Almaty TV
4.37K subscribers
19.5K photos
4K videos
26 files
11K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан рет қирағанымен қайта қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бекініс аумағында Бұхара мемлекеттік музей-қорығы орналасқан.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.

Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы тауларында құтқарушылар жастарға көмек көрсетті

Құтқару қызметіне «Горельник» шатқалындағы «Орлиное гнездо» бақылау нүктесінің маңында өздігінен төмен түсе алмай қалған жігіт пен қыз туралы хабар түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел түрде жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жастар табылды. Анықталғандай, олар иттердің немесе басқа жануарлардың ұлығанына ұқсас дыбыстардан қорқып, көмек сұраған.

Жастар тауға тиісті киім мен қажетті жабдықсыз шыққан, бұл олардың өздігінен түсуін қиындатқан.

Құтқарушылар оларды Медеу бөгетіне дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, операция аяқталғаннан кейін олар өздінінен кетіп қалды.
3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Полиция напоминает, что в общественных местах запрещено ношение одежды, затрудняющей идентификацию личности и полностью закрывающей лицо.

Данная мера направлена на обеспечение общественной безопасности и оперативную, точную идентификацию граждан.

Открытость — это не просто требование, а гарантия безопасности каждого гражданина.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті еліміздің православ қауымы!

Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды.

Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.

Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі.

Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін.

Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!
2
Курс валют на 12 апреля 2026

USD / KZT — 473.13 (доллар США)

EUR / KZT — 554.08 (евро)

RUB / KZT — 6.13 (российский рубль)

CNY / KZT — 69.29 (китайский юань)

GBP / KZT — 636.36 (фунт стерлингов)

AED / KZT — 128.83 (дирхам ОАЭ)

KGS / KZT — 5.41 (кыргызский сом)

TRY / KZT — 10.59 (турецкая лира)

UAH / KZT — 10.89 (украинская гривна)
Алматы тауларында құтқару үйшігі боранды аман өткеруге көмектесті

Құтқару қызметіне Терра алаңында екі қыздың боран мен қатты қардың салдарынан таудан өздігінен түсе алмай отырғаны туралы хабар түсті.

Көмекке «ҮАШ» БҚП құтқарушыларының экипажы жедел түрде шықты. Күрделі ауа райы жағдайында мамандар көрсетілген аумаққа тез жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады.

Көп ұзамай құтқарушылар егіз қыздарды тапты. Анықталғандай, ауа райы күрт нашарлаған кезде олар құтқару үйшігіне паналап, боранды сол жерде күтіп, құтқарушылар келгенге дейін тоңып қалудан аман қалған.

Одан кейін топ таудан төмен түсуді бастап, қыздарды «Алма-Арасан» тұрақ аймағына дейін аман-есен жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Космический путь Казахстана: от первых орбит до экспорта высоких технологий

Путь Казахстана к звёздам — это становление технологического суверенитета. Начало положил полёт Тохтара Аубакирова в 1991 году, продолжили Талгат Мусабаев и Айдын Аимбетов с научными миссиями на МКС.

Сегодня космос стал частью экономики: в Астане действует СбИК КА, Казахстан создаёт собственные спутники, выполняет экспортные заказы и развивает ракетные технологии.

Экономический эффект за 5 лет — 977 млрд тенге. Спутники KazSat обеспечивают связь, а космические решения применяются в образовании, безопасности и транспорте.

Страна участвует в миссиях NASA, развивает систему SSA и готовится к лунным проектам.

Модернизация Байконура и проект «Байтерек» подтверждают долгосрочную стратегию развития отрасли.
Благодатный огонь доставили в Алматы

В Казахстан Благодатный огонь из Иерусалима доставил протоиерей Игорь Светличный, клирик Свято-Никольского собора Алматы.

В Великую субботу накануне Пасхи в храме Гроба Господня сошел Благодатный огонь. По многовековой традиции, частицу огня раздали всем молящимся в храме. Присутствие верующих на церемонии стало возможным благодаря временному перемирию на Ближнем Востоке.

Сегодня частички огня развезут по православным храмам и раздадут всем желающим.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көктем келісімен қала гүлдеп, жаңа кейіпке енеді

2026 жылы қаладағы гүлдендіру жұмыстары бұрынғыдан да кең ауқымда жүргізілуде.
Жалпы аумағы 387 мың шаршы метрден астам гүлзарлар жасақталып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға артық.

Қалада біржылдық және көпжылдық гүлдер, сәндік бұталар отырғызылып,
мыңдаған тік көгалдандыру элементтері орнатылуда.

Ал көктемнің ең әсем белгісі - қызғалдақтар. Олар 20 мың шаршы метрден астам аумаққа отырғызылып.

Бұл - жай ғана көгалдандыру емес, бұл - қаланың көңіл күйі.
1
Қазақстанда ғалымдар қанша табыс табады

Бұрын базалық қаржыландыру тек әкімшілік қызметкерлердің жалақысы мен ғимараттарды ұстауға жұмсалып, ғалымдардың табысы жобаларға тәуелді болды.

Қазір жағдай өзгерді: жобалар табысқа әсер етеді, бірақ жалғыз көз емес. Мысалы, «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша постдокторанттар 3 жыл бойы айына шамамен 500 мың теңге алады.

Мемлекет ғылымды қаржыландыруды арттыруда: 2019–2024 жылдары шығындар 82,3 млрд-тан 219,7 млрд теңгеге дейін өсті. 2024–2026 жылдарға бюджет – 703,6 млрд теңге (+9%), оның 56,2 млрд-ы гранттарға бөлінген.
250 ғылыми ұйым Web of Science, Scopus және ScienceDirect базаларына қол жеткізді. Елде 2297 ғылыми жоба, 299 ғылыми-техникалық бағдарлама және 206 коммерцияландыру жобасы іске асуда.

Жас ғалымдар саны артып келеді, оларға білім беру, тағылымдама және зерттеу мүмкіндіктері ұсынылған.
Жалпы, Қазақстанда ғылым зерттеу мен нәтижеге негізделген қаржыландыруды қатар қамтиды, ал табыс деңгейі гранттарға, біліктілікке және бағытқа байланысты.
⚡️Попытка продажи опасного вещества пресечена в Алматинской области

В ходе спецоперации задержан 28-летний житель Туркестанской области, который пытался сбыть около 3 килограммов ртути на сумму 100 млн тенге.

👮‍♂️ По информации начальника ДП региона Мейрама Абикеева, подозреваемый водворён в ИВС.

🔬 На месте сделки изъято вещество — металлическая ртуть, находившаяся в стеклянной колбе. Операция проведена при координации прокуратуры области совместно с ДКНБ.

⚠️ Ртуть относится к особо опасным токсичным веществам. Её пары могут вызывать тяжёлые отравления, поражение нервной системы и представляют серьёзную угрозу как для человека, так и для окружающей среды.

🔎 Проводится досудебное расследование.
Двумя медалями отметилась мужская команда Казахстана по спортивной гимнастике на этапе Кубка мира в Хорватии

В Осиеке наши гимнасты завоевали награды в упражнениях на коне – на вторую ступень пьедестала поднялся Зейнолла Идрисов, набрав в финале 14,600 балла. Третье место занял Нариман Курбанов – 14,000. Победу одержал Гамлет Манукян из Армении – 14, 733.
ТЖМ ескертеді: балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек

Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі балалардың ересектердің қарауынсыз қалуынан болады
Почти три тонны наркотиков изъяли в Казахстане с начала года

По данным МВД, за три месяца в стране ликвидировали 34 подпольные нарколаборатории. Из них 10 занимались производством синтетических наркотиков, еще 24 — фито.

В МВД привели в пример Талдыкорган, где граждане ближнего зарубежья организовали сразу две нарколаборатории. Во время операции у них изъяли оборудование, реагенты и готовую наркотическую продукцию. Действия подозреваемых координировались через DarkNet.

Как отметили в ведомстве, изъятый объем наркотиков составляет свыше трех миллионов разовых доз. Ущерб наркобизнесу, по оценке МВД, превысил 29 миллиардов тенге.

Также полиция не допустила использование 11 тонн прекурсоров для изготовления синтетических наркотиков. Кроме того, заблокированы около шести тысяч казахстанских и 108 тысяч иностранных карт-счетов, по которым ограничили все виды транзакций. На счетах заморозили 93 миллиона тенге.

В МВД отметили, что работа в этом направлении продолжается.
Спустя два года восстановили разрушенный паводком мост в Абайской области

В Абайской области отремонтировали мост, который два года назад разрушил паводок, сообщает акимат региона.

"Мост, ведущий в село Тассай Кокпектинского района, разрушил весенний паводок 2024 года, в результате чего транспортное сообщение было прервано на два года. Жителям села приходилось добираться в объезд через село Карагандыкөл, увеличивая путь на 120 км. По поручению акима области Берика Уали проведены конкретные работы по восстановлению важного инфраструктурного объекта", – говорится в сообщении.

Движение транспорта по мосту, ведущему в село Тассай, возобновили.

Кроме того, руководитель подрядной организации Канат Сакан за счёт собственных средств планирует выполнить асфальтирование участка от моста до автодороги республиканского значения. Полное завершение проекта и ввод нового моста в эксплуатацию запланированы до конца года.
👍1
🌦 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі

Еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтілсе, Ақтау қаласында бұршақ аралас қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +13...+15°C болады.

Алматы қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C шамасында болады.
Қазалыда көшеге қоқыс тастағандар дрон арқылы әшкереленуде

Қызылорда облысының Қазалы ауданында қоғамдық тазалықты сақтау жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен жаңа деңгейге көтерілді. Тәртіп сақшылары көше бойына және белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу деректерін анықтау үшін дрондарды қолдануды бастады. Әуеден жүргізілген мониторинг полицияға жасырын жерлердегі заңбұзушылықтарды жедел тіркеп, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беруде.

Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдегі санитарлық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-2-бабы) 54 азаматқа айыппұл салынды. Сонымен қатар, абаттандыру қағидаларын бұзу (505-бап) бойынша 774 ескерту беріліп, тазалық талаптарын елемегендерге тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция қызметкерлері заманауи техниканың көмегімен бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін ескертеді. Мамандардың айтуынша, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау қоршаған ортаға зарар келтіріп қана қоймай, заң алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады. Сондықтан тәртіп сақшылары әрбір тұрғынды тазалықты сақтауға және туған өлкенің табиғатына жанашырлықпен қарауға шақырады.
Жетісу облысында 25 миллион теңге талап еткен бопсалаушы құрықталды

Жетісу облысында жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, ірі көлемде ақша бопсалаған Ескелді ауданының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу мәліметінше, күдікті жәбірленушімен бұрын болған жеке қарым-қатынасын пайдаланып, заңсыз пайда табуды көздеген. Ол арадағы байланыс үзілген соң, қолда бар жеке ақпараттарды мессенджер арқылы таратып, жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретінін айтып қорқытқан.

Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін күдікті психологиялық қысымның ерекше әдісін қолданған. Ол «құпиялылық туралы келісім» ретінде рәсімделген жалған құжат дайындап, жәбірленушіден үшінші тұлғаның шотына 25 миллион теңге аударуды талап еткен. Жәбірленуші мұндай қомақты қаражаты жоқ екенін айтқанына қарамастан, бопсалаушы өз талабынан қайтпаған. Қорқыту мен үздіксіз қысымнан соң жәбірленуші 200 мың теңге аударуға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде мүлікті иемдену мақсатында жасалған бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Жетісу облыстық полиция департаменті цифрлық кеңістіктегі кез келген бопсалау әрекеті заңмен қатаң жазаланатынын ескертеді. Тәртіп сақшылары мұндай жағдайға тап болған азаматтарға ақша аудармай, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Жәнібек ауданында Сұлтан Бисекенов атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылындағы Тайыр Жароков атындағы мектепте болашақ тәртіп сақшыларын тәрбиелейтін «Жас сақшы» мамандандырылған сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа сыныпқа Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, үш мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Сұлтан Бисекеновтің есімі берілді.

Бұл бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және полиция мамандығының беделін нығайтуға бағытталған. Сұлтан Бисекенов — еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, бөлімше бастығына дейін көтерілген, ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған тұлға. Оның есімі жас буын үшін мінсіз қызмет пен батылдықтың нышаны болмақ.

Жаңа сыныптың қатарына 15 мектеп оқушысы қабылданды. Енді олар негізгі пәндермен қатар, құқық қорғау саласына қатысты арнайы бағдарлама бойынша білім алып, сала ардагерлерімен кездесулерге және патриоттық іс-шараларға қатысатын болады.

Салтанатты шараға БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Ергарин, аудан басшылығы, ардагерлер мен ұстаздар қатысты. Жәнібек ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мейрамхан Бапахов өз сөзінде бұл жобаның болашақ мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында құрылыс қалдықтарын заңсыз тастағандар анықталды

Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында шаһардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі рейдтер жалғасуда. Тәртіп сақшылары қала тазалығын сақтаумен қатар, экологиялық заңнама талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алды.

Кезекті тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарының бірінде қалдықтарды заңсыз жинау дерегін әшкереледі. Құрылыс жүргізуші компанияның белгіленген санитарлық нормаларды сақтамай, қоршаған ортаны ластағаны анықталып, заң бұзушыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай шаралар тек айыппұл салуды ғана емес, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында жауапкершілікті қалыптастыруды көздейді. Санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау тұрақты негізде жүргізілетін болады. Құқық қорғау органдары елорда тұрғындары мен бизнес өкілдерін қоршаған ортаға ұқыпты қарап, «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауға шақырады.