Almaty TV
4.39K subscribers
19.5K photos
3.99K videos
26 files
11K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
🇰🇿🇧🇾Глава государства принял министра иностранных дел Беларуси Максима Рыженкова

🟦Президент Касым-Жомарт Токаев с удовлетворением отметил высокую динамику казахско-белорусского стратегического партнерства.

– Мы придаем первостепенное внимание сотрудничеству с Вами во всех сферах, с должным уважением относимся к белорусской государственности, к Вашей самобытной культуре, истории. Я полагаю, что есть все основания выразить сегодня удовлетворение поступательной динамикой взаимодействия, прежде всего, в экономической сфере. Пользуясь возможностью, хотел бы передать слова приветствия и наилучшие пожелания руководителю белорусского государства Президенту Александру Григорьевичу Лукашенко. В мае месяце мы проводим заседание Высшего Евразийского экономического совета. Думаю, что мы обязательно здесь помимо многосторонней повестки обсудим и другие вопросы, связанные с развитием отношений между нашими государствами, – сказал Глава государства.


🟦Касым-Жомарт Токаев подчеркнул необходимость и далее поддерживать активный, доверительный диалог, а также координировать практическую реализацию достигнутых на высшем уровне договоренностей.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇧🇾Министр иностранных дел Беларуси поблагодарил Главу нашего государства за прием и передал добрые слова приветствия Александра Лукашенко

– Прежде всего, тоже хочу передать Вам самые теплые пожелания от имени Главы нашего государства Александра Григорьевича Лукашенко, пожелать Вам успехов и впечатляющих результатов в дальнейшем развитии Вашего государства, создании современного Казахстана и повышении благосостояния граждан. Хочу также сказать, что в основе политики Казахстана сегодня находятся интересы простого человека, народа, страны, это та основа социальной политики, которая сближает наши страны, цементирует отношения на всех направлениях. Ну а личные отношения между лидерами двух государств – это очень хороший пример для всех нас. Хотелось бы отметить, что мы чувствуем Вашу поддержку на всех уровнях взаимоотношений, – отметил Максим Рыженков.


🟦Собеседники подчеркнули важность дальнейшего углубления сотрудничества в сферах промышленной кооперации, транспорта, сельского хозяйства, туризма и других направлениях.

🟦Отдельное внимание уделено наращиванию экспорта казахстанской продукции. По итогам 2025 года объем товарооборота между странами увеличился на 30% и составил 1,2 млрд долларов.

🟦Президент Казахстана приветствовал предстоящее открытие Генерального консульства Республики Беларусь в Алматы, которое призвано расширить связи между регионами двух стран.

🟦Также состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы сносят очередной незаконный объект

Под снос попала самовольная постройка, расположенная по пр. Сейфуллина, 526, сообщает управление градостроительного контроля Алматы.

Ранее в отношении собственника принимались административные меры с направлением материала в суд.

Постановлением Специализированного межрайонного суда по административным правонарушения собственник признан виновным с принудительным сносом строения. 27 марта 2026 г. постановлением Алматинского городского суда решение первой инстанции оставлено без изменения.

Снос объекта начат сегодня с участием судебных исполнителей.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Алматинском зоопарке родились краснокнижные медвежата

В Алматинском зоопарке произошло очередное радостное событие — появились медвежата у тянь-шаньских бурых медведей. Январь стал самым плодовитым месяцем для Алматинского зоопарка.

Алматинский зоопарк уже рассказывал о рождении амурских тигрят, серых и рыжих кенгуру. Два медвежонка родились у многодетных родителей Курманбека и Герды – для нее это уже четвертый приплод.

По словам руководителя отдела «Хищные млекопитающие» Гаухар Сергибаевой, медвежата родились в январе: «Малыши родились еще в январе, рождаются они слепыми, глухими и почти голыми. Примерно 3-4 месяца живут в домике и питаются молоком матери. Только сейчас мама начала выводить их в большой вольер. Герда уже опытная мамочка и отлично справляется со своими малышами».

Традиционно Алматинский зоопарк приглашает всех желающих принять участие в выборе имен для новорожденных – мальчика и девочки.
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан халқына» қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді.

Ләззат Шыңғысбаева:

➤ Қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткенін айтты.

➤ Қордың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ауқымды шаралар атқарып жатқаны жөнінде баяндады.

✔️Атап айтқанда, онкологиялық қызметке қолдау көрсетіліп, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен, соның ішінде сәулелік терапияға арналған қондырғылармен жабдықталды. Сондай-ақ өңірлерде оңалту инфрақұрылымы жаңғыртылып, мамандандырылған көмек көрсету жолға қойылды.

✔️Білім беру бастамаларына ерекше назар аударылып отыр. Гранттар тағайындалып, ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. STEM-білім беру мен цифрлық шешімдер секілді заманауи оқу бағдарламалары енгізілуде.

✔️Балалар мен жастардың қосымша және озық біліммен қамтылуына, жасанды интеллект саласын игеруіне баса мән берілген. Осы орайда аймақтарда білімнің қолжетімді болуына ден қойылған.

✔️Бұдан бөлек, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, инклюзивті спорт орталықтарын құру жобалары қолға алынған.

Мемлекет басшысы:

❗️Қайырымдылық шараларын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде іске асырудың маңызына тоқталып, бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По итогам дневных торгов 14 апреля средневзвешенный курс доллара составил 476.97 тенге, повысившись на 1.92

Официальный курс доллара Национального банка на 14 апреля составляет 474.90 тенге.

По данным kurs.kz на текущий момент, курс покупки доллара в обменниках Алматы равен 472.5 тенге, продажи – 477 тенге.
🇰🇿🇭🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы более 2 тыс. пешеходных переходов обновят в текущем году

В Алматы с началом теплого периода и строительного сезона в рамках обеспечения безопасности дорожного движения начаты работы по нанесению дорожной разметки. Об этом сообщили в управлении организации дорожного движения и пассажирского транспорта.

В текущем году по всему городу планируется обновить более 2 тыс. пешеходных переходов, что позволит повысить их видимость и снизить риски дорожно-транспортных происшествий.

Параллельно проводится нанесение продольной разметки, которая играет ключевую роль в распределении транспортных потоков, упорядочении движения и повышении пропускной способности улично-дорожной сети.

Общий объем работ составляет не менее 300 тыс. кв. м дорожной разметки. Нанесение осуществляется преимущественно в ночное время, что позволяет минимизировать влияние на трафик и обеспечить оперативное выполнение работ.

Работы проводятся поэтапно с учетом приоритетных участков, интенсивности движения и обращений жителей.
Экоакция по сбору просроченных лекарств пройдет в Алматы

ТОО «Eco Almaty» совместно с экологической организацией и при поддержке акимата Алматы приглашает жителей активно принять участие в проведении экологической акции по сдаче просроченных лекарственных средств и медикаментов. Акция пройдет 15 и 16 апреля текущего года.

Цель акции — предотвратить попадание опасных веществ в почву и воду. 
Население может сдавать просроченные лекарства (таблетки, мази, растворы) и другие медпрепараты в специально установленные экобоксы в поликлиниках.

Основные аспекты утилизации просроченных лекарственных средств

Просроченные лекарственные средства медицинские учреждения в установленном порядке направляют в специализированные предприятия для дальнейшей утилизации (уничтожения).
 
Не допускается выбрасывать лекарства с истекшим сроком годности в бытовые отходы или смывать в канализацию, так как это способствует развитию антибиотикорезистентности.
🎖️Шымкентте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыка саласы педагогтеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

– «Құрмет» ордені – Гүлфайруз Елжанова (№65 мектеп-гимназия, Ы.Алтынсарин ат.);
– «Ерен еңбегі үшін» медалі – Еркежан Намазова (№46 мектеп-лицей);
– «Алғыс» грамоты – Гүлзира Даржанова (№58 мектеп).
Қарағанды облысында «Уылдырық шашу» операциясы аясында 25 заңбұзушылық анықталды

Қарағанды облысында балық қорын сақтауға және су экожүйелерін қорғауға бағытталған «Уылдырық шашу» кең ауқымды операциясы белсенді фазада жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары балықтардың көбею кезеңінде биоалуантүрлілікті сақтау үшін су айдындарындағы бақылауды күшейтті.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 25 дерегін әшкереледі. Оның ішінде бір жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл шаралар браконьерлікпен күресуге және табиғи байлыққа келтірілетін зиянды азайтуға бағытталған.

Алайда бұл операция тек құқық бұзушыларды жазалаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, су айдындарының жағалауларын қоқыстан тазарту бойынша экологиялық сенбіліктер ұйымдастыруда. Жиналған пластик қалдықтар мен тұрмыстық қоқыстар өзен-көлдердің табиғи тазалығын қалпына келтіруге септігін тигізуде.

Тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділерінің мұндай бірлескен жұмысы өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға негіз болады. Бақылау шаралары балықтардың уылдырық шашу кезеңі аяқталғанша жалғаса бермек.
Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған автокортеж тізгіндеушілері жауапқа тартылды

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген салтанатты автокортеж құрықталды. Қозғалыс барысында жүргізушілер тобы қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өту және кері бағытта жүру сияқты өрескел заңбұзушылықтарға барған.

Бейнебақылау жүйелерінің көмегімен полицейлер қауіпті маневрлер жасаған барлық көліктерді жедел анықтады. Тәртіп сақшыларының араласуымен заңсыз әрекеттер тоқтатылып, кортеж құрамында болған 12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде екі жүргізушіге қатысты қамауға алу шарасы қолданылды.

Шымкент қаласының полиция департаменті кез келген мерекелік шара немесе әлеуметтік мәртебе жол ережесін бұзуға негіз бола алмайтынын ескертеді. Қалалық полиция басқармасының бастығы Нұрлан Мұқашев жолдардағы мұндай басынушылық деректері алдағы уақытта да қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында ең жоғарғы жазаға тартылатынын мәлімдеді.
Қарағандыда зейнеткерлердің сеніміне кіріп, ақшасын ұрлаған күдікті құрықталды

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері қарт адамдарға қарсы жасалған сериялық ұрлық деректерінің жолын кесті. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қоғамның ең осал санаты — зейнеткерлерді нысанаға алған 50 жастағы күдікті қолға түсті.

Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен: ол түрлі сылтаулармен қарттардың пәтеріне кіріп, алдымен олардың сеніміне ие болған. Жәбірленушілердің жиған-терген қаражаты қай жерде жатқанын анықтаған соң, ыңғайлы сәтті пайдаланып, ақшаны жымқырып кетіп отырған. Соңғы деректердің бірінде 83 жастағы қарағандылық кейуана алданғанын біліп, полицияға жүгінген. Қарияның күдіктінің сыртқы келбетін дәл сипаттап беруі тәртіп сақшыларына қылмыскердің ізіне түсуге үлкен көмек болды.

Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, жауап алу барысында оның тағы бір ұқсас қылмысқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілер күдіктіні бірден таныған, бұл тергеудің дәлелдік базасын нығайта түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция бұл азаматтың облыс аумағында орын алған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын мұқият тексеруде.

Қарағанды облысының полиция департаменті қарт адамдар мен олардың туыстарын сақ болуға, бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеуге және кез келген күдікті жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
🤬2
Алматы хостелдеріндегі тексеріс: мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласында хостелдер мен шағын қонақ үйлердің қызметін бақылауға бағытталған ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында 10-20 сәуір аралығында қаланың түкпір-түкпіріндегі орналастыру нысандарына рейд жүргізді.

Алматы қаласының полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, тексеру барысында 158 хостел мен 169 нысан қамтылып, нәтижесінде 1087 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі — 648 дерек көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты болса, 121 жағдайда шетелдіктердің елімізде болу ережелерін елемегені анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша сот шешімімен 4 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

Қоғамдық тәртіпті бақылау кезінде де бірқатар келеңсіздіктер жойылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкоголь ішудің 169 дерегі және қоғамдық тәртіпті бұзудың 139 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 62 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, 10 есірткі тұтыну дерегі бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Полиция департаментінің өкілдері мұндай тексерулердің тұрақты түрде жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл іс-шаралар қала қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз көші-қон мен қылмыстың алдын алуға бағытталған.
🔥2
Абай облысындағы колонияға киім ішіне жасырылған Wi-Fi-роутер өткізбек болғандар анықталды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталған адамға тыйым салынған электронды құрылғыны жеткізу әрекеті сәтсіз аяқталды. Тәртіп сақшылары пошта жөнелтілімдерін заманауи рентген жабдығымен тексеру кезінде күмәнді нысанды байқаған.

Мұқият тексеру барысында екі антеннасы бар Wi-Fi-роутердің киімнің ішіне арнайы жасырылғаны белгілі болды. Бұл сәлемдеме ұрлық қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 37 жастағы сотталған азаматқа бағытталған. Режим бөлімінің қызметкерлері құрылғыны дер кезінде тауып, тәркіледі.

Мекеменің режим бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрбек Рамазанов атап өткендей, заманауи техникалық құралдар мен жеке құрамның қырағылығы мұндай заңсыз әрекеттерді жүйелі түрде тоқтатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып, кінәлі тұлғаларды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қызылордада полицейлер өртеніп жатқан пәтерден екі баланы құтқарып қалды

Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған төтенше жағдайда тәртіп сақшылары ерекше батылдық танытты. Төртінші қабаттағы пәтердің балконынан басталған өрт аз уақыттың ішінде үй ішіне таралып, тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төндірді.

Оқиға орнына жақын жерде жүрген полиция қызметкерлері Қайсар Мамадалиев, Руслан Бауржанұлы және Нұржан Нағашыбай жағдайды көре салысымен, төтенше қызметтердің келуін күтпестен іске кірісті. Түтінге тұншыққан пәтерге еш ойланбастан кірген олар іште ұйықтап жатқан екі баланы анықтады. Полицейлер балаларды дереу оятып, қауіпті аймақтан қауіпсіз жерге алып шықты.

Тәртіп сақшылары балаларды құтқарып қана қоймай, қосымша күштер келгенше өрттің бетін қайтаруға әрекет етті. Кейіннен жеткен өрт сөндіру бөлімдері тілсіз жауды толық ауыздықтады. Полиция қызметкерлерінің осы бір жанқиярлық әрекеті мен батыл шешімі екі бірдей жасөспірімнің өмірін ажалдан арашалап, үлкен қайғының алдын алды.

Қазіргі уақытта балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жауапкершілігі тұрғындар тарапынан жоғары бағалануда.
Жаңаөзен тұрғыны пробация талаптарын бұзғаны үшін түрмеге кесілді

Жаңаөзен қаласында 24 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты бостандықты шектеу жазасы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотталған азамат қоғамнан оқшауланбай түзелу мүмкіндігін пайдаланбай, заң талаптарын жүйелі түрде бұзған.

Бұған дейін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша кінәлі деп танылып, 3,6 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Сот үкімімен оған пробациялық бақылау белгіленіп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту міндеттелді. Алайда, пробация қызметінің ескертулеріне қарамастан, ол өз міндеттерін орындаудан саналы түрде жалтарған.

Жазаның ауыстырылуына негіз болған заңбұзушылықтар:

▪️Электронды білезікті ажырату: Сотталған азамат өзіне тағылған бақылау құрылғысын әдейі өшіріп тастаған.
▪️Тәртіп бұзу: Түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмай, бақылау режимін бұзған.
▪️Еңбектен жалтару: Сот жүктеген 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысты өтеуден бас тартқан.

Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Нұрболат Бисенбай сотталған азаматтың түзелуге ниет танытпағанын атап өтті. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны қатаңдату туралы ұсыныс жолдады.

Жаңаөзен қалалық соты іс материалдарын қарап, өтелмеген 2,8 жыл жаза мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сотталған азамат сот залында бірден қамауға алынып, енді жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Тәртіп сақшылары бостандықты шектеу жазасының талаптарын елемеу міндетті түрде темір торға тоғытуға әкеп соғатынын ескертеді.
Курс валют 15 апреля составляет:

USD / KZT — 476.97 (доллар США)
EUR / KZT — 562.59 (евро)
RUB / KZT — 6.27 (российский рубль)
CNY / KZT — 69.98 (китайский юань)
GBP / KZT — 646.68 (фунт стерлингов)
AED / KZT — 129.90 (дирхам ОАЭ)
KGS / KZT — 5.45 (кыргызский сом)
TRY / KZT — 10.66 (турецкая лира)
UAH / KZT — 10.96 (украинская гривна)