Almaty TV
4.39K subscribers
19.5K photos
3.99K videos
26 files
11K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
Жәнібек ауданында Сұлтан Бисекенов атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылындағы Тайыр Жароков атындағы мектепте болашақ тәртіп сақшыларын тәрбиелейтін «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа сыныпқа Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, үш мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Сұлтан Бисекеновтің есімі берілді.

Бұл бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және полиция мамандығының беделін нығайтуға бағытталған. Сұлтан Бисекенов — еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, бөлімше бастығына дейін көтерілген, ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған тұлға. Оның есімі жас буын үшін мінсіз қызмет пен батылдықтың нышаны болмақ.

Жаңа сыныптың қатарына 15 мектеп оқушысы қабылданды. Енді олар негізгі пәндермен қатар, құқық қорғау саласына қатысты арнайы бағдарлама бойынша білім алып, сала ардагерлерімен кездесулерге және патриоттық іс-шараларға қатысатын болады.

Салтанатты шараға БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Ергарин, аудан басшылығы, ардагерлер мен ұстаздар қатысты. Жәнібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мейрамхан Бапахов өз сөзінде бұл жобаның болашақ мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында құрылыс қалдықтарын заңсыз тастағандар анықталды

Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында шаһардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі рейдтер жалғасуда. Тәртіп сақшылары қала тазалығын сақтаумен қатар, экологиялық заңнама талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алды.

Кезекті тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарының бірінде қалдықтарды заңсыз жинау дерегін әшкереледі. Құрылыс жүргізуші компанияның белгіленген санитарлық нормаларды сақтамай, қоршаған ортаны ластағаны анықталып, заң бұзушыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай шаралар тек айыппұл салуды ғана емес, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында жауапкершілікті қалыптастыруды көздейді. Санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау тұрақты негізде жүргізілетін болады. Құқық қорғау органдары елорда тұрғындары мен бизнес өкілдерін қоршаған ортаға ұқыпты қарап, «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауға шақырады.
Қостанай облысында учаскелік инспектор газға уланған тұрғынды ажалдан арашалап қалды

Қостанай облысының Фурманов ауылында адам өміріне қауіп төнген төтенше жағдай орын алды. Жылыту пешінің ақаулығы салдарынан көмірқышқыл газына уланған 54 жастағы ауыл тұрғыны ауыр халде қалған. II топтағы мүгедектігі бар азаматтың өмірі қыл үстінде тұрған сәтте учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Дархан Турғанов көмекке келді.

Тәртіп сақшысының жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында зардап шеккен ер адам ажалдан аман қалып, Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді. Ауыл тұрғындары мен оқиға куәгерлері полицейдің шапшаңдығына тәнті болып, шексіз ризашылықтарын білдіруде. Майор Дархан Турғанов болса, бұл әрекетін ерлік емес, әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған тікелей қызметтік міндеті деп санайды.

Айта кетерлігі, Дархан Турғанов ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Ол бұған дейін де боран кезінде адам өмірін құтқарғаны үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері тұрғындарды жылыту жүйелерінің жағдайына бейжай қарамауға шақырады. Мамандар пештің техникалық ақауларын уақтылы тексеріп, көмірқышқыл газынан сақтану ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Қарағанды студенттеріне қоғамдық орындарда бет-жүзді жабуға қатысты заң талаптары түсіндірілді

Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқу орындарында қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты профилактикалық кездесулер өткізуде. Негізгі мақсат — студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жаңа талаптардың мән-жайын ұғындыру.

Кездесулер барысында тәртіп сақшылары 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстан аумағында қоғамдық орындарда адамның жеке басын тануға кедергі келтіретін, бет-жүзді жауып тұратын киім элементтерін киюге заңмен тыйым салынғанын хабарлады. Бұл норма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізіліп, ресми күшіне енді.

Заңның маңызды тұстары мен ерекшеліктері:

▪️Діни киімдерге қатысты: Хиджаб, шейла, химар, әл-амира секілді бет-жүзді толық жаппайтын діни киім элементтеріне бұл тыйым қолданылмайды.
▪️Рұқсат етілген жағдайлар: Бетті жабуға ауа райының қолайсыздығы (қатты аяз және т.б.), медициналық көрсеткіштер (маска тағу), қызметтік міндеттерді атқару, азаматтық қорғау шаралары, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде рұқсат етіледі.

Полиция қызметкерлері оқу орындары мен адамдар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жастарға ақпараттық парақшалар таратылып, заң талаптарын бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ескертулер жасалды. Тәртіп сақшылары студенттерді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл қадамдарға түсіністікпен қарап, заңды қатаң сақтауға шақырды.
Петропавлда «Ұрлыққа жол жоқ» акциясы аясында мүлікті қорғау шаралары күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында мүлік ұрлығының алдын алуға бағытталған «Ұрлыққа жол жоқ: мүлкіңді қорға!» атты ауқымды профилактикалық акция өтті. Петропавл қаласында ұйымдастырылған бұл шараға прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері және белсенді еріктілер жұмылдырылды.

Акция қатысушылары халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарды аралап, тұрғындарға жеке мүлікті сақтаудың тиімді жолдары жазылған ақпараттық жадынамалар таратты. Негізгі назар велосипед, ұялы телефон және өзге де құнды заттарды ұрлықтан қорғауға аударылды. Тәртіп сақшылары азаматтарға мүлікті қараусыз қалдырмау, сенімді құлыптар мен заманауи қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін түсіндірді.

Мұндай жүйелі профилактикалық жұмыстар облыстағы криминогендік ахуалдың жақсаруына оң ықпал етуде. Мәселен, биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өңірде тіркелген ұрлық саны өткен жылғы 161 деректен 116-ға дейін азайған. Әсіресе ұялы телефон ұрлығы 18%-ға төмендеп, бұл қылмыстардың ашылу көрсеткіші 92%-ға жетті.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатқан бұл іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов құқық бұзушылықтың алдын алу — полиция мен қоғамның бірлескен міндеті екенін, ал тұрғындардың қырағылығы қауіпсіз орта қалыптастырудың негізі екенін атап өтті.
🚨 Қазақстанда үш айда 34 есірткі зертханасы жойылды: 3 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Биылғы жылдың алғашқы үш айында елімізде 34 жасырын есірткі зертханасы жойылды.

Олардың 10-ы синтетикалық есірткі өндіруге арналған болса, 24-і фитозертхана болған. Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары ұйымдастырған екі бірдей есірткі зертханасы әшкереленді. Онда арнайы жабдықтар, химиялық реагенттер және дайын өнімдер тәркіленді. Күдіктілер өз әрекеттерін DarkNet арқылы жүргізген.

Жалпы, заңсыз айналымнан шамамен 3 тонна есірткі тәркіленген. Оның ішінде 840 келісі — синтетикалық заттар. Бұл көлем 3 миллионнан астам бір реттік дозаға тең.

Сонымен қатар 11 тонна прекурсордың айналымға түсуіне жол берілмеді. Есірткі бизнесіне келтірілген жалпы шығын 29 миллиард теңгеден асты.

Қаржылық арналарды бұғаттау бағытында да нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде 6 мыңға жуық қазақстандық және 108 мың шетелдік банк шоттары бұғатталып, олар бойынша барлық операцияларға шектеу қойылды. Сонымен қатар 93 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Құзырлы органдар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Курс валют 13 апреля составляет:

USD / KZT — 473.13 (доллар США)
EUR / KZT — 554.08 (евро)
RUB / KZT — 6.13 (российский рубль)
CNY / KZT — 69.29 (китайский юань)
GBP / KZT — 636.36 (фунт стерлингов)
AED / KZT — 128.83 (дирхам ОАЭ)
KGS / KZT — 5.41 (кыргызский сом)
TRY / KZT — 10.59 (турецкая лира)
UAH / KZT — 10.89 (украинская гривна)
В Алматы пройдет акция по сбору просроченных лекарственных средств

Жителей Алматы приглашают принять участие в экологической акции по сдаче просроченных и неиспользованных медикаментов, которая состоится 15–16 апреля 2026 года. Об этом сообщили в ТОО «Eco Almaty».

Сдать лекарства можно будет в специальные контейнеры (экобоксы), установленные в городских поликлиниках.

Цель акции - предотвратить попадание опасных веществ в почву и водные ресурсы, а также обеспечить безопасную утилизацию медицинских препаратов.
Алматы қаласының Алатау ауданында №29 қалалық емхана базасында МСАК (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) үздік тәжірибелер орталығы ашылды

Алматы қаласында №29 қалалық емхана базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) үздік тәжірибелер орталығының ашылуы өтті. Іс-шараға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов пен Алатау ауданының әкімі Данияр Кирикбаев қатысты.

Жаңа орталық халықаралық халық денсаулығы үшін стандарттарды енгізу, цифрландыру және кешенді көзқарасты дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
№29 қалалық емхана өзіне тіркелген 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді, олардың 47%-ы – балалар. Қызмет көрсету аумағы 22,6 км-ді қамтиды.

Мұнда 40 отбасылық медицина учаскесі мен 24 бейінді маман жұмыс істейді. Тіркелген халықтың едәуір бөлігін көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар құрайды.
🔴 Пробки на границе Казахстана: перед пунктами пропуска обустроят парковки на 200 машин

Минтранспорта разработало типовые требования к сервисным зонам ожидания. Проектирование учтёт географию, пропускную способность, трафик, рельеф и климат. Схема обеспечит безопасное маневрирование и разделение потоков.

🗣Зоны включают три блока:
🟢Парковка: раздельное стояние грузового и легкового транспорта, электронная очередь, минимум 200 мест для грузовиков.
🟢Коммерческая: сервис для водителей.
🟢Административная: оператор и госорганы.

Требования к оснащению: автоматизированный контроль, распознавание номеров, интеграция с госсистемами, безопасность, связь и интернет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍1
✉️ Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Республики Ирак

🇰🇿🇮🇶Касым-Жомарт Токаев поздравил Низара Амиди с избранием на пост Президента Ирака.

Глава нашего государства пожелал успехов в реализации его политических инициатив, направленных на обеспечение процветания Ирака и его народа.

Президент Казахстана также выразил уверенность в том, что двустороннее сотрудничество, основанное на узах традиционной дружбы и взаимной поддержки, будет и впредь развиваться.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматинский гимнаст Милад Карими завоевал серебро этапа Кубка мира в Хорватии

Алматинский гимнаст Милад Карими успешно выступил на этапе Кубка мира по спортивной гимнастике в городе Осиек (Хорватия). Об этом сообщили в управлении спорта Алматы.

Спортсмен завоевал серебряную медаль в упражнениях на перекладине. В финале Милад Карими набрал 14,933 балла, продемонстрировав высокий уровень подготовки и стабильность выступления.

Победителем стал представитель Тайбэя Тан Цзяхун с результатом 15,233 балла, третье место занял колумбиец Анхель Барахас (14,833 балла).

Также на этапе Кубка мира отличились другие алматинские спортсмены: Зейнолла Идрисов стал серебряным призером в упражнениях на коне, а Нариман Курбанов завоевал бронзовую медаль.
🏆1
Наурызбай ауданы 500 шақырымнан астам жарық желісін тартпақ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ауданның қалай абаттанып, көше жарығын қалай дамытып жатқаны жөнінде баяндады.

«Жол жөндеумен қатар, біз көше жарығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бүгінде Наурызбай ауданының аумағы 95% жарықтандырылған. Жалпы жарық нүктесінің саны 26,5 мыңды құрайды, желілердің ұзындығы 500 шақырымнан асады», — деді Назира Тоғызбаева.

Оның айтуынша, «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі 573 жарық тірегі орнатылған. Оның 465-і жұмыс істеп тұрса, 108-ін әлі орнатып жатыр.
1
Снял арест со счета: в Алматы осудили частного судебного исполнителя
 
🗣 Прокуратурой Наурызбайского района города Алматы установлено, что судебный исполнитель незаконно снял ранее наложенный арест с банковского счета должника, где имелись деньги для погашения задолженности.

Этим он причинил взыскателю материальный ущерб на сумму 35,6 млн тенге.    

⚖️ Приговором суда, ЧСИ признан виновным и осужден к штрафу в размере 2000 МРП с лишением правазаниматься деятельностью судебного исполнителя (приговор не вступил в законную силу).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Более 5,5 тысячи квартир выдали социально уязвимым и 3 тысячи человек получили АСП в Наурызбайском районе Алматы

В Наурызбайском районе Алматы усиливается работа по социальной поддержке населения. Об этом на брифинге Региональной службы коммуникаций сообщила аким района Назира Тогизбаева.

За последние пять лет свыше 5,5 тысячи квартир были выданы акиматом города Алматы гражданам из социально уязвимых категорий. В их числе многодетные семьи, пенсионеры, люди с инвалидностью и другие категории.

С начала года адресная социальная помощь оказана более чем 3 тысячам человек на сумму 71,7 млн тенге. Дополнительно почти 1 200 нуждающихся получили помощь на 61 млн тенге.
1
Новые школы на 1200 мест и еще три объекта социнфраструктуры появятся в Наурызбайском районе Алматы

В Наурызбайском районе Алматы продолжается активное расширение социальной инфраструктуры на фоне ежегодного прироста населения. Об этом сообщила аким района Назира Тогизбаева на брифинге на площадке Региональной службы коммуникаций.

В 2025 году введены три школы на 5 500 мест. В 2026 году уже открыта новая школа на 1200 мест в жилом комплексе Alem City . Дополнительно в текущем году планируется запуск еще двух школ - в «Алма Сити-3» и пристройки к школе №174 на 375 мест.

Продолжается развитие дошкольной инфраструктуры. В районе функционируют 168 детских садов (государственных - 6, 162 частных), охватывающих около 10 тысяч детей. До конца 2026 года планируется завершить строительство еще трех детсадов на 320 и 240 мест.
3
🇰🇿✈️ До 2028 года в Казахстане построят четыре новых аэропорта, также планируют модернизацию в пяти городах, сообщила пресс-служба правительства республики

Добавили по авиатопливу: на сегодня цена в аэропортах за тонну составляет $800, сообщили на совещании премьеру Казахстана Олжасу Бектенову.

В соседних странах, где летают казахстанские авиакомпании, цены варьируются от $1200 до $1300, сообщал в январе "КазМунайГаз – Аэро".
Алматы ғылыми әлеуетін нығайтуда: Satbayev International Conference 2026 жиынында климаттық технологиялар талқыланды

Ғылым қызметкерлері күніне және көрнекті академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған форум Қазақстанның энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігінің болашағын талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Салтанатты іс-шара Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Жиын ашылуында сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов бүгінде ғылым теория ғана емес, қаланы дамытудың басты құралына айналып отырғанын атап өтті.
36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жүйелі қолдау шаралары жүзеге асырылуда. «Алматы» ӘКК 36 кәсіпкерге қызметін жүргізу үшін бос тұрған тұрғын емес үй-жайларды ұсынды.

Нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға берілген. Жалға алу құны 1 шаршы метр үшін 0,1 АЕК немесе 2026 жылы көрсеткіш бойынша 432,5 теңге болады. Бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан едәуір төмен.
В Алматы подвели итоги отопительного сезона и определили задачи на следующий период

В акимате Алматы под председательством акима города Дархана Сатыбалды состоялось совещание по итогам прохождения отопительного сезона 2025–2026 годов и подготовке к следующему осенне-зимнему периоду.

В ходе совещания заслушаны отчёты предприятий тепло- и энергетического комплекса города. Отмечено, что отопительный сезон прошел в штатном режиме. Системы жизнеобеспечения функционировали стабильно, аварийные службы обеспечивали оперативное реагирование на внештатные ситуации.

По информации управления энергетики и водоснабжения города, за отопительный период зафиксировано снижение количества технологических нарушений по ряду направлений. В частности, количество повреждений на тепловых сетях сократилось до 276 случаев, на сетях водоснабжения - до 434, на газовых сетях - до 153.

Уровень износа тепловых сетей составляет 53,9%, электрических сетей - 63,3%, котельного оборудования - свыше 63,5%.
✍️Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асет Жеңісұлы Исенали
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.