование тазобедренного сустава (после перелома шейки бедренной кости).

По словам лечащего врача, операция была рискованной из-за возраста и сопутствующих заболеваний пациента, но сейчас все хорошо.

У Изгилик-ата удивительная сила духа и жажда жизни. Он следит за здоровьем и поставил перед собой задачу дожить до 125 лет. Вот такую интересную историю рассказали журналистам в ЦКБ. От себя же добавим, что ежегодно в Совминке эндопротезирование тазобедренного сустава проходят сто и более пациентов. Операция непростая. Помимо травматологов и анестезиологов, в ней участвует целая бригада врачей – кардиологи, эндокринологи, терапевты и другие специалисты, в зависимости от состояния пациента. Протез дает пожилым людям второй шанс на полноценную активную жизнь.

Всем – крепкого здоровья и успехов в труде! Берем пример жизнелюбия с Изгилик-ата.
Бүгін Президент Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың бірі – «Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 22 жыл.

Әріптестірімізге осынау атаулы күн құтты болсын дейміз!

Тамыз айында паркте жұмыстың қыза түсетіні соншалық, мерекені тойлауға да қол тимейді. Қызметкерлер күндіз-түні жұмыста. Көкорайлы жердің аумағы шамамен 130 мың гектар екенін ескерсек, флора мен фаунаны сақтау оңай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті. Көшет отырғызу, жануарлардың қысқы азығын дайындаудан бөлек қауіпсіздікке жіті мән беруге тура келеді. Дәл қазір туристік маусымның қызған шағы, тәртіпті қадағалау керек. Осы жазда кәсіпорын қызметкерлері 16 өрттің алдын алды. Оған қоса, жыл басынан бері парк аумағынан 715 тоннадан астам, туристер көптеп келетін шілде айының өзінде 292 тонна қоқыс шығарылды.

Ұлттық паркте 516 өз ісінің білгірі жұмыс істейді. Орта есеппен алғанда олардың еңбек тәжірибесі 10 жылдан асады. Әбдірахмановтар, Әбілдиновтер, Дороговтар, Красноусовтар, Махметовтер, Омаровтар, Рахматуллиндер әулеті үшін бұл жұмыс – атакәсіп. Мереке Бекахметов, Владимир Канцев, Александр Макаренко, Қабдрашит Махметов және басқа да байырғы қызметкерлер құрметті еңбек ардагері қатарында.

Табиғи мұраны қызғыштай қорғап, кейінгі буынға аманаттай білген ерен еңбектеріңіз үшін Сіздерге ризашылығымды білдіремін! «Бурабай» МҰТП барша ұжым мүшелеріне мықты денсаулық, мол табыс және бақ-береке тілеймін!
Сегодня день рождения одного из подведомственных подразделений УДП - Государственного национального природного парка «Бурабай».

Прошло 22 года с момента открытия предприятия. Поздравляю коллектив с событием!

Август в нацпарке – горячая пора и сейчас работникам ГНПП не до торжественных мероприятий, они работают не покладая рук. Площадь парка – около 130 тысяч гектаров, сохранять флору и фауну на такой большой территории непросто. Только успели рассадить и выходить новые лесные насаждения, как пришла пора заготавливать корма для подкормки животных зимой. К тому же, в разгаре туристический сезон, - нужно внимательно следить за порядком. За это лето работники предприятия предотвратили уже 16 пожаров. А с начала года собрали и вывезли с территории нацпарка 715 тонн мусора, причем 450 тонн только за июль.

В коллективе ГНПП – 516 знающих свое дело специалистов. Средний стаж работы сотрудников на предприятии превышает 10 лет. Много трудовых династий – Абдрахмановы, Абельдиновы, Дороговы, Красноусовы, Махметовы, Омаровы, Рахматулины. Много заслуженных ветеранов труда – Мереке Кайратович Бекахметов, Владимир Павлович Канцев, Александр Альбертович Макаренко, Кабдрашит Утельбаевич Махметов и другие. Хочу сказать вам отдельное спасибо за верность предприятию, за добросовестный труд, за сохранение природных богатств нашей страны! Всему коллективу ГНПП желаю крепкого здоровья, трудовых успехов и процветания!
Бүгін еліміздегі құрылысшылар қауымының кәсіби мерекесі.
Осы айтулы күнге орай біздің мекемемізге қарасты ұйымдардың да қызметкерлерін – құрылысшыларды, инженерлерді, электриктерді, тазалаушыларды, ағаш шеберлерін және басқаларын құттықтаймын! Көптеген ғимараттардың бой көтеріп, қауіпсіз әрі мүлтіксіз жұмыс істеп тұрғаны сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасы.

Айталық, «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС бірегей әрі режимдік нысандардың құрылысына техникалық қадағалау жасайды. Кәсіпорын осыған дейін Ақорда резиденциясы, Парламенттің қос палатасы мен Жоғарғы Сот ғимараттары, «Бәйтерек» монументі, Ұлттық академиялық кітапхана, «Астана-Арена» стадионы мен «Астана-Опера» театры сынды қырықтан астам зәулім сарайдың бой көтеруіне атсалысты.

Мереке күні бірқаттар қызметкерлеріміз биік марапат пен алғысқа ие болды. «Қазқұрылысжүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Алмас Ибраимов пен Алмас Қисабеков «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атанды. «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының» бас сарапшысы Аяш Тоқсанова да «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін иеленіп отыр. А.Тоқсанова кәсіпорын тарихында бұл марапатқа ие болған алғашқы қызметкер. Сондай-ақ электрмонтер Александр Пантюхин «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атанды.

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын!
Мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым еңбектеріңіз жемісті болсын!
Дорогие друзья! Сегодня в стране отмечается День строителя. С этим профессиональным днем хотелось бы поздравить работников и наших подведомственных предприятий: строителей, инженеров, плотников, электриков, мастеров по отделке, клининговые службы. Это – люди, благодаря которым качественно строятся и содержатся здания, обеспечивается безопасность и бесперебойная эксплуатация зданий.

Например, ТОО «Казстройсистема» ведет технический надзор за строительством уникальных, а также режимных объектов. В портфолио предприятия уже более 40 завершенных проектов. В том числе: резиденция «Ак-Орда», здания Сената и Мажилиса Парламента, Верховного суда, монумент «Байтерек», Национальная библиотека, стадион «Астана Арена», Театр оперы и балета.
Хочу поздравить и вместе с вами порадоваться за сотрудников наших предприятий, которые получили к празднику отраслевые награды и благодарственные письма. Звание «Почетный строитель» присвоено специалистам Казстройсистемы Алмасу Ибраимову и Алмасу Кисабекову. Также нагрудный знак «Құрметті құрылысшы» присужден главному эксперту УМТО Аяш Токсановой. Кстати, она стала первым почетным строителем в истории предприятия. Звание заслуженного работника жилищно-коммунального хозяйства теперь будет гордо носить электромонтёр ДАЗ УМТО Александр Пантюхин.

С профессиональным праздником, коллеги! Желаю новых трудовых побед, здоровья, процветания, семейного благополучия!
Президенттің Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасының биылға жоспарланған маңызды екі жобасы бар. Бұл – Ядролық медицина орталығы мен емдеу-диагностика блогы. Қыркүйек айында халыққа қызмет көрсете бастайтын нысандарға бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, аралап көрді. Мемлекет басшысы дәрігерлермен, ғалымдарымызбен пікірлесіп, аталған медициналық кешендердің ашылуы еліміз үшін айтулы оқиға болатынын жеткізді.
Расында бұл нысандар ұлт денсаулығын жақсартуға, заманауи озық технологиялардың халыққа қолжетімді болуына ықпал етеді. Мәселен, Ядролық медицина орталығындағы жаңа құрылғылар қатерлі ісікті, кардиология және неврология ауруларын ерте бастан анықтауға жол ашады. Мұндағы позитронды эмиссиялық компьютер томографиясымен науқасқа диагнозды ерте әрі дәл қоюға, сондай-ақ тексеруден өтетін адам санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік туып отыр.
Сол сияқты, емдеу-диагностика блогы ашылғаннан кейін Медициналық орталық ауруханасында көрсетілетін қызмет көлемі екі есе ұлғаюға тиіс. Жаңа ғимаратта пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бөлімдері бар. Айта кету керек, бұл жерде диагностика мен емделу барлық қазақстандықтарға қолжетімді (МӘМС, ТМККК аясында және ақылы негізде).
«Денсаулық – зор байлық» - дейді дана халқымыз. Заманауи озық жабдықтармен қаруланып, ел азаматтарының амандығы үшін күресіп жүрген дәрігерлер қауымына табыс тілеймін!
Сегодня Больницу Медицинского центра УДП РК посетил с инспекцией Глава государства. Он осмотрел новый лечебно-диагностический блок и познакомился с возможностями нового диагностического оборудования. Особенный интерес Президента страны вызвало знакомство с работой и возможностями Центра ядерной медицины, на сегодняшний день лучшего по уровню оснащения в странах СНГ.
Он имеет собственный циклотронный комплекс с возможностью производить новые современные радиофармпрепараты для ПЭТ-диагностики. Ранее в нашей стране производился только один из 9-ти препаратов этой линейки.
Открытие нового корпуса с самым современным диагностическим отделением позволит БМЦ оказывать помощь вдвое большему количеству пациентов. В том числе и в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и ОСМС.
Видео, как проходила инспекция Главы государства, можно посмотреть здесь.
Президент отметил важность вклада БМЦ УДП в развитие отечественной медицины. Высокие стандарты, которых БМЦ придерживается в своей работе, неизменно подтверждая аккредитацию JCI, служат ориентирами для других лечебных заведений страны.