Almaty TV
4.35K subscribers
12.8K photos
2.58K videos
25 files
7.75K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
Мәншүк маршы: сыр өңірінде екі мыңға жуық қыз әскери-патриоттық шеруге қатысты

Дәстүрлі «Мәншүк маршына» екі мыңға жуық жас қатысады. Еліміздің 11 педагогикалық колледжінен келген студент қыздар әскери-патриоттық шеруге шығып, қазақтың қайсар қызының рухына тағзым етті. Салтанатты шеруден кейін жиналғандар екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Айта кетейік, патриоттық форум екі күн бойы тағылымды іс-шараларға жалғасатын болады. Форум аясында пленарлық мәжіліс өтсе, кейіннен бұрымдылар «Мерген ару» сайысында бақ сынамақ.
Тылсым әлемге сапар: Алматының жас жазушысы белгілі болды

«Жас жазушы - 2025» атағына лайық деп танылған жеткіншектер салтанатты түрде марапатталды. Байқау жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығы мен «Ұлттық кітап күніне» арналды. Бұл жолы 15 пен 17 жас аралығындағы 173 оқушы фэнтези жанрында Бегалин шығармаларының желісімен тың дүниелер ұсынды. Қазылар туындыларды түпнұсқалық, әдеби шеберлік пен тақырыпты ашу деңгейіне қарай бағалады. Алғаш рет ең жас қатысушыларға арналған «Жас дарын» сыйлығы тағайындалды. «Алматының жас жазушысы» атағына ие болған жеңімпаздардың үздік әңгімелері электронды жинаққа енгізілмек.
Келісімшартпен келіспейміз: апатты үйдің тұрғындары жаңа баспананы жалдап тұруға қарсылық білдірді

Маңғыстауда Сайөтес ауылындағы апатты үйден жаңа баспанаға көшкен тұрғындар шу шығарды. Олардың айтуынша, әкімдік берген үй тұрғындардың атына өтпеген. Яғни, азаматтар пәтерлерді жалдап тұруға тиіс.

Жұмабай Әбішев 40 жылдан бері Сайөтес ауылында тұрады. Әкімдік апатты деп таныған үйде оның жалпы ауданы 150 шаршы метрлік 6 бөлмелі пәтері болған. Ал жаңадан бой көтерген тұрғын үйден оған 75 шаршы метрлік 2 бөлмелі баспана берілген. Ол «пәтерді үлестіргенде әділетсіздікке жол берілді» деп санайды.
Алматыда 25 адамның атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Ол үшінші адамдардың атына бірнеше рет олардың хабарынсыз шағын несие рәсімдеген деген күдікпен ұсталды.

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті 25-тен астам рет жасағанын айтты. Эпизодтардың бірі күдіктінің әрекетінен зардап шеккен қала тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Жыл басынан бері 3,2 мың адам Қазақстанда қандас мәртебесін алған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 2,5% – Монғолиядан, 1,9% – Ресейден және 2,2% басқа елдерден.
Заңсыз алтын өндірумен айналысқан 5 кәсіпорынның әрекеті тоқтатылды - ІІМ

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорынның қызметін тоқтатты.

"Анықталған заң бұзушылықтар бойынша құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактілері бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Погода радует: по всему Казахстану тепло и солнце 25 апреля

▪️Астана: Дождь, гроза, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +7...+9°C, день +24...+26°C.
▪️Алматы: Без осадков, ветер 3-8 м/с. Температура: ночь +7...+9°C, день +20...+22°C.
▪️Шымкент: Без осадков, ветер 5-10 м/с. Температура: ночь +10...+12°C, день +28...+30°C.
▪️Талдыкорган: Без осадков, ветер 5-10 м/с. Температура: ночь +3...+5°C, день +22...+24°C.
▪️Актау: Без осадков, ветер 5-10 м/с. Температура: ночь +9...+11°C, день +20...+22°C.
▪️Актобе: Дождь, гроза, ветер до 20 м/с. Температура: ночь +13...+15°C, день +24...+26°C.
▪️Атырау: Без осадков, ветер 5-10 м/с. Температура: ночь +12...+14°C, день +26...+28°C.
▪️Жезказган: Без осадков, ветер 7-12 м/с. Температура: ночь +9...+11°C, день +26...+28°C.
▪️Караганда: Дождь, гроза, ветер 5-10 м/с. Температура: ночь +7...+9°C, день +21...+23°C.
▪️Кокшетау: Без осадков, ветер 8-13 м/с. Температура: ночь +8...+10°C, день +24...+26°C.
▪️Конаев: Без осадков, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +8...+10°C, день +22...+24°C.
▪️Кызылорда: Ясно, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +15...+17°C, день +32...+34°C.
▪️Павлодар: Без осадков, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +1...+3°C, день +19...+21°C.
▪️Петропавловск: Дождь, гроза, ветер до 23 м/с. Температура: ночь +6...+8°C, день +23...+25°C.
▪️Семей: Без осадков, ветер 2-7 м/с. Температура: ночь -1...-3°C, день +17...+19°C.
▪️Тараз: Без осадков, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +8...+10°C, день +24...+26°C.
▪️Туркестан: Без осадков, ветер 8-13 м/с. Температура: ночь +13...+15°C, день +29...+31°C.
▪️Уральск: Дождь, гроза, ветер 9-14 м/с. Температура: ночь +10...+12°C, день
▪️Усть-Каменогорск: Без осадков, ветер 1-6 м/с. Температура: ночь -1...-3°C, день +16...+18°C.
Курс валют на 25 апреля

USD / KZT – 517.16 (Доллар США);
EUR / KZT – 588.48 (Евро);
TRY / KZT – 13.5 (Турецкая лира);
KGS / KZT – 5.95 (Кыргызский сом);
AED / KZT – 140.8 (Дирхам ОАЭ);
GBP / KZT – 687.82 (Фунт стерлингов);
CNY / KZT – 70.97 (Китайский юань);
RUB / KZT – 6.23 (Российский рубль);
UAH / KZT – 12.4 (Украинская гривна).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының Алатау ауданындағы комьюнити орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының фронт-офисі ашылды.

Жоба Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ашылу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, белсенді волонтерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында Қанат Сәлімбаев жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның негізгі бағыттарын нақтылап өтті. Сонымен қатар, волонтерлерге тәжірибелік кеңестер беріп, бастамаларына сәттілік тіледі.
Алматыда жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон өтті

Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Alatau Creative Hub орталығында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктірді.

Іс-шараны Алматы қаласының кітапханалары ұйымдастырды, оған қала әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Ғылым ордасы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі кітапхана ісін жаңғыртудың көшбасшылары саналатын алматылық кітапханашылар тәжірибесін, білімін өзге өңірдегі әріптестерімен бөлісе бастады. Хакатон – тәжірибе алмасуға, жаңа қызмет түрлерін талқылауға және кітапхана саласына цифрлық технология енгізу мәселесін қарауға арналған маңызды алаңға айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спасатели усилили автопарк 18 новыми внедорожниками

На территории пожарной части г. Актау Мангистауской области состоялась передача спасательным подразделениям ключей от 18 новых внедорожников марки «Toyota Hilux».

В торжественной церемонии приняли участие руководство ДЧС, аким области и ветераны пожарной службы.

Новая техника значительно укрепит материально-техническую базу подразделений и повысит оперативность реагирования на чрезвычайные ситуации, особенно в отдаленных и труднодоступных населённых пунктах.

«Благодаря поддержке министра генерал-майора Чингиса Аринова и акима области мы получаем новую современную технику, которая позволит нам быстрее и эффективнее реагировать на любые чрезвычайные ситуации. Особенно важно, что это помощь доходит до самых отдаленных населённых пунктов. От лица личного состава и выражаю благодарность за доверие и поддержку»-,
подчеркнул начальник ДЧС Мангистауской области.
В Алматы применяют новый метод биозащиты растений

В рамках устойчивого развития мегаполиса и сохранения экологического баланса, в Алматы в 2025 году стартовала программа сезонной обработки зеленых насаждений с использованием биологических средств защиты растений, - передает Almaty.tv.

Новая стратегия ухода за городскими деревьями и кустарниками предусматривает применение современных биофунгицидов, биоакарицидов и бактериальных препаратов, а также микроудобрений. Такой подход позволяет снизить уровень химической нагрузки на окружающую среду и сохранить природное биоразнообразие.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Чиновник проживал в квартире ребенка-сироты в Акмолинской области 2 года

В ходе проверок было установлено, что местные органы нарушили права детей в вопросах получения жилья из государственного фонда.

Факты нарушений:

33 ребенка незаконно сняты с учета;

8 детей поставлены в очередь с нарушением сроков;

Одному ребенку было отказано в жилье.

Один из примеров — квартира, предназначенная для ребенка-сироты, два года находилась в распоряжении руководителя госучреждения. После вмешательства прокуратуры, квартира была возвращена законному владельцу — ребенку.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда:

1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.
Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы:

отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау

Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев вручил Александеру Чеферину орден «Достык» II степени за его вклад в развитие спорта в Казахстане
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM